Домбыра Party Астана 2013. Беташар
Биылғы кештердің шымылдығын түрдік. Өзіміз бас болған істі өңірлер әлдеқашан дөңгелетіп алып кетті. Әсіресе Алматы, Атырау, Жаңаөзеннің арыны қатты. Апта сайын дүрілдетіп жатыр. Бізге Арқаның адуынды мінезіне шыдауға тура келді. Мамырдың ортасынан асқанда Астана да жылыды-ау әйтеуір. Соның өзінде, кешегі Party-дің соңына қарай жағымыз үрпиісіп, тоңа бастадық.
Кешегі кездесу өнерпаздардың көптігімен ерекшеленді. Ең басты қонағымыз Жанғали Жүзбаев ағамыз. Аза таныстыруын келістіріп-ақ жазды ғой. Алғашқы адым сол кісінікі деп шештік. Ағай Тәттімбеттің «Саржайлауын», Сүгірдің «Шалқымасын» орындап берді. Ақсақалмен бірге «Шабыт» университетінен жас домбырашылар ере келген екен. Олар да төкпе күйдің шырайын келтірді. Әрине әттең-ай бар осы тұста. Алқа-қотан иірілген жұрт күйдің дауысын қалағандай ести алмаған сияқты. Сондықтан, келесіде, күйшілерге кішкене колонкалар қою жағын ойластырып көру керек.
Тағы бір өкінішіміз, өткен жылғы Party-лердің жұлдыздары болмады. Нұрғиса іссапарда, Аза Хабарға хабар тасып жүр. Шенеунік Алдан да кешігіп келді. Жазғыра алмаймыз. Жұмыстың аты жұмыс.
Дегенмен, суырылып шығып (кейбірін мәжбүрледік шыны керек) шырқағандар көп болды. Осыған қуандық. Келесіде ән айтам деушілер бұдан да көп болатынына сеніп тарқастық.
Иә, айтпақшы, кеше Астанамен қатар Алматы, Қызылорда, Атырау, Жаңаөзенде де Party өтті, менің білуімше. Енді бір-екі аптадан соң барлық өңір бірігіп, бір мезетте өткізетін боламыз. Кең даланың барлық ірі қаласында домбыра үнін әуелетіп, бір әнді бірігіп шырқаймыз. Әне флешмоб! Қайда әлгі Гиннес?
Әрі қарай
Кешегі кездесу өнерпаздардың көптігімен ерекшеленді. Ең басты қонағымыз Жанғали Жүзбаев ағамыз. Аза таныстыруын келістіріп-ақ жазды ғой. Алғашқы адым сол кісінікі деп шештік. Ағай Тәттімбеттің «Саржайлауын», Сүгірдің «Шалқымасын» орындап берді. Ақсақалмен бірге «Шабыт» университетінен жас домбырашылар ере келген екен. Олар да төкпе күйдің шырайын келтірді. Әрине әттең-ай бар осы тұста. Алқа-қотан иірілген жұрт күйдің дауысын қалағандай ести алмаған сияқты. Сондықтан, келесіде, күйшілерге кішкене колонкалар қою жағын ойластырып көру керек. Тағы бір өкінішіміз, өткен жылғы Party-лердің жұлдыздары болмады. Нұрғиса іссапарда, Аза Хабарға хабар тасып жүр. Шенеунік Алдан да кешігіп келді. Жазғыра алмаймыз. Жұмыстың аты жұмыс.
Дегенмен, суырылып шығып (кейбірін мәжбүрледік шыны керек) шырқағандар көп болды. Осыған қуандық. Келесіде ән айтам деушілер бұдан да көп болатынына сеніп тарқастық.
Иә, айтпақшы, кеше Астанамен қатар Алматы, Қызылорда, Атырау, Жаңаөзенде де Party өтті, менің білуімше. Енді бір-екі аптадан соң барлық өңір бірігіп, бір мезетте өткізетін боламыз. Кең даланың барлық ірі қаласында домбыра үнін әуелетіп, бір әнді бірігіп шырқаймыз. Әне флешмоб! Қайда әлгі Гиннес?




Шовинизм — (французша chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы сарбаз Николя Шовеннің аты-жөніне байланысты шыққан сөз) Солдат Николя Шовен өзінің басшысына кез келген сәтте, кез келген жерде шектен тыс адал болған. Аңызға сай, ол өз басшысын ешбір жауға сатпаған екен. Қазіргі таңда бұл сөз — шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы мен саясатты білдірсе керек. Шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты. Шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам. Ол өзінің ұлтшыл екенін білдірмеу мүмкін, бірақ шовинист басқа ұлт өкілдеріне көмектескен кезде де өз ұлтының мүддесі мен мәдениетін ескереді, соны жанама түрде насихаттап жүреді, басқаларды қызықтыруға тырысады. 1815-нші жылдардан кейінгі «Бурбон жаңғыртуы» кезеңінде бонапартизмнің онша танымал болмағанына қарамастан, аңызға сай, сарбаз Шовен Наполеонның нағыз жақтасы болады, тіпті жаға қайырмасына шегіргүл таққан, бұл аластатылған басшыға беріктік белгісі іспеттес. Жартылай аңыз тарихқа сай, Шовен кедейлігіне, еңбекке жарамсыздығына және мазақ етушілерге қарамастан «фанатты адал солдат» болған. Ол патшаны құдайға теңеп, оның кез келген сөзін дұрыс деп санап, онымен бірге бүкіл әлемді жаулап алуға дайындығын білдірген.
Былтыр интернетте «WiFi 25» атты шоу пайда болған-ды. Тұңғыш рет ҚазНетте жарық көрген интернет-шоу жастардың қызығып көретін бағдарламасына айналып үлгерді. «WiFi 25»-тің құрамы небәрі төрт адам ғана: Нұрмахан Мұқанұлы, Нұржан Еркінұлы, Әбіл Есентай, Махамбет Бейбітшілік. Солардың бірі, бұрынғы «Сөз тимесін» КВН командасының мүшесі Нұрмақанды әңгімеге тартқан едік.
Кезінде адамдар сол сұйықтықпты ауырған тістеріне жаққан да екен. Әсері жайлы мәліметтер жоқ секілді. Осы тектес шыбын-шіркей, ұсақ жәндіктермен қоректенетін құстар үшін Хан қызының сұйықтығы өзінің жеуге жарамсыз екенін білдіретін белгі болса керекті. Арақты ішуге болмайтынын білсе де ішетін адамдардың барлығы секілді оны жеуге болмайтыны білсе де жеп қоятын құстардың да табылуы заңдылық. Бірақ, ол байғұстардың өңеші (тамағы" күйіп қалады екен.