Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға...

Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға…

Бақытыңызға/өкінішіңізге орай, программистке күйеуге шықтыңыз. Әдетте программистер “маған күйеуге шық!” деп қинамайды, себебі, ол баяғыда-ақ компьютеріне үйленген.
Қыз-келіншек табиғатынан қылықты ғой, сондықтан программист-күйеуіңіздің қасынан әрлі-берлі жүріп, комплимент күтіп жүретініңіз рас. Алайда программист-күйеуден оны күтпей-ақ қойыңыз. Оның Сізді әйелдікке алғанының өзі — бүкіл өміріңізге жететін комплимент болуы керек.
Программист қайсыбір жобаларды алғанда, не өз бетімен код кеміруді бастайын деп жатқанда бақұлдасып, сөйлесіп қалыңыз. Редакторды ашып алғашқы сөздерді тере бастағанда-ақ сыртқы дүниемен байланысы үзіледі. Күйеуіңізден анда-санда «қап, әкеңді!», «қазақша әріп құртты ғой!», «си пи он екі елу бір деп қойыппын ғой», «ремембе дедім ғой саған!», «аха», «эхе» деген сияқты міңгірлеген хабар-ошар болып тұруы мүмкін. Олардың шешімін іздемей-ақ қойыңыз. Сосын «не боп қалды?» деп те сұрамаңыз. Жалпы код кеміру сияқты майдан кезінде дым айтпаңыз.
Программист дегенмен сүтқоректі болып тұрғандықтан, ішіп-жем қажетсінетіні рас. Арасында дәретке тұруға мәжбүр болған кезде, бірдеңе бере салыңыз жейтін. Алайда ол қайсыбір ресторанның сайтында ілулі тұрған қымбат тағамның суретін қарап алып, тоқ жүре беруі де мүмкін. Тәтті немесе дәмі жаман деудің орнына «фотограф — мал екен!» немесе «дизайнерге — респект» дейді де қояды. Тамаққа байланысты нағыз программисті айыратын мынадай бір тест бар. Оған жұмысқа кетерде «тоңазытқышта тамақ бар!» деп айтып кетіңіз. Егер келгенде тамақ әлі орнында тұрса — құттықтаймын, күйеуіңіз — нағыз программист! Себебі ол Сіздің не айтып кеткеніңізді естімей де қалған…
Жасап жатқан дүниесінің қиын тұстарында сыраға сұранысы арта бастайды. Бұған ішімдік ретінде емес, отын ретінде қараңыз. Будақтатып көк түтін қылмас үшін, оның жұмыс үстелін мұржасы бар жерге орналастырған дұрыс. Мысалы, ас бөлмедегі газ плитаның орнына…
Отыратын орындығы қаратопырақты жерге жақын болмағаны лазым. Әйтпесе бір айдан кейін күйеуіңіз тамыр жайып, бүршік атып тұруы да ғажап емес…
Жалпы, программисті таң қалдыратын дүниеде бірде-бір уақиға жоқ! Сондықтан оның назарын жаңалық айту арқылы аударамын деп, әуре болмаңыз. Сіздің құрбыңыз Әсия, күйеуіңіз үшін — қайсыбір программаның лақап аты ғана. Құда қайтыс болыпты дегеннен гөрі, Кнут қайтыс болыпты десеңіз, елең етуі мүмкін. Жалпы өлім дегеніңіз — программист үшін айнымалының логикалық мәні ғана…
Ал енді ай сайын шашын алдыру да жүз пайызға Сіздің мойныңызда! Әйтпесе, шашқа берген ақшаңызға бір қорап CD-R алып, ыржиып келіп тұруы мүмкін…

Ерлан Оспан, Азаннан — кешке дейінгі ITтірлік

Дереккөз
Әрі қарай

"Матрица" демекші

Көптен ойда жүрген дүние еді.
Әбіләкімнің постынан кейін әбден бекідім.
«Матрица» — Internews Kazakhstan Орталық Азияда жүргізіп отырған жоба. Мақсаты: Орталық Азия елдерінде жаңа технологиялар дамыту )құдай, не жазып қойғанмын), Орталық Азия халықтарының ІТ сауаттылығын арттыру.
Әрі қарай

МЕН ҚАЛАЙ ҒЫЛЫМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫ ДА ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛДЫМ немесе біз Дәруішөлгенде діни экстремизммен қалай күрестік

Жалғасы. Басы Гүлжамаштың бірінші санында жазулы тұр.

