Әлия Нұршайықованың атасы жайлы естелігі

Жеңіс күні тақырыбын қозғай келе, назарларыңызды «Екпіндегі» мына материалға салғым келіп отыр.


«Менің атам — Әзілхан Нұршайықов» дейді журналист Әлия. Иә, расында қазақ әдебиетіне «Аңыз бен ақиқат», «Махаббат қызық мол жылдар» сияқты сүбелі туындыларды алып келген Әзілхан Нұршайықовтың немересі болғанын қалай мақтанышпен айтпайсың…
Әрі қарай

Менің де атам - батыр!


(фотода кішкентай мамам мен әкесі)

Менің нағашы атам — Сергебаев Барат 1919 жылы қаңтардың 15-де дүниеге келген. Есімде қалғаны: 4-5 жаста жаз сайын анам бізді (тәтем екеуімізді) ауылға апарып тастайтын. Атам мен әжемнің қасында 1-2 айдай аунап-қунап жүретінбіз. Бірақ шыны керек басында үйренісе алмай, (әсіресе мен) үйге қайтқым келіп жүретін. Оның үстінде атам қызу мінезді, әрдайым айқайлап, ұрысып жүретін.

Әлі де көз алдымда тамақ ішуге шақырғанда, дөңгелек үстелдің басында малдас құрып отырып: «Айжаааан, Баяяяян, Қасыыыым, Досыыыым» деп әндетіп айқайлап бәрімізді келмейінше шақыратын. Сонда бұрышта бір уыс, моп-момақан болып отыратын әжем: «Балаларды қорқытпасайшы, келесі жазда келмей қояды ғой» деп байсалды-ақ айтатын. Сонда атам: "Әкеңнін аузын...")) Иә, атамнан қорқатынбыз. Әсіресе, қорқақ мен) Сонда әжемнің жып-жылы қойнына тығылып алып, оның сипалағанына еркелеп жататынмын.
Әрі қарай

Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін еске ала отырайық

Көпшілігіміздің аталары соғысқа қатысты. Сол кісілерді еске ала отырайық.

Менің атам — Ораз Тәжбағамбетов (1926 — 1985)
Ұлы Отан Соғысы ардагері, 1944 жылы майданға аттанып, Румынияны азат етуге қатысқан, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Ағасы Иманғали екеуі соғыстан аман оралған, ал әкелері Тәжмағамбет соғыста қаза болған.

www.obd-memorial.ru/ — осы сайт арқылы соғыста қаза болған аталарыңыз туралы деректерді таба аласыз. Арғы атам Әйекенов Тәжмағамбет туралы енді ғана таптым. Қткен жылы таба алмаған едім, аты-жөні дұрыс жазылмаған екен құжатында. Түрлі варианттармен көріп, енді ғана таптым:

Аекинов Ташмагамбет деп жазылған екен, 2 воздушно-десант. Гв. дивизиясында болған. 1900 жылы туғанын да енді біліп отырмын, қайтқан уақыты 29/06/1944

Сіздер де іздеп көріңіздер.
Әрі қарай

"Ө"-ге оралу

Осы жолғы демалысымның 3 күнін қиып Өзбекстанға барып қайттым.
Әкем екеуіміз 16 сәуір таңертең Шымкент қаласынан Жібек Жолы өту бекетіне (таксимен 1000 теңге) келдік. Шекарадан өтпей тұрып, ақшамызды айырбастадық (айырбастау бөліміндегілерден аздап консультация алып, бар жоғы 40 мың теңгені 19,2 курсымен 768 мың сумға айналдырдық).
Әрі қарай

"КерекИнфо" жігіттері осындай

Бала кезден өскен болып ерек тым,
asaubota , жүрегісіз «Керектің».
Жапырағы біздер болсақ жайқалған,
Нәр алатын сіз тамыры теректің.

Кейде ақылы, кейде ашуы жеңеді,
Орындалад(ы) әркез оның дегені.
satibaldi аға айтқан әрбір сөз,
Қолдау көріп, плюстала береді.  мына смайликтегі жүректерді + деп елестетіңіздер )))
Әрі қарай

Әскерге барғың келмесе...

"Қарап отырғанша жалап отыр" деп жігіті қызға балмұздақ алып беріпті. Сол секілді осынау айтулы күнді пайдаланып мынандай бір әңгіменің шетін шығарайын. Қазір әскерге бару үшін де, қалу үшін де ақша беретін заман екені екінің біріне аян. Бұл әскерге кеткеннің бәрі ақшамен кетті деген сөз емес бірақта. Әскерге баратын дер шағынан өтіп кеткен, оқуын бітіріп жұмысқа орналасқан жігіттер кей кездері өз әскери комиссариатының белді біреуімен келіссөзге отырады. Келісілген сомманың жартысын әлгіге бересің, ол сенің «делоңды» алады да үйіне апара салады. 27-ге толғанда әлгіге хабарласасың. Өліп қалмаса келісілгендей қолыңа әскери билетіңді ұстата салады. Сен қалған соммаңды беріп оны риза қыласың. Қолыңда әскери билет,27-ге келгенге дейін ешкім мазаламағанына мәзсің.
Әрі қарай

Көлеңкедегі мереке

Бүгін 7-ші мамыр. Біреулер радио күні деп жатыр. Ал, біздің мемлекетіміз бұл күнді ҚР қарулы күштерінің күні деп атап өтіп жүргентін. Елбасымыздың 3 мамыр күні қол қойған бұйрығымен бұл күн күнтізбеден қызарып тұрып орын алды. Неге қызармасқа, қауқары өзіне мәлім. Дегенмен, бұл шешімді қолдаймын. Неге десеңіз 9 мамыр, яғни Жеңіс күнінің көлеңкесінде қалып қойып жүргенін өзіңізде сезеіп отырсыз. Енді, жұртшылық осы күні демалу арқылы болса да бұл күнді санасына сіңіре береді.
Сонымен, келесі жылдан бастап демалатын мерекемізбен!
Әрі қарай