Кіші футболдан өткен турнир
№ 16 орта мектепте Қазалы қаласына белгілі тұлға, ардақты ұстаз Алмас Ерімбетовты еске алуға арналған кіші футболдан жарыс өтті. Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жора жолдастары. Әсіресе дос-жарандарының ұйымдастырудағы белсенділігі жоғары деңгейде болғандығын атап кету артық болмас.
Енді, турнир жайына келер болсақ, жарысқа барлығы 6 мекеме қатысты:
1. "Қазалысушар" ( Өндірістік учаске құрамасы,
2. № 16 мектеп ( мектеп ұжымы, алаң иелері)
3. № 95 мектеп ( мектеп ұжымы құрамасы)
4. Жастар құрамасы (Ұйымдастырушылардың құрамасы, нағыз фавориттер)
5. Қазалы аграрлық-техникалық колледжі ( Колледж ұжымы )
6.Қазалы жүйке аурулар интернаты ( Мекеме ұжымы
Командалар арнайы жасалған жеребе бойынша 2 топқа бөлініп, ұпайларды сарапқа салды:
Жарыс барысында түсірілген фотолардан шолу, суретті тәжірбиесіз адам түсірген екен, сондықтан сапасы мен тәжірбиесі үшін кешірім сұраймын:
Жарыстардың көп жағдайда әнұранмен басталатыны белгілі, бізде қалмайық дедік:
Мектеп директорының турнирді ашу барысы, көп сөйлемеді, сонысына ырза болдым:
Марқұмның туыстары да сөз сөйледі, толқып кетеді екенсің:
Алғашқы ойын Жастар құрамасы мен Жүйке аурулар интернаты арасында өтті, есеп 3-2
Келесі матч: № 95 мектеп пен Қазалысушар арасында өтті, есеп 0-6
Келесі матч: аграрлық-техникалық колледжі бен жүйке аурулар интернаты арасында өтті, есеп 1-2
Келесі матч: № 16 мектеп пен № 95 мектеп арасында өтті, есеп 1-3
Келесі матч: аграрлық-техникалық колледжі бен жастар құрамасы арасында өтті, есеп 2-6
Келесі матч: Қазалысушар мен№ 16 мектеп арасында өтті, есеп 3-3
Финалдық ойындар
Келесі матч: 3-ші орын № 95 мектеп пен жүйке аурулар интернаты арасында өтті, есеп 0-2
Соңғы матч: 1-ші орын үшін Жастар құрамасы мен Қазалысушар арасында өтті, есеп 4-3
Марапаттау салтанаты:
Осылай, бұл турнирді аяқтадық және жылда өткізіп тұратын болып келістік. Орын алған командаларға әдеттегідей бағалы саналатын грамота мен сағаттар тарту етілді, сонымен ауыспалы кубок алғашқы иесін тапты.
Енді, турнирден тыс суреттерге назар аударсақ:
№ 16 мектеп командасының қолдаушы тобы немес жанкүйерлері, сонда да орынсыз қалды олар
Ұялшақ барселондық
Ойыннан соң, асханадағы дәмнен алып, асқазанның жайын қалыпқа келтірдік.
Жарысты ұйымдастырушылар, жарыс жеңімпаздары
Бұл біздің ұжым, мекемеге жеңімпаз болып қайттық, ешкім бізден жеңіс күтпеп еді
5 пікір