Ындық Ондық. Тақырып аты өте маңызды, оқушыға түсінікті қылып жазуға тырысыңыз

Менде бір керемет сюжет бар...: Ындық Ондық. Тақырып аты өте маңызды, оқушыға түсінікті қылып жазуға тырысыңыз
«Алтай һәм Атырау арасындағы ұлан-ғайыр кең байтақ Дала мен сән-салтанаты келіскен, орындалған арман іспетті, мақтаныш Қала» журналының бас редакторы, құлағынан күн көрінер, қырып алар еті жоқ, еңкіш Марио Енжаров баспалдақпен жылдамдата басып шықты да, коридормен тырпылдата өтіп, кабинетіне қойып кетті. Тарс етіп жабылған қабылдау бөлмесі есігінің желі «Орал алды — қызыл тіл» деген жазуы бар плакатты жалп етіп жерге түсірді.
Әрі қарай

Сіз "Құран анықтамалығын" көшіріп алдыңыз ба?

Осындағы technosyndrom бауырым 2-3 ай бұрын өздеріңізге "Құран сөздерінің анықтамалығы" деген бір программа ұсынған болатын. Сілтемесі мына жерде. Сол программаны көшірмегендер болса, көшіріп алуға кеңес беремін.
Бізге сіздің әрбіріңіздің пікіріңіз маңызды. Сіз оның қандай болғанын қалар едіңіз? Нені қамтығанын ұнатар едіңіз? Сіздерден пікір күтеміз. Ортақ іске үлес қосыңыз.
Әрі қарай

Нағыз еркек

Соккер соққыр: Нағыз еркек
Ви́нсент Пи́тер «Ви́нни» Джонс — Уотфордтың тумасы. Жасы қазір 48-де.
Ағылшын футболшысы, бірақ Уэльс құрамасында өнер көрсеткен. Көбіңіз, әрине, оны футбол матчтарынан емес, көгілдір экрандағы фильмдерден көрдіңіздер.
Маған оның кинодағы рөлі жасыл алаңдағысынан аса өзгере қоймаған секілді көрінеді. Қай киносын қарамасам да не аз сөйлейтін, не мүлдем сөйлемейтін қанішер және қатігез кісі өлтірушіні сомдап жүреді.
Бала кезінде тәуір техника иесі болғанымен, ересек мансабында балташыға көбірек ұқсаттым. Нағыз жауынгер, қаймықпайтын дүлей. Жақындағанын шауып түсіреді. Оның бала кезінде футболмен қош айтысып, кейін қайта оралғанын да айтады білгіштер. Алайда, кейін ол енді қолапайсыз «ағаш» қорғаушы боп оралды. Бірақ, бұл жақсы, техникасы мығым қорғаушы — команданың жауы. Егер де, әрине, жартылай қорғаушыдан өзге амплуа ұстамайтын Барселона болмасаң.
«Жындылар бандасы» деп ат қойылған «Уимболдонның» құрамында Англия кубогін ұтып алған Винни кейін бірқатар ағылшын клубтарында ойнады. Қорғаушы және жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен ол 384 ресми матчта ойнап, 33 гол соқты.
Әрі қарай

Домбыра Party: Айтыс, дуэт, трио және ...

Блог - Marco: Домбыра Party: Айтыс, дуэт, трио және ...
Астанада болдың ба, Домбыра Party көрдің ба деп жырлайтын кез де келер. Біреуі ілгері, біреуі кейін, әйтеуір әр Party өзінше бір ерекшеленіп жүр. Әрбіреуінен соң «Осынысы мықты болды-ей», — деп тарқасамыз әйтеуір. Бұл жолы жұрттың бәріне майдай жағып, жатталып қалғаны – айтыс.
Әрі қарай

Қай шығарманы қайталап оқыр едіңіз?

Қазақ жазушыларының жазған дүниелері жетерлік. Іліп алары да бар, сүрте саларлары да жетерлік. Мына сауалнамада көрсетілген шығармалардың қайсысын қайталап оқуға қарсы емессіз. Сауалнаманың мақсатын сұраққа қатысты таза 35 пікірден соң жариялаймын. Жылдап күтуге де әзірмін.
Әрі қарай

Дүние жүзінің алқаштары. Дрюккенбильд

Кешегі латынамерикандық шолуда өзі қаншалықты қожалақ болса, көңілі соншалық ақ боррачо (пяншік) амиголарға тоқталып өткен болатынбыз, және оған AKY ештеңе демеген болатын. Ал скандинав халықтарының алқаштары болса, оларға тіпті ұқсамайды.
Әрі қарай

Шу қаласында да ДП өтті

Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтіп жатқан «домбыра пати» шарасы Шу қаласына да жетті. Ойда жоқта жасалған іс-шара болғандықтан қала белсенділері Шу қаласының құрметсіз азаматы Adiletshu деген кісінің бақшасына жинала салды. Жиналғандары көбі Adiletshu деген кісінің інілері болып шықты. Нақтырақ айтқанда төртеуі.
BlogCamp: Шу қаласында да ДП өтті
Әрі қарай

Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013

Блог - 19852407: Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013
Қарғыс алма, алғыс ал дейді. Кешегі Нұрғиса Асылбеков қонақ болған «Шалқар» радиосы, "Ұшқын" жастар бағдарламасының тікелей эфиріне Орал қаласынан Алмажай атты апамыз хабарласып: «Домбыра PARTY құптарлық шара. Оралда әр бейсенбі сайын өтіп тұрады, немерелерімізбен барып, демалып қаламыз. Рахмет!»,- деп, хабарласып, алғысын айтып жатыр. Оралдағы шара өзінің тұрақты көрермендерін тапқанына мәз боп қалдық.
Әрі қарай