«Лифт» сөзін қалай аударамыз?


«Жедел саты» дегенді балама ретінде қолданып жүргеніміз рас. Әрине, келісемін. Министрліктер үйіне барсаң, Парламентке кірсең олардың жедел екендігіне күмән келтіре алмайсың. Шақырдың, келді, міндің, түстің. Көптеген өзін құрметтейтін мекемелерде осылай. Ал бізде.
Ал біздегілерді «жедел» деп айтуға келмейді. 22 қабатты ғимаратқа делінген 4 лифт қызметкерлердің жүйкесін тексеруге жасалғандай сірә. Шақыра қойсаң – бәрі бір мезетте 22 қабатта немесе -1 деген қабатта тұрады. 1-і қабаттан көтерілетін болсаң бір жөн. Әйтеуір тезірек келеді. Ал біз тұрған 4-н шығып кету – бір мұң.
Төменге түскің келіп, лифтке келесің. 5-і қабатта тоқтап тұрғаны келеді ғой деген үмітпен астыға шақырсаң, қас қылғандай жоғарыға жүйтки жөнеледі. Үстіге көтерілгің келсе де сол. Кері кеткен жүйе. 1-4 қабат аралығында қатынайтын тағы 4 лифт бар. Олар да «жедел» деген атты қор қылып жүр. Мінсең тасбақамен жүргендейсің. Бірнеше рет қажет қабатымнан бұрын түсіп қалдым. Өйткені, өзгелері 10 қабатқа жететін уақытта 1 межені әрең бағындырады ғой сабазың. Қайта бізде таңдау бар. Ұнамаса сатымен түсе саламыз. Бізден жоғарылар не істейді екен?
Қыруар ақшаға салуын салып, соңына дейін жеткізбегені қызық. Қызық деймін-ау. Өзіме қызық емес қазір.
Бөлісу:

25 пікір

Beisek
Аудармай ақ қойсак та болады ғой. Әдемі сөз, қазақ тілінде сингармонды қолданылады. «лифтке лифтпен лифттен». лифті деп өзгерсе «лифтімен лифтіге лифтіден»
bake
келісемін, әзірше аударып қолданысқа енгізгенін пайдаланып сөйлем құрап үйренейік. Құлақ оны танып білетіндей: сорап -насос, ЖҚОС яғни ТНВД ғой) тұтқыш -рукоятка, жылдамдық қорабының тұтқышы, әрі қарай күрделіне береді. Толық техникадағы сөздерді қазақшаға аударып, қазаққа оқуға берсең түсінбейді. Мысалы. Жүнісбековке бір жағынан алғыс, автокөлік құрылысы туралы оқулық жазғанына, екінші жағынан оқушылар кітаптағы кейбір сөздердің тіркесін түсіну қиынсынады. Мысалы: жіпті пластина. Шынымызды айтсақ ондай «олқылық» өз басымызда бар. Техникалық сауатты орыс тілінде аштық, ақиқаты сол, бірақ мұндай құлдықтан құтылуға уақыт келді. Біліміздің деңгейі орыс тіліндегі нұсқасына қарамай жазуға жетет! Керекшілерге алғыс, біршама жазбаларыма ескертулер жасап, бетті қызартса да әділімен көмек көрсетті.
daugozhek
Тартқыш деп аудару керек. Лифт — тартқыш, Лифчик — төстартқыш
omarbirat
Іліпті. Түпнұсқаға да ұқсас, бірақ қазақ тіліне ыңғайластырылған. Сонымен қатар, бұл термин "ілу" деген етістіктің туындысы ретінде де жүре береді, өйткені трос арқылы төбеге ілініп тұрады ғой

деп қусаң   
daugozhek
төсілгіш болама сонда лифчик?
omarbirat
Екеуі екі нәрсе ғой негізі. Біреуі көтеріп-түсіреді, екіншісі ұстап тұрады
ruben
іліпті деген нұсқа — керемет! үндестік заңына да бағынады, шетелдік дыбысталуына да жақын
Barsa
түріктер asansör десе, әзерлер qaldırmaq, ал жапондар мен қытайлар сәйкесінше 持ち上げる және 電梯 дейді екен. Сондықтан да, «көтермек», «көтергіш» деп аударуды рекомендеймін
Abilakim
лифтер «Көтерткіш» болады ма?
ruben
асансөр — французша сөз, түріктер ойлап тапқан сөз емес.
Barsa
Солай болар, прикол үшін гугльтранслиттен ала салғанмын кенігі аудармашылар құсап салыстыра сөйлейін деп
ruben
жеделсаты — менің елестетуімде эскалатор.
Marco
Дәл! Лифт деген тіпті де сатыға келмейді ғой.
torgai
Осыны айта алмадым ғой. Рахмет!
kazkozha
Аспасаты десе ше??? сонда лифчик төсасқыш болады
MickThatsMyNick
негізі осыны ойлап тапқан адамның өзі берген атауымен қала берсін дә.
torgai
Астерикс пен Обеликс фильміне сенсек «Номернабис» салған болады ғой…
nurjanbay
лифттің аудармасы — арқанмен көтерілетін есігі бар жәшік.
torgai
Тым қысқа екен
nurjanbay
Ақтөбе-Алматы арасында қатынайтын Батыс пойызында туалетте су ағызатын кнопка бар. соған орысша «смыв» деп ала қазақша «су ағызуға арналған батырма» деп (есімде қалғаны осылай) аударып жазған. оған еш таңқалудың қажеті жоқ.
лифттің саты емес екені анық.
torgai
Ағызу деп жаза салса да ерсі көрінеді екен-ау. Дұрыс келісемін
ken
лифт дей берген жақсы ғой. төрт-ақ әріп.
torgai
Сол дұрыс. Енді солай қолданамын. Рахмет