Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды.
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр.
Әрі қарай

Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның «Қытай зодиагы» атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің «Паркері» де, үш мықты шал түскен «Нағыз жігіттер» де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған «Ұста да қаш» та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді ұнататындар үшін киноға баруға жақсы себеп болмақ.

Қытай зодиагы / Доспехи Бога 3: Миссия Зодиак

Әрі қарай

Florida - Whistle (Dombira cover)

Жақында Флориданың «Уисл» әніне добмыраның әуенімен ремикс шыққан болатын.Сол әуенде қойып, Қазақстанның әдемі суреттерін қойып видео шығарып, ютубка салған едім, 1 ай ішінде 30 мың нан астам қаралым болды… Көргендердің 85 пайызы шетелдіктер екен… Барлықтары WOW!, amazing, like,I'm lovet,I love the pictures, деген сияқты пікірлерін жазғанда бір қуанып қалдым ツ… Және көбісі қандай аспап екенін, қай ел екен сұрап жатты… Видеоны көргендерің бәрі қызығып әйтеуір түрлі нәрселерді сұрап жатты… Сөзді көп созбай видеоны көрейік ::::::::ツツ




Ұнады ма, ұнамады ма пікірге жазып отсаңыздар.....

Рахмеет ツ ____)


░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓░▒▓
Көріскенше күн жақсы ...٩(●̮̮̃●̃)
Әрі қарай

«Лифт» сөзін қалай аударамыз?


«Жедел саты» дегенді балама ретінде қолданып жүргеніміз рас. Әрине, келісемін. Министрліктер үйіне барсаң, Парламентке кірсең олардың жедел екендігіне күмән келтіре алмайсың. Шақырдың, келді, міндің, түстің. Көптеген өзін құрметтейтін мекемелерде осылай. Ал бізде.
Әрі қарай

Apple Монополиясы



Бугін Apple-дін кемшіліктерін жазғым келген бірақ негізінде кемшіліктен гөрі адам сігу әдістері десе болатын шығар. Apple Кезінде Nokia істеген қулықтардың барлығын еселеп істеп жатыр. Nokia бір моделге қоскан функциясын келесі модельге қоспайтын немесе камерасын 2мп емес, 2.2мп-ге көтеріп дизайнды біраз ғана өзгертіп неше жыл аямай халықка итерген еді. Қазір ғой ол амалсыздан Lumia-ны шығарып, қолда бардың бәрін енгізіп, көтін жыртып жатқаны. Адамдар көзін ашқан соң Apple-дің жететін күні сол болады…

Осында 5 күн ақ ұстап көрген Iphone 4s-те көзіме ілінген ОЖ және телефонның кемшіліктерін
аралас түрде теріп шықтым.
Әрі қарай

Cырға

“Құран оқытамын, келіңдер”,-деп звондады қайным Қарқаралыдан. Руслан үйдің үлкені, бармаса болмайды. Автобусқа билетті бір күн бұрын алып қойдық. Қарағанды қақап тұр. Аяз қырыққа барған соң, мектептер мен колледждерде сабақ жоқ. Үй азынап кеткен. Жылытқыш қосып, бір бөлмеде қамалып отырмыз. Ертеңгілік күйеуім ұзатылатын қыздай боп ұзақ киінді. “Телефоным”,-деді Руслан кетіп бара жатып. “Қайтейін деп ең, бүгін барып, ертең келесің. Тағы жоғалтпақсың ғой”,-деп сөйлеп қоя бердім. Үндеген жоқ. Ай сайын бір телефон ауыстыратыны өзіне де аян.
Ойымда ештеңе жоқ. Университеттің бітпейтін қағазын басып отырғам. Қайным звондап тұр: “Руслан келді ме?”-дейді. “Келгені нес, сендерге кетті емес пе?-деппін жұлып алғандай. “Жол жабық екен, автобусты Қарағандыға қайтарыпты”. Мәссаған, содан Русланды іздеу басталды. Қалам ұстайды дегендердің бәріне хабарластым. Көрдім, білдім деген адам жоқ. Күні-түні телефонның құлағындамын. Соткасын бермегеніме өкінгенім ай. Бағдат Мүбәрәк “Сол күні автовокзалдан көргем, автобус болмаған соң такси іздеп жүрген”-деді. Қатты састым. Күйеу жоғалттым деп полицияға хабарластым. Полиция қызметкері келіп мынау асүй, мынау жатын бөлме деп үйімді фотоға түсіріп жүр. Ой, Алла-ай, мен күйеуімді Қарқаралыға жібердім десем, мыналар үйімді суретке алғаны несі деп таңғалдым да қойдым. Қоңыр күрте, қара малақай, қара бәтеңке киген адам деп Русланның түрін түстеп жазып алды да кетті.

