Осынау демалыс күндерін пайдаланып ауыл жаққа барып қайттық. Көктемгі қымыздан ауыз тигенімізден бұрын, көптен бері көрмеген ата-әжемізді көріп қайтқанымыз қуантады. Ауылдың тірлігі белгілі ғой. Әркім өз ісімен өзі. Кетігін тауып, кірпіш болып қалана қалу қиын. Себебі, ол жұмыстар біз жоқта да атқарылып жүрген жұмыстар ғой. Дегенмен өзімізше қол ұшын берген болдық.
Сіздерге біраз сурет ұсына кетуді жөн санап отырмын.
Тарих, әсіресе, қазақ тарихы туралы ғылымда, өнерде, тағы басқа салаларда сөз қозғау аса күрделі дүние деп түсінемін. Ақтарылып жатқан «ақтаңдақтар» өз алдына, «ары тарт та, бері тарт» сөз-талас пен пікір-соғыс кез келген автордың кежегесін кейін тарттыруға әбден себеп бола алады. 3 мамырдан бастап қазақстандықтарға «Қазақфильм» ұсынатын Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласы» осы жолда «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» туындылардың бірі болатын секілді.
А Сан байдың баласы екен. Ү Сен болса, кірпіш «Samsung» алуға да жағдайы жоқ кедейдің баласы екен. Бір күні екеуі 1 мамырда класпен бірге пикникке барыпты. Қара басып ұйықтап қалып, автобустан қалып қойыпты. Жеті сағат, жеті минут, жеті секунд дегенде үйлеріне әрең жетіпті.
Жағдайың жақсы ма? Денсаулығың қалай? Өткен жылғы шығартып жатқан оқулықтардың жаңа стильде жазылғанын көріп риза болдым. Мәселен, Математиканы түрлі пазл етіп бергенсің, Тарихты комикстер, ал Ана тіліне еркін рейтингілеу мен таңдау құқын қосыпсың, тағы біраз жұмыстарыңды да жақсы бағаладым.
Сәлем Керекинфо қолдданушылары! 28-29 сәуір күндері ХАТУ да өткен Хакдэй жайлы көп естіген шығарсыздар? Бұл пост сол өтіп кеткен жарыс немесе іс шараға қысқаша шолу! Біз Vbloggers.kz командасы (10 адам) «Кино және Видео» бөлімінде болдық. Сол себепті сол бөлім туралы жазамын. Ал барлығы 3 бөлім: 1) ИТ Секциясы;
2) Контент және Медиа; 3) Кино және Видео.
Интернет-мемге айналған осы ұранмен мен де ауырып қалдым.
Атышулы «Игра престолов» сериалына негіз болған Джордж Мартинның «Песнь Льда и Пламени» атты сагасы күндіз көз алдымдағы монитордан, түнде түсімнен кетпей жүргеніне көп күн болды. Бас-аяғы жеті бөлімнен құралатын бұл қантөгіс оқиғаның әзірге бес кітабы дайын, екеуіне автор әлі толғатып жатыр екен.
Википедияда дайын тұрған толық мәліметті бұл жерге көшіріп жату нелеу болғандықтан, жай алған әсерімен бөліспекпін. Оның өзі екі-ақ сөз: Керемет шығарма! Завораживет! Бір минут та жалықтырмайды. Киносын көрген болсаңыз, кітаптарын оқуға да ерінбеңіз. Әсіресе орта ғасыр атмосферасындағы шым-шытырықты оқиғаларды, үлкен сарайлардың құпиялары мен ондағы интригалар туралы оқығанды ұнатсаңыз. «Песнь» туралы айтар көп, бірақ айтсам, спойлер болып кетпекпін. Ал спойлерді, как известно, тозаққа да қабылдамайды
Взапой оқитын фэнтезимандарға ескерту!
Малың өріссіз, әйелің махаббатсыз, күйеу кешкі ассыз қалу қаупі бар. Көзің тайып кетсе үйді көшіріп жіберетін мазасыз жүгірмектерді вообще таппай қаласың.Кітапқа кіріспес бұрын телефоныңа «ескерткіш» (напоминалка?) қой.