Күлкі терапиясы

«Целитель Адамс» (1998 ж.) фильмінің басты кейіпкері — жәй дәрігер қызметін атқарушы ғана емес, нағыз емші. Экрандағы көрініс арбайды, көңіл шерін қозғайды, ойландырады, күлдіреді, тебірентеді, кей тұстарында жылатады, дегенмен өте мейірімді кино.
Біз үшін дәрігер — мамандық. Ол адам баласының денсаулығын қарайды, ем қойып, дәрі белгілейді. Бұдан артық ықылас бөлінбейді. Кей кездері дәрігерлердің дөрекі мінезін де аңғарасың, сондықтан да болар, соңғы уақытта көп адам шаманың келгенінше ақылы емханаларға барады.
Бұл ғибратты фильмдегі оқиға өмірден алынған. Осы дүниеде еш өзінің пайдасы үшін емес, шын ниетімен жақсылық жасайтын адамдар бар екеніне көзің жетеді. Соның бірі — кинодағы Пэтч. Оның жақсы бір сөзі есімде қалды. «Дәрігер болу үшін ауруды ғана емес, ауырған адамды емдеуге үйрену керек».
Ол жанның емі көңілдің көтеріңкі болуында деп табады. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға күлкі сыйлайды. Тапқырлығымен езуіңе еріксіз күлкі үйіртіп, жаныңды жадыратады. Әпенділік қылықтарымен, іс-әрекетімен жұрттың күлкісін тудырып, күлкімен көңілдерін жасартып, hәм өмірін ұзартады. Шынымен де күлкі бар жерде өмір бар. Күлкі — күллі жаманшылық атаулыға, әртүрлі дертке қарсы қолданатын қуатты қару.
Демалыста отбасыңмен отырып көретін фильм. Сөнбеуге, бір орында қалмауға, тоқтамауға, алға қойған мақсаттарға жетуге үйретеді.
Киностан: Күлкі терапиясы
Әрі қарай

Төрт мезгіл сыр шертеді...

