Шімкет - Шымкет - Шымкент

Кеше республикалық бір арнадан Шымкент-шоу қарадық. Бұл арна экранның сол жақ бұрышына қазір эфирде не болып жатқанын жазып отырады екен. Көзім түсіп кетті «ШІМКЕТ» деген сөзге. Фотоға түсіріп алдым да Фейсбукке жібере қойдым.

Кішкенеден кейін «түзетілді», «ШЫМКЕТ» болып. Мұны да түсіріп алып, Фейске жібере қойдым.
Әрі қарай

Пирсинг мәселесіне 3К шешімі ұсынылды


Пирсинг мәселесі соңғы 3 жылда қоғам қайраткерлері және саясаткерлер арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Пирсинг мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Пирсинг мәселесін саяси нысанаға айналдырмай, қоғамдық-тұрмыстық тұрғыдан қарауға мемлекеттің ерік-жігері жете ме?

Қуантай Бақтыбайидов (қоғам қайраткері)

– Қандай іс болса да, астарында саясат жатады ғой. Дегенмен шын ықылас болса, ерік-жігері жетеді. Дамыған елдерде пирсинг мәселесі өте маңызды тақырып болып табылады. Ал Қазақстан — пирсинг жағынан, әлемдегі ең ауыр жағдайда тұрған аймақ.
Әрі қарай

Астанадағы өмір немесе ғаламтор үшін күз жоқ...

Астанаға келіп, орналасып оны-мұныны түгендегенше қоңыр күздің де келгенін байқамай қалыппын. Қарбалас тірлік келе сала басталып кетті. Бұрын Астанаға бір-екі рет келіп кеткенім болмаса, көп дүниені бағдарлай қойған жоқ едім. Қазір көшелерін таптап, жұмыстан үйге қатынап жүргеніме бір айдан астам уақыт өтті. Шыны керек, жерсіне алмай жүргендікі ме, әлде Семейдегі тыныш жұмысымнан кейін шулаған мәдениет саласының ортасына келгеннің әсері ме, өзге бір ғаламнан келгендей күй кешудемін. Сағат алтыға он-он бес минут қалғанда дайындалып отырып, тура алтыны көрсеткенде шығып жүре беретін заман мен үшін арман болды. Таң бозынан келіп, қас қарайғанда, жоқ, қас қарайғанда емес, ел ұйқыға жатқанда бірақ шығасың. Бітпейтін ұшы-қиыры жоқ бір жұмыс. Бір жағы пайдасы да тиіп жатқан шығар.Арнайы күн арнамасам да, мәдени шараларды атқару барысында бірталай жерлерді көріп таныстым. Есесіне, мені үйдегілер көрмейтін, дауысымды естімейтін болды. Семейде елге «квартирант» болсам, енді үйдегілерге «квартирант» болдым))). Келесің… кетесің… пайдаң жоқ…

Жә, оны қойшы, жалпы осы бір айдың ішінде:
-ең әуелі, біз тұратын қала сыртында орналасқан ауылдағы адамдардың сені танысын танымасын, бас изеп амандасатыны мені таңқалдырады…
-дәл сол жерде өзге ұлт өкілдерімен араласып кеткен, ана тіліне шорқақ қазақ отбасыларының сенімен таза қазақ тілінде тілдесетіні мені таңқалдырады, тіпті соған бірінші күннен өте разы болдым.
— Шыны керек, балаң жылап жатқан жоқ, уақытымен жұмысыңа барасың да қайтасың, такси дегенді бұрын керек қыла бермейтінмін. Астанаға келгелі амалсыз тек таксимен қатынауға тура келгендіктен, жүргізушілердің тоқтай қалып, «қанша төлейсің» дейтіні мені таңқалдырады… керісінше, Семейде «қаншаға апарасыз» деп жолаушылар сұрайтын…
— Астанада найман екенімді жиі-жиі «ескертетіндер» мені таңқалдырады… , шығыста руға бөліну дегенді біле бермейді көпшілігі…
— Сосын қызмет көрсету саласының /сервис/ әлі де болса дами қоймағаны мені таңқалдырады. Үй алған кезде жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықтау жұмыстарында ең бір байқағаным сол болды…
— Көшедегі көлік жүргізушілердің бір-біріне деген қайырымсыздығы мені таңқалдырады. Бір-біріне жол бермеу, қасындағы көліктің алдын ору т.б.

