Ындық Ондық. Тақырып аты өте маңызды, оқушыға түсінікті қылып жазуға тырысыңыз

Менде бір керемет сюжет бар...: Ындық Ондық. Тақырып аты өте маңызды, оқушыға түсінікті қылып жазуға тырысыңыз
«Алтай һәм Атырау арасындағы ұлан-ғайыр кең байтақ Дала мен сән-салтанаты келіскен, орындалған арман іспетті, мақтаныш Қала» журналының бас редакторы, құлағынан күн көрінер, қырып алар еті жоқ, еңкіш Марио Енжаров баспалдақпен жылдамдата басып шықты да, коридормен тырпылдата өтіп, кабинетіне қойып кетті. Тарс етіп жабылған қабылдау бөлмесі есігінің желі «Орал алды — қызыл тіл» деген жазуы бар плакатты жалп етіп жерге түсірді.

Open Space-те отырған қызметкерлер жапырлай бас көтеріп, бастықтың соңынан қарап, аңырайысып-аңырайысып қалды.

Клавиатураның алдында қыздия қылған хатшы қызға иек қағып, өзінің бөлмесіне өткен Марио тышқанын тартқылап-тартқылап, компьютерін «оятып» алды да, әлденені сатырлата жөнелді.

СЕО-сының әдетін білетін Джулиана Біркемпірова еппен барып ішкі есікті жауып қойды.

* * *

Бас редактордың блогер бола қойғанына көп бола қойған жоқ-ты. Басшылық бұйрық берген соң, амалсыз әлдебір тренингтерге қатысып, бірдеңе ұғынбақ болған. Бірақ… болмады. Амалсыз, өзі түртінектеп, ізденді. Ұштығын тапқандай еді. Алайда, түсініксіз терминдер мен тұманды мысалдар арасында адасып қалды. Ақырында, "әйқойшылап" қолын бір-ақ сілтеді де, өз таным-қабылдауының аясында бастап кетті.

* * *

Халықтың жоқшылығы мен жағдайы туралы, елдегі тілдің хал-ахуалы туралы ойын экранға түсіріп алған Марио саусағымен үстел бетін ұрғылап сәл отырды да, ырқ еткен қызық дыбыс шығарды. Мұнысы көңілінің толғандығын білдіретін. Мәтінді көзімен бір шолып шығып, әлдебір қанағаттанған сезіммен (әсіресе, тақырыбы ұнады өзіне) жариялап жіберді.

* * *

Сұхбатқа асығып отырған параспорт бөлімінің журналисті, үшінші курс студенті Ховард Естімәмбет қысқа жаңалығын тез-тез жазып бітірді де, оң жақ жоғарғы бұрышқа курсорды апарып, бағдарламаны жаппақшы болып, басып қалып еді, көлбең етіп шыға келген бас редактордың агенттік микроблогындағы жазба «атаңанәлет» Эксплорерді ашып жіберіп, құм сағатын ойнатып тұра қалды. Қойтан жылғы редакциялық ескі компьютер мұндай ылдым-жылдым процеске ілесе алмай, есі ауып қалды.

Сол-ақ екен «Тфү», «Елки», «Блин!» деген ашу, ыза, қапа аралас сөздер Open Space-тың әр жер-әр жерінен бұрқ-бұрқ етті.
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
сағыныппын осындай жазбаларыңды, велкамбэк!
Aldeken
бар екенсің ғо, бауырым! тағжаз, әнассс…
asaubota
басқа редакцияларда да осындай жағдай. ал өздері жабылып, орнына интернет нұсқасы ашылатын бір редакцияда хал мүшкіл.
dark_nazgul
Уф. Кешеден бері арманым еді, осы жазбаны оқу.
Менің бауырым ғой))))
AKA
«Алтай һәм Атырау арасындағы ұлан-ғайыр кең байтақ Дала мен сән-салтанаты келіскен, орындалған арман іспетті, мақтаныш Қала» журналының
 
torgai
Не жазды екен деп толғанып отырғаным
AKY
«Орал алды — қызыл тіл»
qisyq
Соны сен байқамасаң, басқа ешкім байқамайды ғой))
Соңғы түзету:
Basic
Кілт сөздерді айтшиш
qisyq
Соған қарамастан аз оқылыпты.