“Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” һәм Стив Джобс бақилық
Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун
Алладан келдік және оған қайтамыз! (Бақара сүресі, 156-аят)
Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
… Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне…
Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге “Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун” дегенді, яғни “Алладан келдік және оған қайтамыз” деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да “Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз” деп кетіпті ғой.
… Дегенмен! Сондай бір тұлғалар болады. Өмірі көрмегенсің, өмірі естімегенсің, ауқаттас болып, сырласпағансың, бірақ ол туралы естігеннен-ақ кәдімгідей қобалжып бастайсың. Бәлкім менің бұл жағдайымды Майкл Джексонның фанаттары түсінер. Ол кісі өлгенде мен анау айтқандай қайғыра қоймағам. “Адам болған соң өлед тағы?” деп. Енді міне, өзім солардың күйін кешіп отырмын. “Стив Джобс өлді” деген сөз ауыр естіледі екен…
Бәлкім бұл менің осы компаниядан, яғни Стивтің қолынан шыққан екі бірдей өнімді сүйсіне қолданып жүргенімнен болар? Ол кісінің инженерлерге қойған талабы – “үш батырма арқылы компьютердің ішіндегі қалаған настройкама жету керекпін”. Айтқанындай, құрылғылары қарапайым, сапалы, әдемі! Биыл дәл осы Стив Джобс өмірге әкелген iPad арқылы Стив туралы “Икона” деген кітап оқыған болатынмын. Өмірі қарама-қайшылыққа толы. керек кезінде аярлық та жасаған, батырлық та жасаған. Билікке жету үшін сататын кезде сатқан, сатпаған кезінде отырып жылаған. Ия-ия, кәдімгідей қорсылдап жылайтыны бар екен. Бірақ, кім қалай деп жамандаса да бұл кісінің ешкім айыра алмайтын мінезі бар.
Ал енді Стив өткізген презентацияларды айтсаңыз… Ағылшыншам мықты болмаса да оның iPhone4-ті таныстырған бір сағаттық тұсаукесуін youtube-тан тапжылмай отырып қарағаным әлі есімде. Күні кеше iPhone-ның 4s деген үлгісінің таныстырылымын ол өзі орнына қойып кеткен Тим Кук өткізді. Бүкіл әлемнің көңілі толмағаны өз алдына, лезде Apple компнаиясының қор биржаларындағы акциялары құлдырап сала берді. Міне саған, презентацияның бизнеске әсері.
Айналасына от шашып тұратын адамдар болады. Стив Джобс тек айналасына ғана емес, мұхиттың ар жағындағы мен сияқтыларға да от шашып кетті. Ол өмірге әкелген қағида жазылған кезде грамматикалық тұрғыда қате болатын. “Өзгеше ойлан!” яғни “Think different” деп кетті. Грамматика жағынан дұрысы – “Think differently” болатын. Бірақ ол өзінің қатесін бүткіл әлемге мойындата білді. Ғалам ”Think different” деп кетті.
1976 жылы Apple компаниясын бірге бастаған Стив Возняк деп аталатын келесі бір гений оның досы болатын. Айтушылар, “мына Джобс сол Вознякті пайдаланып кетті” дейді. Рас болар. Қалай болғанда да Стивтің сол тірліктерін біз қайталаған күннің өзінде ол жеткен жетістікке жете алмаспыз. Өйткені, ол Стив Джобс!
Оның құрған компаниясы Apple нарықтағы құны 350 миллиард болатын IT-әлеміндегі ең ірі компаниялардың бірі. 2010 жылы ол Microsoft-ты да басып озған етін. Қазіргі таңда Apple компаниясы Mac компьютерлерін, MacBook ноутбуктерін және iPhone смартфоны мен iPod мп3 плейерін һәм әлемег мәшһүр iPad-планшетін шығарады.
… Сенің өлер алдыңдағы жағдайың маған беймәлім, Стив! Туиттерде сенің атың тренд болып тұр дәл қазір. Демек, бұл бүкіл әлем сені жоқтап, қайғырып жатыр дегенді білдіреді. Өзің де бір жүрген тренд едің, өлімің де тренд болды. Сенің соңғы инстанцияңды енді Әлемдердің Раббысы анықтайды! Әмин!
Шынымен технология саласында төңкеріс жасады.
ЗЫ. өздерің осылай мойындатып алыңдар әлемді ептібайымайдтар