Тағы не бар еді, осындайда ойға да келмейді ғой… Жазбамды күзден бастаймын деп, бас қаламызға шолу жасап кеткенімді өзім байқамай қалыппын ғой. Әйтеуір, болашаққа тек сеніммен қараған дәуірде Астанамыз гүлдене берсін деп тілейік. Ғаламтор оқуға да қол тимей кетті. Бүгін біраз «Казжур» мен «Керек» ауылдарын аралап, «шайға қанып» қайттым. Блогшылармен де кездесудің реті келмей жатыр. Болашақта жұмыс ауыстыратын жоспарым бар, бәлкім сол кезде бір сәті түсер. Блогшы қауымның ішіндегі ең жақын досым Бүркіт мырзаның отбасында ұл бала дүниеге келген. Бұл да күздің бір жақсы жаңалығы болды. Күз адамды көңілсіздікке итермелегенмен, ғаламтор аясы жазғы сылбырлықтан керісінше жандана түсетін шақ. Ғаламтор үшін күз жоқ… Жазыңыздар, достар! Күз тек жеміс әкелсін сіздерге!
Әрі қарай

Назар аударыңыз!..

Күні бүгінге дейін адамзат басынан қилы-қилы кезеңдер өтті. Әр ғасырдың өзіне тән ерекшеліктері мен қиыншылықтары болады. Алайда өмірде көп нәрсе салыстырмалы түрде бағаланады емес пе. Ханы мен қарасы қатар атқа мініп, қасық қаны қалғанша арпалысатын заман да өтті. Дегенмен қазір біздер мылтықсыз майдан ғасырында өмір сүріп жатқанымыз өтірік емес. Мұндай жағдайда жеңіс кімдікі? Жеңіс арманы асқақ, мақсаты айқын, рухы биік елдікі жандікі.

Соңғы кездері өз-өзіне көңілі толмайтын, өмірден түңілген адамдарды көп көріп жүрмін.

Әрі қарай

Кинопати: Эльвира & Жалғас


Керекинфоның белгілі қолданушылары: e_zhalgas пен aikarakoz бірінен кейін бірі қатарласа дүниеге келіпті. Кеше, 26-қыркүйек күні Жалғасты «жумайсың ба е» деп мазасын алсақ, бүгін Эльвираға ақ тілектер боратып жатырмыз.
Әрі қарай

Хабарландыру

Алматылық блоггер һәм флудерлер, трольдар, жалпы интернет қолданушыларға хабарландыру. Алматыда Timur Bektur жүр. Иә, иә әйгілі Тимур Бектұр. Бүгін түнгі 1-де Атырауға қайтады.
Тимекеңді білетіндер, көргісі келетіндер, ақыл-кеңес алғысы келетіндер бүгін кешке көріп қалу мүмкіндігі бар. Тимурдың келуін сылтауратып wordpress-тің Қазақстаннан қайтқанына ас әрі мини құрылтай өткізіп жіберсек (ас, құрылтай дегенге бәйге тамашалап, қымыз ішіп, тегін тамақ жеп, артынан нашар өтті деп өсектегенге сылтау табылды-ау, деген ой тумасын.) деген ой бар. Жиналатын орын, уақыты: Соны халық болып шешу керек. Ұсыныстарыңды күтемін. Жалғас Ертайға гүлдеріңді (сыйлыққа мәшиненің, пәтердің кілті дегендер де жарай береді) ұмытпаңдар. Бүгін туған күні.
Әрі қарай

Кездейсоқтықтан пайда болған 10 өнертабыс (жаңа құрылғы, элемент, т.б.)

Әрине, көбіне жаңалықтардың барлығы да ғылым қуып ізденудің немесе адам өмірін жеңілдету мақсатында ойлап табылатыны рас. Бірақ, прогресс барлық жаңалықтың мақсаты болды дей алмаймыз. Кейбір таңғажайып идеялардың өзі кездейсоқтықтан туындап жатады. Сонымен, назарларыңызға кездейсоқтықтың арқасында ашылған 10 жаңалықты ұсынамыз.

Әрі қарай