Мен Ұлттық ғылым академиясының президенті болғаннан кейін, тпә-тпә, бұрын, тоңқайтып қойып айдай беретін ғылымның бетін бері қараттым. Ең алдымен, ауыл мен Баскенттен нешік «бастарды» жинадым: «басы алтын» жігіттер, бұтақбастар, сопақбастар, ешкібастар, балықбастар және жартыбастар…
Әрі қарай

Мен кіммін? немесе біздің Дәруішөлгеннің Ұлттық ғылым академиясы қалай ашылды, анасс!!!

Біреулер «Дәруішөлген деген не осы?» деген сұрақтар қойып жүр. Не дейін сендерге? Ештеңе де! Жауап ретінде Нақұрыстың «Дәруішөлген» сайтында жазған нотацияларын салуда жүн санадым. Іздеген сұрақтарыңа жауап табылып қалар. Сонымен:

(тарихи ессе-очерк-почерк!)

Мен ҚазНаз деген ауылдың тұрғынымын. Біздің ауыл астанамыз Дәруішөлгеннің теріскей бетіндегі Мастұр батыр моласынан қозы көш жерде орналасқан.
Әрі қарай

Жұма

Ескерту: Былтыр (18.02.2011) жазған екенмін. Жарияланбаған күйі нобайлардың ішінде қалып қойыпты.

Таңертең:
қолға алып жатқан жобам бойынша хаттарды сүзіп шықтым. Маша мен аю мультфильмін көріп отырып қалдым.

Түсте:
мешітке кетіп бара жатып, автобус ішінде блогқа бір жазба енгіздім
мешіттен соң, KIMEP-ке қарай ұштым.
KIMEP-те Құрылтай өтетін орындарды қарап шықтық. Кофе брейк, компьютер т.с.с. кәкір-шүкір жұмыстарды ақылдастық
Әрі қарай

Блогқұрылтай - 2012: Кім және неге қатысқысы келеді?

ЕСКЕРТУ: 20.01.2012 жазба толықтырылды

Сауалнама арқылы шамамен Блогқұрылтайға «Кімдер қатысады?» «Не үшін қатысқысы келеді?» деген сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Бұл нәтижелер бірінші кезекте Блогқұрылтай форматын анықтауға жәрдемдеседі деп ойлаймын.

Бір апта көлеміндегі уақыт ішінде сауалнамаға жауап берген 90 адамға алғысымды білдіремін.

Әрі қарай

Жасырын камераға ұсталған танымал саясатшының ұяты 2 еселенді



Ашынасымен қатынасы жасырын камераға жазылып қалған танымал саясатшы Артур Самсиннің ұят көрсеткіші жақында 2 еселенді. Видеоның толық нұсқасы көрсетілгенен кейін Артур кіретін тесік және есік таба алмады. Өйткені видеоның ұзақтығы небәрі 00:01:27 еді.
Әрі қарай

Орысша тиын істеу: қазақтар қызғаныштан бұрышта күңкілдеп тұр!

Орыс Қорғаныс министрлігі үлкен дауға қалып отыр. Ресейде парақорлық әбден меңдеген органдардың бірі дегенге қойнақ, жала жаппаңдар нақ деуші еді. Қазір бейбақтарда үн жоқ: себебі, айтатын да дымы жоқ.
Очм, Қорғаныс министрлігі "ұлттық-патриоттық рухты көтеру, тәрбиелеу мақсатында" 36 млн. рубльге (шамамен 170 млн. тенге немесе 14 мың сестерций)
Әрі қарай

Жар@йсың!

Қазір еліміздің қай арнасын қосып қалсақта шоу-бағдарламаның үстінен дәл түсетін дәрежеге жетіп қалдық. Әрине, көбісінің сапасымен мақтана алмайтынымыз өкінішті. көпшілікке «ШіркінLife» тәрізді жобаларды ұсынып жүрген «Еларна» сайты «Жар@йсың» атты жаңа ақпаратты-сазды бағдарламаның тұсауын кесіп үлгерді. Басқа бағдарламалардан ерекшелігі сол (өздерінің айтуы бойынша) еліміздің әншілерінің жаңа әндері мен бейнебаяндарын тек осы бағдарламадан бірінші болып тамашалай алады екенбіз. Өздері сайттарында:
Әрі қарай