Chance күнделігі: Бірінші техникалық қызмет
Өткенде одометрім істемей қалған еді ғой. Жаңа барып, сервис орталықтан істетіп алдым. Кепілдікке кіреді екен, тіпті сервис кітапшасында «Одометр ауыстыру» деген арнайы беті де бар екен: демек бұлардың одометрлері тез кетеді.
Сервистері ұнады. Аздап сылбырлау, бірақ жалпы тұрғыда қызметтеріне көңілім толды. Процесін түсіндіре кетейін, кәделеріңе жарап қалар:
Сервистері ұнады. Аздап сылбырлау, бірақ жалпы тұрғыда қызметтеріне көңілім толды. Процесін түсіндіре кетейін, кәделеріңе жарап қалар:
- Барғаннан кейін сервис бөлімінің мамандарына жолығасың.
- Сервис кітапшаңды, техпаспортыңды көрсетесің.
- Механикке машинаңды тапсырасың.
- Тез жөнделетін (1-2 сағат ішінде) жұмыс болса, буфетте күте тұруыңды сұрайды.
- Буфеттен тех.орталық алақандағыдай көрінеді. — Қалай, қалай? — Алақандағыдай. — Қалай, қалай? — Алақандағыдай деймін, зайбал!
- Шайыңды ішіп отырып көлігіңді бақылап отырасың.
- Мамандар жұмыстарын бітіріп жатқанда, қайтадан сервис бөлімінің жігіттеріне барып, көліңіңді күтесің.
- Машина дайын болғанда қолыңа кілтті тапсырады.
Дұрыс болған. Енді ақау-сырқаулардан аман болсын