"Қыс жақындап қалды"

Интернет-мемге айналған осы ұранмен мен де ауырып қалдым.
Атышулы «Игра престолов» сериалына негіз болған Джордж Мартинның «Песнь Льда и Пламени» атты сагасы күндіз көз алдымдағы монитордан, түнде түсімнен кетпей жүргеніне көп күн болды. Бас-аяғы жеті бөлімнен құралатын бұл қантөгіс оқиғаның әзірге бес кітабы дайын, екеуіне автор әлі толғатып жатыр екен.
Игра престолов, Game of Thrones, Эмилия Кларк, Emilia Clarke, плечо, дракон
Википедияда дайын тұрған толық мәліметті бұл жерге көшіріп жату нелеу болғандықтан, жай алған әсерімен бөліспекпін. Оның өзі екі-ақ сөз: Керемет шығарма! Завораживет! Бір минут та жалықтырмайды. Киносын көрген болсаңыз, кітаптарын оқуға да ерінбеңіз. Әсіресе орта ғасыр атмосферасындағы шым-шытырықты оқиғаларды, үлкен сарайлардың құпиялары мен ондағы интригалар туралы оқығанды ұнатсаңыз. «Песнь» туралы айтар көп, бірақ айтсам, спойлер болып кетпекпін. Ал спойлерді, как известно, тозаққа да қабылдамайды
Взапой оқитын фэнтезимандарға ескерту!
Малың өріссіз, әйелің махаббатсыз, күйеу кешкі ассыз қалу қаупі бар. Көзің тайып кетсе үйді көшіріп жіберетін мазасыз жүгірмектерді вообще таппай қаласың.Кітапқа кіріспес бұрын телефоныңа «ескерткіш» (напоминалка?) қой.
Бөлісу:

21 пікір

Serzha
кейіпкерлер туралы толық ақпарат іздеймін деп біраз спойлер оқып қойдым T__T
ең сүйікті кейіпкерім арья старк. старктар әулиетіне аяйнышты
темірден туғандардың ұраны жынды, «біз егпейміз, біз өзімізге тиесілінін аламыз. алғанымызға алтынмен емес, темірмен төлемейміз»
Gulzhanat
Маған Тирион ұнайды. Ең жақсы шыққан персонаждардың бірі.Обояшка!
Serzha
кішкене күте тұр. кейін оның мұрнын бет қылады
Gulzhanat
Соңына дейін оқыған болсаңыз маладес деймін Менің бір нәзік құрбым киноны қойып, сөзбен бейнеленген откровенным и жестоким сценам шыдамай, лақтырып жіберді( Хотя сондай қатыгез, қорқынышты шығарма деп айтпас едім…
satibaldi
Сірә, нашар кітап болса керек.
Gulzhanat
Сонда да байқап көріңіз енді
Gulzhanat
Хотя, сіздің оны оқып, көріп, тіпті ұнатып қалғаныңызға почти наполовину сенімдімін!))
Gastarbaiter
Властелин Колецке ұқсайды пейзаждары. Қарадым. Өте шебер түсірілген кино. Кітабын оқуға желание жоқ, көріп қойған нәрсені оқып нем бар. Фанатизмді қандай тамаққа қосып берсе де жегім келмейд.
Былай «Спартак»-тан бір бас жоғары түсірілгені алғашқы кадрлардан ақ білініп тұрады. Кейіпкерлердің әркелкілігі. Және ешқайсысы толпада жоғалып кетпейді, әр қайсысы кажрда бір көрінсе есте қаларлық ерекше мінезі бар екенін жақсы көрсеткен.
Әрине, сюжет. Алдын ала әлденені болжау мүмкін емес. Жақсы адам жоқ. Жаман адам жоқ.
Тек саяси ойындар және оның құрбандары.
Gulzhanat
Тек саяси ойындар және оның құрбандары.
Сол ғой) И короли, как оказывается, главные марионетки)
Кейіпкерлері туралы в точку.
Фанатизм дегендей… Сага аяқталмаған. Сәйкесінше, сериал да. Широченный масштабтағы оқиғаларды бөліп-кесіп он серияға сиғыза салғанын санамағанда, он отстает на целых четыре книги! Неужели немен аяқталатынын білгіңіз келмейді?
satibaldi
Осы мен поп-кітаптар жаза бастасам, барлығың қайтадан «Война и мир» оқып кетесіңдер ғой, нақтың!!!
Gulzhanat
 Сіздің шығармашылығыңыздың жүрегімізден алған орны ерекше ғой. Таусылмаңыз.
satibaldi
Жоға, соңғы кездері а ля «Балдызына ғашық жезде», "Қайнағасын құлай сүйген келін", «Бақытсыз Жамал», «Бақытты Мәрпуға» сықылды қызылды-жасылды попса кітаптар жазып, ранчодағы госьендомның екінші қабатының құрылысын бітіріп алсам ба деген ой келіп жүр, шын айтам.
Gulzhanat
Несі бар, А4 фоматында шығатын ана бір «көңілді» гәзиттердің оқырмандарына сбывать еткізіп жібереміз.Дерзайте)
satibaldi
Кітап дейм, кітап!!!
Gulzhanat
Уупс! Кажется, перевозбудились. Кітап жазған оңай ма…
Айтпағым, ол газеттерде де типы сондай душещипательный оқиғалар бар ғой… Бірақ, иә, оның оқырмандарының ай-кюі сіздің кітабыңызға недотянут!
Gastarbaiter
Неужели немен аяқталатынын білгіңіз келмейді?

Детективтерге құмар болған емеспін бала кезден, Агата Кристиінс. Сол үшін де киноны аяғы немен бітетінін білу үшін емес, демалу, тұтынушы ретінде дайын өнімді тамашалап, процесстен кайф алу үшін қараймын.
Erkekyz
Игра престолов пен Битва королейді алдым жүктеп әзірге. Бірақ… шынымен қорқынышты болса оқығым клмейді,слабонервнаямын  Бір жағынан оқығым кеп өліп барады)).
jigit
оқығым кеп өліп барады  кұдай біледі
konvict
Мен осының кітабын интернеттен іздеп, дұрыстап таба алмай-ақ қойдым. Ағылшыншасы қиын емес шығар деп ойлаймын. Сондықтан бірден ағылшын тілінде оқығым келіп жүр. Жетінші патшалықтың ақыры мені әлі қызықтырады
berkut
Игра престолов» телесериалы неше сериядан тұрады? толық жинағын қай сайттан қарауға болады?
Adiletshu
Сериалдың 3-сезонының 3-сериясына дейін көрдім. Жалықтырып жіберді. Бастап қойған соң аяғына дейін көре салайын дедім.

Кейіпкерлерден ең ұнағаны — Якен Хгар