Керек-Галерея қосылды



Сайтымызға жаңа Галерея бөлімі қосылды. Қолданушылар альбомдар ашып, фотоларын қоса алады. Фотоларға атау және қысқаша түсінік жазуға болады. Ілмек қосу функциясы да бар және фото ішіндегі қолданушыларды да белгілеп қоя аласыз. Фотоларға пікір жазып және баға беруге де болады. Күннің Үздік фотосы алғашқы бетке шығып тұрады.

Фото қосу және түзетулер Жаңа пост сілтемесі арқылы жасалады. Жаңа фото қосу үшін алдымен альбом ашуыңыз қажет ал құрылған альбомға жаңа фотолар қосу үшін сол альбомды ашасыз.

Ескерту: Тек қана фотосуреттер ғана қоса аласыз. Максимум сурет саны 50. (алдағы уақытта көбейтілуі мүмкін)
Әрі қарай

Студенттер күні құтты болсын!

Бүгін студенттер күні. Осы күнде өзіміздің студенттік кезімізді еске түсірейік. Студенттік шағымыздағы фотоларды ілейік. Жанына қай жыл және қай жер екенін де жазуға да болады.


2000-шы жылдардың басы. Бірге оқитын қыздар Нихаль мен Элифпен бірге.
Әрі қарай

Мен енді ұстаз емеспін

Қысқасы жұмыстан шықтым, осы екінші тоқсаннан бастап жұмыс істемейтін болып шештім.

Басты себеп жалақы мәселесі, былтырғы оқу жылында сағатым аз болғандықтан, педагог ұйымдастырушы деген лауазымсымақты қоса атқардым, негізінде біздің мектеп орталау мектеп (тоғыз жылдық) бала саны да аз болғандықтан педагог ұйымдастырушы лауазымына штат ашуға заң жүзінде болмайтын еді, бірақ директорымыз өзіме көмекші болсын деген оймен, жұмысшының жарты жүктеме айлығын маған жазып пед-ұйымдастырушы деген қалпақты кигізе салған еді.

Сонымен не керек бір жыл бойы мектептің қағаз жұмыстарының көп бөлігі менің мойныма түсті, сабақ өтілмей қалатын кездер көбейді, директор таңдауның маған түсуі компьютерден аздап хабарымның болғандығында еді. Биылға оқу маусымында мен бұл жұмыстан бас тарттым, тыныш сабағымды өтіп жүрейін дедім, бірақ ойымдағыдай болмады, маған тиесілі 5 сағатқа директордың әйелі иелік етіпті, ол кісі анау-мынау емес ЖенПИ-дің сырттай бөлімінде 1-курс оқып жатыр екен, қош дедік, сонымен менің еншіме 8 ақ сағат бұйырыпты, айлығым 23000 теңге екен. Мұғалім үшін қыркүйек айында сағат алу өте маңызды, сағатыңа қарай жалақың да болады. Күзде сағат алу үшін өзге жыныстылармен жаға жыртысуға тура келетін кездерде болады, бірақ ондайға бармадым.

Екінші себеп ол жер менің ортам емес еді, мысалы мен мұғалімдерге арнап веб сайттар ашумен айналысатынмын, әрі веб бағдарламауға аздап әуесқойлығым бар екенін осындағылар білетін шығар, бірақ біздің ұжымнан ондаймен айналысатынымды ешкім білмейтін, білгісі де келмейтін немесе түсінбейтін еді, есесіне сайтқа байланысты әртүрлі қолдау қолпаштаулар мен сын-ескертпелерді басқа мектептің, басқа ауданның, басқа облыстың мұғалімдерінен еститінмін.

Үшінші себеп өзімді басқа саладан сынап көру көптен ойымда жүретін тек жақындарымның көңілдерін қимай мектепте істей бердім, жоғарыдағы себептер жақсы сылтау болды бір жағынан, енді біраз уақыт басымды тауға да тасқа да ұрып көрмекпін.

Бұл сіздерге мұң шағу емес тек ой бөлісу, сыбайласып қамқорлық жасаймын дегендерге алғыстан басқа айтарым жоқ, негізі жұмыстан шығу аса қорқынышты нәрсе емес екен.
Әрі қарай

Сатыпалды. Қайтыңызшы "Керекке"!


Мен әдемі жаза алмаймын, ақын да, журик© те емеспін.Тек ақырғы кезде Керекке кірген сайын бір қолданушының жоқ екені білініп тұрады. Сатыпалды ағашкамыз осы қайда жүр? Басында мен отпускіде шығар деп ойладым… бірақ келгісі келген адам қашан да уақыт табады ғой.
Мүмкін ол басқа бір сайт тауып алып, сол жақта елді жазалап© жүр.
Қайтыңызшы ауылға, плиз!
Әрі қарай

Қазақша смайліктер жасап шығарыпты

Кешелі бүгін әлеуметтік желілерде қытай қазақтары қазақша смайліктер жасапты деген жаңалықтар шығып жатыр сіздерге соларды юөліскім келіп отыр. Смайліктерді жасаған Қытайдың Нань Джин қаласындағы Дұң Нань университетінің 3-курс студенті Нұрсал Сетерханұлы деген азамат екен. Жақсы басатама бастаған екен алдағы уақытта жалғастырам деп отыр. Ісіне сәттілік тілейік.

Бір қызығы смайліктердің барлығының түсі қызыл екен. Бұл сол елдің жүргізіп отырған саясатына, ішкі жағдайына қатыстыма деген ой туды. Жалпы сіз бұл жігіттің жұмысы, әрекетіне не баға бересіз. Толығырақ Бақ.кз оқи аласыз.
Әрі қарай

Жалғыз ағаш орман болмас

Сіз қазіргі уақытта бойдақтардың, одан қалды ажырасқан жалғызбастылардың неге көбейіп бара жатқандығын және ол кімге тиімді екенін білесіз бе?
Мичиган университетінің ғалымы Цзянго Людің есептеуінше жалғызбастылар отбасылардан көрі барлығын көбірек тұтынады екен.
«Guardian» журналынан Эван Морисонның пайымдауынша бұл жағдай өндірушілер үшін тиімді екен. Бойдақтар төрт адамнан тұратын отбасымен салыстырғанда адам басына 38%-ға артық азық-түлік, 42%-ға артық қаптама, 55%-ға артық тоқ, 61%-ға артық газ тұтынады екен.
Ажырасу да нарыққа тиімді: өйткені отбасы шайқалса, енді екі үй, екі көлік, екі кір жуу машинасы, екі теледидар қажет деген сөз.
Әрі қарай

Бас гитарамен соло шығарма - Тәңірберген Молдабайдың әні



Эксклюзив! Қазақстанда алғаш рет бас гитарамен соло шығарма. «Музарт» тобының бас гитарисі Ерлан Құлахметовтың орындауында Тәңірберген Молдабайдың әні. Бұл әннің музыкасы 1964 жылы «Алдар Көсе» фильмінде қолданылды.
Әрі қарай