Блог - temir_88: Төрт мезгіл сыр шертеді...
Сүйіктісін асыға, сабырлы кейіппен күте жерге Қыс кіріп келеді. Жүзінде күлкі болады… Сүйіктісін көремін-ау деген үмітпен асықтығой, шіркін! Жайдары мінезін танытты… жерде аздап күн жылып тұрады. Уақыт өтті, күткен ғашығы әлі келмеді. Ашуға булықты, жүзінің суығы сондай аққан жасы, қар болып жерге түсті. Келіп қалар деген үмітпен ашулы жүзін аздап күлімсіретті. Келмеді… Қаһарлана ашу шақыра бастады, қатты күрсінді… күрсінісі жерге жел болып келді, ашу үстіндегі күрсінісі боранға ұласты. Еңк-еңк жылады, аққан жасы қар болып жерге домалады. Аздап тағы күлімсіреді, жердегі қар ери бастады… шыдамы таусылып, жүзін қайта мұң басты, жерде қатты аяз болды. Еріген жасы мұз болып қатты… жер тайғақ болды. Сүйіктісін сарыла күткен Қыс уақыт жақындаған сайын алып-ұшып, жүзіне күлкі үйіріле бастады… жерде күн шықты. Тағыда көре алмай қаламынба деген ой келді… түрі бұзылды, ашуын сілкіп-сілкіп жіберді… жерге қайта қар жауды...үһ! деп қатты күрсініп еді… жерде жел тұра бастады. Көктемді есіне алып күлімсіреді, өткен жылы көре алмай кеткен өкініші қайта оралып, жерді қайта аққан суық жасымен көмкеріп тастады. Осылайша сүйіктісін жолықтыра алмай Қыс жолымен кете барды…
Сүіктісін сағынған Көктем алып-ұшып жүгіріп келеді… жүзінде күлкісі бар еді… бірақ сүйіктісіне жете алмады… тек Қыс қалдырған суық жасын қолына алып, бауырына басып өксіп-өксіп жылап алды. Азда болса сүйіктісінен қалған қарды көктемнің көз жасы шайып жіберді. Сүйіктісінен қалған естелігін жоғалтып алғанына қатты өкінді...үсті басы быт-шыт болды… жер лайланды… күрсініп әбден жылады… жерде күн күркіреп, жауын жауды. Аздан соң есін жыйды...Қысты іздеп барамынғой… мүмкін жолығармыз… Сондықтанда өзімді күтейін деп әрлене бастады. Сұлуланды, тез-тез сүйіктісінің жүрген жолымен қуып жетпек болды. Асықты. Әлсін-әлсін жылап алады… жерде жауын жауады. Бойын қайта түзеп, қайта әрлене бастайды… көктемнің аққан жасынан жер көктеген үстіне көктейді… Осылай сұлуланып сүйіктісінің ізімен кете береді… жерде жылу пайда болады.
Жаз Көктемнің сүйіктісінің жолымен асығып бара жатқанын көреді. Қуанады, ақ жол тілеп шығарып салады… жерде күн шуағын шашып ыси бастайды. Үнемі күліп жүретін Жаз, Көктемнен қалған әдемі естеліктерді жылытып, одан сайын құлпырта түседі. Сүйікті Күзді сағынып, күтіп жүреді. Күз келеді деп айналаны әрлейді… жерде жемістер пісе бастайды, күн шуағын аямай төгеді. Төзімі таусылады, еңкілдеп жылап алады, Жаздың аққан жасы жерге ақ жауын болып тамшылайды. Әбден шаршайды, әлсін-әлсін күрсініп қояды… күрсінісі жерге самал жел боп келеді. Осылайша асыға күткен сүйіктісі Күздіңде келер уақыты таяп қалады. Қуанады, бірақ көре алмай қаламын-ау деген өкініші жерге аздап салқындық сыйлайды. Сонымен артына жәймендеп көз тастап кетер жолымен жылжи береді.
Күз асығып Жазды көремін деп жүгіріп келеді. Өкініштісі, тек кетіп бара жатқан Жаздың арқасынан қарап, қол бұлғаған күйі қалады. Қарап ұзақ тұрады. Тым болмағанда көрдімғой оны, деп сағынышты жүзіне күлкі үйіріледі. Жерде Жаздан қалған аздаған жылулық сақталып тұрады. Сүйіктісен қалған естелікті бұзғысы келмей сүйсініп ұзақ жүреді. Дегенменде шыдамы бітіп, кеудесін өкініш кернеп жылап қоя береді. Күзден аққан жас жерге сел болып ағады. Қатты күрсінеді… жердегі жылу бір пәсте таусылып, салқын түсе бастайды. Өксігін баса алмай Күз ұзақ жылайды, ашуға булығады… жерде қатты жауын жауып, сұрланып, жел тұрады. Буырқанып, бұрқан-талқан болған Күздің көзінен жас кетпейді.Осылайша өзінің сүйіктісінің жолымен кете барады… Осылайша ғашықтар көрісе алмай әлемді айналып жүре береді.
Әр мезгіл өзінің сағынышына қарай сыр шертетін сияқты көрінді мен үшін. Сондықтан тек өз ойыммен қысқа етіп жазып шықтым. Биылғы Қыс сүйіктісін қатты-қатты сағынған секілді болдыма? Қалай өзі? Ашуы әліде қайтар емес.
Әрі қарай

Бақ шапқан сәт

Doing a Bradbury. Тек қана Австралияға тән осындай тұрақты сөз тіркесі бар. Мағынасы «еш күш салмай табысқа жету» дегенді білдіреді. Тіркестің пайда болуына спорт тарихындағы аса бір таңғажайып оқиға себеп болды.
Блог - Marco: Бақ шапқан сәт
Әрі қарай

Қожалақ

Елді басқан түсі суық Заман кетпей-ақ қойды, Ақ Патша тағынан кетті, сонда да халық жай таппады. Үлкен індет елге тарады. Адамдарды адастырды. Ауылдар да жаяр малдары жоғалып, күнкөріс мал көзінен айырылған ел де аштыққа ұшырады.
Аштықты өткерген, жайлауға көшетіндей малы қалмаған қыстақтағы ауылда кемпір мен шал тұрыпты. Бала сүймепті.
Әрі қарай

