Темір тордың ар жағындағы туындылар
Сәрсенбі күні ШҚО бойынша Қылмыстық–атқару жүйесі департаментінде жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқандар арасында көркемсурет және қолөнер бұйымдары байқауы өтті. Үздік деп танылғандарға орын беріліп, тағайындалған ақшалай сыйлық есепшоттарына аударылды. Байқауға қатысқан барлық туынды қарттар үйіне табысталды. Сол жерде көңілімнен шыққан кейбір көріністерге сіздер де куә болыңыздар:

Әрі қарай


Бүгін, яғни 15-ші қыркүйек күні «Астана» арнасының таңертеңгі жаңалақтарынан Павлодар қаласының екі жасөспірімінің (аттарын айтып еді, ұмытып қалдым) өз аулаларының көріксіздігі, ластығы,қараңғылығы жайлы алаңдайтындықтарын білдіріп Путин мен Назарбаевтың атына хат жазғандықтарын, сол арна тілшісі аса бір мақтаныш пен айтып шықты. Әрі сол жасөспірімдердің хаты бойынша екі ел президенттері әлгі аулаға соғатынын бейне бір ырзалық екпінмен елге жария етті.Мен тыңдап отырып ойға қалдым. Әрине жасөспірімдердің өз қаласының,өз ауласының жайы алаңдатуы құптарлық жағдай, бірақ бұл жерде Ресей басшысы Путиннің қатысы не? Әлде Павлодар қаласы Ресейдіке ме? Жоқ болмаса бір үйдің ауласын жөндетуге пәрмен беруге біздің Елбасымыздың күші жетпейді деп ойлағаны ма? Немесе өз Елбасымызды сыйламағандығымыз ба, не деген масқаралық? Осыны жерден жеті қоян тапқандай жариялаған «Астана» телеарнасы мен сол арнаның тілшісінің көздегені не, осы жақтарын түсінбедім.

Мына суретке қарап отырып, ағам есіме түсіп кетті. Ішкен күні бірден білетінбіз. махаббаты оянып, шөлпілдетіп сүйіп, қалтасындағы барын беріп, сөзсіз керемет АҒА болып кететін.Негізі ішкен адамдардың істері күлкіге айналып кетеді ғой. Әсіресе достар арасында… Менің құрбыларымның ішкенде ортақ аурулары бар. Телефонға маза бермейді. Бұрынғы, қазіргі жігіттеріне хабарласады. Содан кейін обидасын айтып, ал кеп жылайды. Ал сіздер ішкенде қандайсыздар?
Адамның бетіне, денесіне орналасқан мең, қалға қарап отырып, білгірлер бірталай дүниені болжаған. Әрине, тағдырын, мінезін, денсаулығын. Мең, әсіресе, жазды күні күндіз туған адамдарда көбірек кездеседі екен. Түнде туған балаларға қарағанда күндіз туған бала әдемі болады, өйткені түн қараңғысы қара күштер мен жаман энергияны көбірек тартады да, оларға сиқыршы, көреген, болжағыштық қасиет көп қонады. Мұндай адамдардың денесінде ол міндетті түрде бір таңбасын қалдырады. Үнділердің ежелгі діни түсінігіндегі «карма» осы таңбалардан айқын білінеді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан күндіз туса да, түнде туған бала болса да, денесінің әйтеуір бір бұрышында бармақтай болмаса да, тарыдай бір таңба-белгі сөзсіз болады екен. Мең – адамның бір бөлшегі. Алақанға қарап тағдыр болжайтын хироманттар секілді меңнің орналасуына қарап құпия-жұмбақтың сырын ашамын деу бекершілік көрінеді. Бірақ мең арқылы өзің туралы түсінік алып, мінез тануға немесе мінезді өзгертуге болатынын көріпкелдер бір ауыздан қоштайды. Сонымен, денедегі таңбаға қарап бірқатар түсінік алуға тырысып көрелік.