"Фотоаулау": Angry chicken :/

Иә, иә кеше көргендеріңіздей біз күні бойы Энгри Бердc ойнадық!

Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Барлығы былай басталды…

Әдеттегідей таңертеңгі тоғызда байқаудың ұйымдастырушыларынан тапсырма келді. Алдыңғы тапсырма оңай көрінгенімен. Кешегі тапсырма шұбатылып, шырматылып, шатасып, араласып-құраласып, қысқасы «черт» болып келді.

Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Әрине, бұл жолдарды оқыған Энгри бердстің фанаттарының [Батыр, мен, Аршат аға] ойына ең бірінші не келеді деп ойлайсыз? Samungке еш қатысы жоқ «KFC»-ма, әлде бұл ойынды ойнауға ең ыңғайлы samsungтың соңғы шыққан SmartTV-і ма?
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Әрине SmartTV!

Сонымен қатар Angry birds-та тек бір ғана тауық бар!
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/
Матильда

Ал жылдамдық дегенді, ондай үлкен жылдамдық қарап тұрсақ күнделікті өмірде, әсіресе тауыққа байланыстыру мүмкін еместей көрінді. Ал «виртуал есть виртуал», Энгри бердстардың жылдамдығы, күші соншалықты олар алдынан шыққан кез-келген қамалды бұзып өте алады дегенді алға қойып, Батыр, Рахат, мен үшеуіміз SmartTV іздедік. Біраз самсунгтың орталықтарын араладық…

SmartTV таппағаннан соң Globus-қа жол тарттық.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/
Globus-тан біздің жолымыз болып Sulpak-тан SmartTV-дан Angry birds-ті ойнауға рұқсат берді. Сөйтіп ең үлкен SmartTV-ден Angry birds-ті қостыртып алдық.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/
Ал енді тез-тез ойнап, екінші турдың соңынан шығатын Матильданы тезірек шығарып алып суретке түсіреміз деп тұрғанда, Рахат ол ойынды білмейді екен. Не керек содан 3-тен бастап Батыр екеуіміз кезектесіп Энгри бердс ойнап, «Angry chicken»-ді шығарамыз дегенше өзіміз «Энгри» болып кете жаздадық.
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/
Өйткені Матильда тек 7:30-да ашылды. Оған қуууанып  (өйткені шықпай жатқанға, соңына дейін ойнап Матильда Энгри бердстің бұл түрінде жоқ болса ше??????? деп іштей уайымдап тұрғанбыз).

Нәтижесінде төмендегі суретті алдық:
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Енді өзіміздің жауабымыздың дұрыстығына толық сенімді біздер суретті жарияласақ. 5 топтың суреті бес түрлі болып шығады ғой…
Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Бірақ біз өзіміздің жауабымыздың дұрыстығына соңына дейін сенімді болғанымызбен, соңында Энгри Бердсты тоқтамастан 4,30 сағат ойнаған Батыр екеуіміздің қолымыз ғана емес, басымыз да ауырып, бәріміздің көңіліміз түсіп кетті

Сосын настр.жоқ жатып ұйықтап қалдым тәтті түстер көрейін деп

______________________________________________________________________________________
P.S. Жауабы «Домиллионның жанында тауықты түсіру қажет болған, ал „км/час“-тың еш қатысы жоқ». Бұл байқаудың жауабын тек Орда мен Ювиж ғана жартылай тапты. Бірақ Орда «Домиллионды» түсіргенімен тауықты түсірген, ал Юви тауықты түсіргенімен ол «Домиллионда» түсірілгендігіне дәлел жоқ!

P.S.S. Кеше Рахат Гос.экзамен тапсырып 100/96 бал алды! Құттықтаймыыыыз

P.S.S.S. Сайттастар Photo Battle-дың тобына кіріп біздің суреттерге көбірек лайк, жалпы суреттерге көбірек қазақ тілінде пікір қалдырсаңыздар екен деген тілек бар!
Бөлісу:

8 пікір

rakisheva
Біз кеше неге күні бойы Angry Birds ойнағанымыздың жауабы немесе екінші күннің қорытындысы.
Alisher
Мына посттың соңғы жағы керемет жазылған екен!)) Мен мына жерінде жылап жібердім:
P.S.S. Кеше Рахат ГОСТ экзамен тапсырып 100/96 бал алды! Құттықтаймыыыыз
))
rakisheva
Бізді сыртымыздан фото мен видеоға түсіріп жүрген Ақылбек Амантұрлыұлы мен SmartTVді 4,30 сағат ойнауға рұқсат берген Сульпактың басшылығына рэспект
asaubota
Матильда шыққанша ойнадыңдар ма сонда? шынымен 4 жарым сағат?
SaryQazaQ
иә, Матильдаң да шығуға асықпайды екен. Қол көтеріп ойнаған қиын екен.
Соңғы түзету:
asaubota
қайта бір жағынан көңілді өткізіп жатырсыңдар ғой уақыттарыңды
satibaldi
Меніңше Керекинфолық топ креатифф көрсетті.Ал ойын шарты шынымен бұлыңғыр. Тап солай — жылдамдықтың рөлі бар деп шығуы да мүмкін еді.