Біліміңді «Метрода» тексеріп көр

31 арнаның» эфирінде «Метро» реалити-шоуының кезекті маусымы басталды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап бағдарламаның жүргізушісі болып келген Вадим Фишерді белгілі шоумен Данияр Батырбаев алмастырады. Ал Вадим, біздің естуімізше, Жаңа жыл қарсаңында Украинадан келген ару қызбен шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірдің қызықтарымен әуре болып жүр екен. Көріп тұрғанымыздай, «Метро» бағдарламасы Вадимнің өміріне оң өзгерістер сыйлаған.
Естеріңізге салайық, реалити-шоу еліміздегі ең қымбат «түсірілім павильоны» саналатын Алматы метрополитенінде түсіріліп келеді. Қазақстандықтар үшін метро жай ғана қатынас құралы емес, сондай-ақ қаланың баға жетпес құндылығы, мақтанышы. Әлемдегі бірегей жобаның идеясын қазақстандық команда жасақтаған. Отандық көрермендер оған оң бағасын беріп үлгерген, қазірде бағдарлама жоғары рейтингке ие. Шоу «31 арнадағы» «Үздік телеойын» атанды. Реелити-шоудың бастамашылары – «31 арна» мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауына ие болған «Метрополитен» ҚМК.
Блог - 31arna: Біліміңді «Метрода» тексеріп көр

Телешоудың ережелері қарапайым: 8 қатысушы жол бойында жүргізуші Данияр Батырбаевтың қойған сұрақтарына дұрыс жауап беріп отыруы керек (жолда 7 стансаны жүріп өтеді). Әрбір стансада дұрыс жауап бере алмаған бір ойыншы ойыннан шығып отырады. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Жауап беруге мүмкіндік алу үшін арнайы «жалаушаны» бірінші болып көтеру керек. Дұрыс жауап берген қатысушы ұпайы аз бір қарсыласынан құтылады. Ең соңында қалған ойыншы жеңімпаз деп танылып, 15 000 теңге көлемінде сыйлық алады. Ал суперойынға шыққан финалист екі есе көп ұтысқа ие болады.
Бағдарламаның режиссері Виктор Капицевтің айтуынша, шоу қазақстандық көрермендерге жақсы таныла бастаған, қазірдің өзінде қатысамын деушілер түсірілім алаңына ерікті түрде келіп жатыр екен.
— Біз бағдарламаны әлеуметтік белсенділігі жоғары, әлемде және елде болып жатқан оқиғалардан хабардар қазақстандықтарға бағыттадық, — дейді Виктор Капицев. – Өйткені бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрі қолжетімді болды. Сөйтіп біз қазақстандықтардың жан-жақты, білімді, тапқыр, көңілді әрі артта қалмағанын дәлелдегіміз келді. Бағдарламаның басты мақсаты осы.
— Барлығын қызықтыратын сұрақ – бағдарламадағы тапсырмалар қаншалықты қиын?
— Сұрақтар түрліше, табиғат пен асханадан бастап саясат пен олимпиаданы да қамтиды. Негізінен, өмірдің барлық саласын қамтуға тырысамыз. Тәжірибе көрсеткендей, 35 жастан асқан адамдар басқаларға қарағанда білімдірек болып шықты. Дегенмен бағдарламаға белгілі бір ақпаратты білмейтін қазақстандық тап болса, біз оған әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып жүруді үйреткіміз келеді.
— Виктор, жүргізушінің ауысқаны бағдарламаға қалай әсер етті?
— Әзірге айту қиын, бағдарлама эфирге шығып, рейтинг белгілі болған жағдайда ғана бұл туралы айтуға болады. Данияр Вадим сияқты емес. Оларды салыстыруға болмас. Даниярадың өзіндік ойынды жүргізу мәнері бар, ол шығармашылық адамы, тіпті дене бітімі мен терісінің түсі де өзгеше. Ол мүлде басқаша! Маған ол ұнап қалды.
— Жүргізушілерді де білім деңгейіне қарай таңдадаңыздар ма?
— Иә, осы рөлге үміткер болған он шақты жүргізушінің арасында кастинг жүргіздік, тапсырма ретінде оқиғаларды ойдан құрастырып, оларды шатастыруға тырыстық. Жүргізушілердің одан қалай сытылып шығатынын көргіміз келді. Өйткені біз түсірілім барысында бағдарламаға кедергі болмау үшін араласпаймыз. Себебі бұл реалити-шоу. Ал бізге керегі – ойыншының эмоциясы. Данияр осы сыннан өтті.
Блог - 31arna: Біліміңді «Метрода» тексеріп көр
— Метро» бағдарламасы «31 арнаны» қалай сипаттайды?
— Біздің бағдарлама «31 арнадағы» «Үздік телеойын» атанғанын мақтанышпен айта аламын. Бағдарлама бұл арнаға барлық сипаты жағынан сәйкес келеді. Өйткені «31 арна» өзі көңілді, серпінді, танымдық арна ғой. Арна қандай болса, бағдарлама да сондай!
Айта кетейік, «Метро» бағдарламасының жалғасы наурыз айында түсіріле бастайды. Сондықтан көктемде Алматы метросының жанынан құр өтпеңіз.

