Назар аударыңыз!..

Күні бүгінге дейін адамзат басынан қилы-қилы кезеңдер өтті. Әр ғасырдың өзіне тән ерекшеліктері мен қиыншылықтары болады. Алайда өмірде көп нәрсе салыстырмалы түрде бағаланады емес пе. Ханы мен қарасы қатар атқа мініп, қасық қаны қалғанша арпалысатын заман да өтті. Дегенмен қазір біздер мылтықсыз майдан ғасырында өмір сүріп жатқанымыз өтірік емес. Мұндай жағдайда жеңіс кімдікі? Жеңіс арманы асқақ, мақсаты айқын, рухы биік елдікі жандікі.

Соңғы кездері өз-өзіне көңілі толмайтын, өмірден түңілген адамдарды көп көріп жүрмін.


Әр түрлі әлеуметтік желілерде де өмір сүруге емес, ажал құшуға деген құштарлығы басым сөздер жазып отыратын адамдар көптеп кездеседі. Оның әр түрлі себептері бар әрине. Соның бірі – адамдардың бір-біріне деген ықылас, назарының жоқтығы деп ойлаймын. Теледидар, ғаламтор, ұялы телефон және басқа да техника атаулы жоқ кездері адамдар уақыт тауып, бір-бірін айшылық алыс жерлерден іздеп келіп, шүйіркелесіп, сәлемдесіп кетіп жататын. Ал қазір әлеуметтік желілерде жоқ дегенде жүз танысың, туысың, досың отырады. Бірақ олардың саған «қал-жағдайың қалай?» деп бір ауыз сөз жазуға уақыты болмайды. Оларға ренжімейсің де, себебі сенің де қал сұрап, сәлемдесуге уақытың жоқ… Әйтеуір онлайн боп отырса, ішіңнен «бар екен, аман екен» деп ойлайсың да, ары қарай бітпейтің жұмысыңды жалғастыра бересің.

Кейде әлдекіммен ішкі сырыңмен бөлісіп, ой алмасқың келеді. Бірақ кімге қарасаң да уақыты жоқ, жұмысы көп адамның кейпінде отырады. Қолы қалт еткен жағдайда да әлдене айту өте қиын, себебі көзіне қарасаң, ойша басқа жерде жүргенін түсінесің. Оған айтылған сөз қабырғаға айтылған сөзбен бірдей екенін біліп, бітіп бермейтін өз шаруаларыңды аяқтауға кірісесің.

Кейбір деректер бойынша, әлемде жылына миллион адам өз өмірін өз-өзіне қол жұмсайды екен. Ал суицид бойынша алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттің бірі – Қазақстан. (ал Қазақстан бойынша Шығыс Қазақстан алдыңғы қатарда). Сірә, күйзеліс кезінде өз-өзіне қол жұмсаушылар алдағы өмірін жақсы жаққа өзгертуге себепші болатын сан мүмкіндіктен бас тартып тұрғанын түсінбейтін шығар. Бәлкім, адамдар өз-өзінің ғана емес, өзгенің жан дүниесіне үңіліп, түсінуге тырысса, бір-біріне назар аударса, көңіл бөле білсе күйзеліске ұшырағандар қатары азаяр ма еді…
Бөлісу:

