КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар,
Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист ретінде жазбаларын жазуда. Сайт редакциясы КерекИнфолықтардан құралған. Daniar-Alan мультимедиа редакторы, aikarakoz SMM менеджер, <ls user=«aizhuka аудармашы-редактор, мен осы жобаның басқарушы-редакторымын.
Колумнистерді де танисыздар: Nurgisa patick kozildirik zholantai ushkin
(Бұл тізім әлі де ұлғаяды)
Өңірлердегі тілшілеріміз қатарында да КерекИнфолықтар бар. Олардың қазір тізімдері нақтылануда. Кейінірек жазамын
Сайтымызға күнде бір рет кіріп тұрсаңыз, дос-таныстарыңызға да айтып тұрсаңыз қуанамыз. Сайттастарымыздың қолдауын сезінгіміз келеді. Әлеуметтік желілерде де бізге қосылыңыздар.
Үлкен рахмет!
Munara.KZ
Вконтакте
МойМир


Ел жаққа барған соң ауыл тірлігіне араласпасаң тағы болмайды. Екі қолды желкеге қойып, екі тістің арасынан «шырт» түкіріп жататындарды ол жақта ұната қоймайды. Сондықтан да айт алдында ауылға барған мен ауыл тірлігіне бел шеше кірісіп кеттім. Ағамның жаз бойы шапқан шөптерін тасыдық.
Мекенжай бойынша келіп, бірнеше минут күтіп тұрдым. Жұмыс уақытым аяқталып қалған, сол себепті ары қарай күтпей, үйіме қайтуды ойладым. Бірақ ол ойымнан айнып қалып, көлігімнен түстім де, үй есігін қақтым. Есіктің арғы жағынан:






