Бүгін жұма ғой. Бояннндар жариялайтын күн. Өзім бұрыннан блог жүргізіп жүрмеген соң, Youtube-тен тауып алған бір видеоны бөлісейін деп едім.
Бұл өзі — Одессада өткен «Большая разница» халықаралық пародия фестивалінен үзінді. Сонда бір жынды пяншік баян тартып шығыпты (тура мағынасында). Гармонь тартып шыққан болуы мүмкін екенін де жоққа шығармаймын (музыкалық аспаптардың осы бір түрін ажырата алмаушы едім). Опшым, жасаған номері ұнап қалды нақ
Бүгін Еуро-2012 іріктеу матчтары жалғасады. Біздің қарсыласымыз Бельгия құрамасы. Бұрын Бельгиямен олардың алаңында тең ойнағанымыз бар еді, бұл жолы қалай болатынын көреміз. Букмекерлердің айтуынша біз таза жеңілеміз:
Тәуелсіздіктің 20 қаһарманын анықтайық. Бұл анкетаға қатысу үшін маған жеке хат арқылы 1991-2011 жылдары аралығында елімізге еңбегі сіңген 10 адамның тізімін жібересіз. Хаттар 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Есімдері көп аталған адамдар жинаған ұпайлары бойынша реттеледі. Анкетаңыз құпия күйінде қалады, еш жерде жарияланбайды.
Ұнамайды:
-«айланып», "ұрсысу" деп айтатын-жазатын адамдар;
— фантастика қарап отырып: «мынауы таза өтірік енді!» деп каммент айтатын жасы қырықтан асқан мәмбеттер;
— кино қарап отырғанда сөйлейтіндер;
— қазақша жұмбақтар мен ертегілер;
— орысшадан аударылған әнектер;
— әлемдегі оқиғаларға байланысты ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің мәлімдемелері;
… Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне…
Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге “Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун” дегенді, яғни “Алладан келдік және оған қайтамыз” деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да “Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” деп кетіпті ғой.
… Дегенмен! Сондай бір тұлғалар болады. Өмірі көрмегенсің, өмірі естімегенсің, ауқаттас болып, сырласпағансың, бірақ ол туралы естігеннен-ақ кәдімгідей қобалжып бастайсың. Бәлкім менің бұл жағдайымды Майкл Джексонның фанаттары түсінер. Ол кісі өлгенде мен анау айтқандай қайғыра қоймағам. “Адам болған соң өлед тағы?” деп. Енді міне, өзім солардың күйін кешіп отырмын. “Стив Джобс өлді” деген сөз ауыр естіледі екен…
Құрметті Алматылықтар мен қала қонақтарының назарына қаламызда болатын келесі қызықты іс-шаралар туралы қысқаша мәліметті ұсынамын.
1. 8-қазан күні Love Radio Астана алаңында өз туған күнін тойлайды. Күздің салқын кешінде ескі алаңға барып көңіл көтерсеңіз, денсаулығыңызға өте пайдалы. Туылған күн иелерін құттықтауға DJ Smash, Arash, Quest Pistols және отандық эстрадамыздың жұлдыздары да келеді. Солармен бірге сүйікті радиомыздың кешінде көңіл көтерейік! Кештен соң ұйымдастырушылар керемет фейерверк уәде етіп отыр. Не деген позитифффф!!!