31 пікір

ademi_alem
Жылатқанды жұбатқаннан, сүрінгенді демеп жібергеннен, айтары барды тыңдағаннан пайда болмаса да, зиян жоқ шығар. Бір-бірімізге көңіл бөле білейік, назар аударайық, себебі адамның күні адаммен емес пе?!..
Adiletshu
Шығыс Қазақстанның қыздарынан авторизация көп келеді. Бұларға не жетіспейді, Шығыс Қазақстанда жігіт жоқ па деп ойлайтынмын. Сөйтсем, общение жетіспейді екен ғой
ademi_alem
)) Бас десе, құлақ демеңіз
Marationok
Өз сырыңмен жақын адаммен бөліскен дұрысырақ сияқты, өйткені оны сырласқан адам дұрыс қабылдамауы мүмкін.
ademi_alem
Бұл да дұрыс шығар. Бірақ кейде мен ойыммен, пікіріммен, сырыммен мүлде танымайтын, екінші рет көрмейтін (мысалы ауруханада, автобуста, пойызда) адамдармен бөліскім келеді. Себебі олар сенің әрбір әрекетіңді таразыламайды, сөкпейді, тек тыңдайды. Кейде оның сені тыңдап, тыңдамай отырғаны да маңызды емес, маңыздысы — іштегіні сыртқа шығару.
VKM
Зарина, менің бір нәрсеге қиналғанда айтатын адамым бар-ол мамам.Маған үлкен болғанда, галактикалық болып тұрған, шешімі жоқ сұраққа,5 минутта өз аргументтерін айтады.Сонда қиын нәрсе түк те қиын емес болып қалады.Бәрібір ата-анаңнан жақын адам жоқ. Сондықтан...ұрсады, ренжиді демей, оларға айту керек.Өз ойым)
Marationok
Кейбір сырларыңды жақын адамдарыңа айта алмаймын дейсің ғой? Әрине, ол да дұрыс болуы мүмкін. Дегенмен, әңгіменден әңгіме шықпаса, былайша айтқанда сырыңмен бөлісу өте бір есалаңның әңгімесіне ұқсап кетеді да. Мен бүйттім, мен сұйттім, мені бүйтіп кетті, мені сүйттіп кетті деген сыр емес әрине, оны да ескеру керек та.
MickThatsMyNick
Менің ойымша, сырды айтатын адамды дұрыс таңдай алмау, ол әркімнің жеке мәселесі, егер ол өзінің сырымен бөлісіп жатса, неге саған да бөліспеске, шер тарқатып дегендей. Ереже мынадай: әр адам бір-біріне өзінің сырын жеке айта алады, бірақ кез келген адам біреуге біреудің сырын айтпауы тиіс.
Marationok
Інім, мен соны айтып тұрмын ғой, бәрі жеке мәселеге көшіп кетеді, әлгі американдық аноним науқастар клубына айналып кетсе… бәрібір, ешқандай пайда әкелмес. Сырыңмен бөлісу, знәшіт кеңес іздеу деген. Сол үшін, жақын адаммен бөліскен жақсы, ұлдар жан достарыммен, немесе ағаларымен, ал қыздар шешелерімен. Бірақ, кейбір есалаң шешелер бар, қыз байға тиіп кетсе де, өзінің теріс тәрбиесін тықпалап жатады, ұйт бұйт сұйт, түсінбеймін онысын. Ондай болған жағдайда жеңгелерімен сырласқан жақсы.
Gastarbaiter
Көбінесе адамдарға тек тегін құлақ керек, ал кейбіреулерге ақылы құлақ (психотерапевт) керек…
Marationok
Құлақ көбінесе қарт адамдарға керек ақ.
ademi_alem
Меніңше адамдарға тыңдар құлақ керек, тегін құлақ табылмаған жағдайда ақы төлеуге де әзір. ))
Gastarbaiter
Жоқ қателесесің.
Керісінше адамдарға тыңдар құлақ керек, ал табылмаса, ақы төлеуге дайын.))
Әдемі әлем, мені уже түртватыр, енді сенің парик үрлейтін кезегің.
Tyulpan
иә, маңыздысы айтып шығару. ешкімге айтқың келмесе, айнаға қарап болсын айтып шығару керек. содан кейін, жайдары, жарқын жүретін адамдармен, жетістіктерге жеткен тұлғалармен сөйлескен жақсы.
Adiletshu
Суретте Семейдің көпірі ма
araika
Одан да қыздың кім екенін сұрамадың ба
Adiletshu
Тиісе алмай отырсың ба
araika
жоқ, саған назар аудартып жатырмын
ademi_alem
Шартты сурет қой. ) Семейдің көпірі емес. Семейге әлі барып көрмеппін.  Бұйыртса ертең барып көріп келгім кеп кетті.
jako_83