Энгелсь ауылынан Бекзат деген жолдасы қоңыраулатты. “Аман Ахметжаннан естідім, Руслан жоғалып кетті ме? Қазір мен Қуаныш Медеубайға айтайын, суретін шығарып алып барлық кафе-мафелерді араласын. Вокзалда танысым бар, камерадан қарап береді”. Ішім жылып кеті. Айдалада жатып Русланға алаңдағанына. Сәлемі түзу болғанмен тонның ішкі бауындай араласқан емеспіз.

Русланның әләулайға хәләулай қосып, жоғалып кетуі бір бұл емес. Тек мына көк аяз құтымды қашырды. “Атының сыры иесіне мәлім” деген. Шаруасы біткен жерде жантая кететін әдеті бар. Қалтасында не телефон, не құжаты жоқ. Қарқаралыда қайныммен шамалас жігіт далада қап үсіп өліпті дегенді естігем. Үшінші күн дегенде шыдамадым, ауылдағы екі абысыныма келіңдер деп әлек салдым. Ондағы ойым ауруханаларды аралау. Кешке Қарағандыға шығамыз деді кіші келін. Қайынсыңлімнің күйеуі де осында. Мазасыз шақта Жеңісбек деген досы хабарласты. “Руслан қайда?” “Өзім де таба алмай отырмын.” “Жұбайы сен білмесең, кім біледі”,-деп сызылып тұр қарағым. “Сірә сен білетін болдың ғой”,-десем, иә қазір автобусқа отырғызып тұрмын дегені. “Көлік қатып қалып, осында сүйреп әкеп тастапты.” Уһ деп, жан-жаққа сүйіншілеп хабар жіберіп, қайным, абысыным, күйеу балам бәріміз күтіп алдық. Келген бетте төсекке тұмсығын тірей құлады.

Ертеңінде телефонның шырылынан ояндық. “Қайрат қой, үйіне қонбапты. Үйге шақырдым”,-деді Руслан. Күннің беті бері қарапты. Неше күн бір бөлмеге тығылған балалар кең дәлізге ойыншықтарын шашып тастап асыр салуға кірісті. Энгельстен Бекзат хабарласты. “Саған арнап сырға соқтырып жатырмын, келесі жоғалғаныңда бірден табамыз”,-деді есі шыға күліп.

Тура Русландікінен аумайтын қоңыр күрте киген Қайрат келді. Жұмыс қайда деймін. Жүріп жатыр дейді Қайрат еш саспастан. Екеуі тамақ ішті, ұйықтады, қайта тұрды, өлең оқыды. Кешкілік Қайрат үйіне жиналды. “Басқа жаққа бұрылып кетпейсің бе?”-дедім қадалып. “Жоқ”,-деді Қайрат жазықты жүзбен. Мен шығарып салайын деп лыпылдады Руслан. Бір-бірінен аумайтын қоңыр күрте киген екеу іркес-тіркес боп шықты. Содан бері ет асым уақыт өтті. Руслан жоқ. Қайрат та үйіне жетпепті.
Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

КерекИнфода 10000-шы пост!



2010 жылдың желтоқсанында басталған КерекИнфоның осы жаңа нұсқасында бүгінге дейін 10.000 пост жарияланыпты.
Оларға жазылған пікір саны 257222. Яғни орташа есеппен әр жазбаға 25 пікірден. Бір күнде шамамен 12 жазба жарияланады екен.

10 мыңдық межеге жетуімізбен құттықтаймын. Бөлісер мақала, жазар пікір, керек инфо көп болсын!
Әрі қарай

Шыда, жаным, шыдай түс, шыда тағы

Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай болмайды дейміз, дегенмен елімізде көп себептен ыдыс-аяқ сылдырының арты ауыр соққы мен тіпті өлімге, немесе әлімжеттік көрсеткенді өлтіруге дейін әкеліп жатыр.
Статистикаға сүйенсек қасақана жасалатын адам өліміне қатысты қылмыстың 30%-ын туыстар жасайды екен, ал жыл сайын 500-ге жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Әрбір үшінші отбасында әйел зорлық-зомбылық көреді.
Әрі қарай