Шыныменде біз жақта кқптеп кездеседі, бір ай болып қалды жақын досым 30дан асқан бір сәттік қиындықтан қорқып, 5жаста қызымен жан жарын тастап кете барды. Адам өзін сабырлылыққа шақыра білу керек. көбіне адамдар ашуды қолдан жасап жатады
Gastarbaiter
Адамдардың көбіне мұрнына шыққан безеу аш жетім жесірден маңыздырақ.
Көбісі болмашы нәрсеге, назар жетіспеушілікке назданып өледі.
Маған десе қата қалсын.
Егер қоғамның кем кетігі көп қаланам, орнымды табам деген адамға. Жігіт қарамай қойды, паппам мәшине әпермеді, арақ ішіп позор боп қалдым, қарызға кірдім… Лібә… тәубе қайда?
Құдайдың берген өмірін пайдаға асырам десе көп ғой әдіс, сол адамның қолынан келетін бір нәрсеге мұқтаж басқа біреу міндетті түрде табылады.
Берілген өмірді рәсуа қылғанша, кей адамдардың топырақты тыңайтып, ең болмаса жәндікке пайдасы тигені де дұрыс шығар.
ademi_alem
Маған десе қата қалсын.
Асқар ағаааа, мына сөзді сізге айтқан жараспайды, шын айтам!)))))) Өйткені сізде тыңдай білу, кеңес айта білу т.б. қасиетіңіз бар.
Берілген өмірді рәсуа қылғанша, кей адамдардың топырақты тыңайтып, ең болмаса жәндікке пайдасы тигені де дұрыс шығар.
Адамдардың бір-бірін тыңдай білуі, кеңес бере білуі, «не болса ол болсын!» деп қолды бір сілтеп, немқұрайлы қарамау өмірді рәсуә қылмайды деп ойлаймын. Себебі мейірімге, ықыласқа мұқтаж адамға аз уақыт бөліп, тыңдап, кеңес беру арқылы ол адамды жан күйзелісінен құтқарып, өмірге деген құштарлығын оятуымыз мүмкін ғой. Өз-өзін жоғалтқан бір адамның аяғынан тік тұрып, алға қарай қадам басуына себепші болу «топырақ тыңайтып, жәндікке пайда тигізгеннен» пайдалы деп ойлаймын. Бұл да өз ойым, мүмкін қате де болар.
Құдайдың берген өмірін пайдаға асырам десе көп ғой әдіс, сол адамның қолынан келетін бір нәрсеге мұқтаж басқа біреу міндетті түрде табылады.
Өте дұрыс айтасыз! ((
Gastarbaiter
Өлем деушілерге көмек берер едім. Бірақ заңға қарсы ғой!
Ал өмір сүргісі келетіндерге қолымнан келгенше әзірмін.
ademi_alem
Өлем деушілерге көмек берер едім. Бірақ заңға қарсы ғой!
қатырасыз )))))))
MickThatsMyNick
Ауруын жасырған өледі деген осы білем…
kaspi_meruerti
Адамдарға барға қанағат ету сезімі жетпейтін сияқты. Күйбең тірліктің қамы үшін барлығы мейірімділік, сабыр, қанағат, сүйіспеншілік деген нәрселерді ұмытып барады… Ажал құшуға деген құштарлығы басым жандардың көптігі көңіл көншітерлік жағдай емес… Адамдардың бір-біріне деген ықылас, назары, жылы пейілі арта түссе екен…
Tyulpan
мен Шығыс Қазақстан емес, Оңтүстік Қазақстанда өзіне қол салушылардың саны көп деп оқығанмын...
ондай көңілсіз кездер біз өмір сүріп отырған заманда әркімде кездеседі менше. кейбіреуі солай біреулерге өмір сүргісі келмейтінін айтып жатады, ал кейбіреулері іштей ойлайды, бірақ ешкімге айтпайды. ал біреулері өзіне қол салып үлгереді. кейде мүгедек адамдардың өмірге құштарлығына қарап, талпынысына қарап риза боласың, жылағың келеді. міне, осы сияқты нәрселер бізге өмірге басқаша қарауға стимул болуы тиіс…
bake
Өзіне қол жұмсаған адамдарды топ-топқа жіктеуге болмайтын шығар, бірақ жасы мен өмір тәжірибесіне қарай екі топқа келесі адамдарды біріктірсек:
1) Өмірде еш нәрсені көрмеген, қиындық не екенін білмейтін, туған-туысқаны түгел бозбала (арманға толы). 2) Өмірде орынын тапқан, әке немесе ана ретінде бақытты сыйлы жастағы адамдар. Осы екі топтағылар өздеріне қол жұмсап жатқанда «көз тигеннен» басқа түсіндіретін себеп таба алмай отыратынымыз бар. Көзге көрінер, құлаққа естілер себеп жоқ.