Ал әзірге, ақпан айында «31 арнадан» бағдарламаны тамашалап, қатысушылармен бірге өз біліміңізді тексеріңіз!
Әрі қарай

Әсел Сәдуақасова: Театрда ойнауды армандаймын

Киностан: Әсел Сәдуақасова: Театрда ойнауды армандаймын
Фугаға шалдыққан адам толық өзгереді, басқа біреуге айналып шыға келеді және бұрынғы сана-сезімімен ештеңе қалмайды.

Мені сюжет, сценарий қызықтырды және ол қызығушылық түсірілім біткенше «кетпей қойды». Егер фильм маған соншалықты ұнаса, жаман болмауы керек деп ойладым. Оның үстіне актриса ретінде әлі ешкім көрмеген жаңа амплуада ел алдына шығу, имиджді толық ауыстыру, мүлдем ерекше актерлік ойын көрсету де ықпал етпей қоймады.
Әрі қарай

1990 жылғы айтыстың видеосы

Жуырда Петропавлға Нәсіпжан жеңгеміз келді. Ол суырып салма айтысты қалыптастырушылардың бірі, солтүстіктің тумасы, марқұм Ерік Асқаровтың жұбайы. Мен үшін бұл үлкен қуаныш болды. Себебі Ерік Асқаровтың жеке сайтын ашу туралы идея туып, соны ісе асырып материял жинап жүрген едік. Көп мәлімет айтып, 1990 жыл болған айтыстың видеосын берді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамын.


Ерік Асқаров туралы Нәсіпжан жеңгеміздің әсерлі әңгімесін сілтемемен өтіп көре аласыздар.
Әрі қарай

Сәлемдеу - Saleming

Сочи Олимпиадасына кетер алдында Александр Данилов деген досым «Сочиде маған сәлем жазшы» деп өтінді. Жұмыстағы бір ағай да «Нұр Отан» туын алып фотоға түсші" деді. Осылайша ел-жұртқа сәлемдемелер түсіре бастадым. Мұны Сәлемдеу немесе Saleming деп атағым келеді. Осыны блогерлер арасында жаңа үрдіс қылып қалыптастырайық.

Сәлемдеу немесе Saleming деген не?
Бір сапарға шыққан кезде біреуге сәлем жіберудің сурет арқылы жасалу түрі. Нақты бір формасы жоқ, адам өз фантазиясына қарай түрлендірсе болады. Сәлемді суретке түсіріп, әлеуметтік желі немесе блог арқылы жарияланады. Өзіне де басқаға да көңіл-күй сыйлайды. Жасырын жарнама мақсатында да қолдануға болады.

Менің Сочиде істеген saleming-терім:

Досым Саша үшін Сочидің Басты Медиаорталығына аккредитация жасау орталығындағы ойын нәтижелері жазылатын тақтаға жазып кеттім.
Блог - asaubota: Сәлемдеу - Saleming

«Мұнай тамшылары» Жайдарман командасының ойыншысы Райымбек Фейсбукта өзіне сәлем жолдауымды өтінді.
Блог - asaubota: Сәлемдеу - Saleming

Өзім жұмыс істейтін Munara.kz сайтының редакциясына мынандай сәлем жолдадым.
Блог - asaubota: Сәлемдеу - Saleming

«Нұр Отанға» бір сәлем!
Блог - asaubota: Сәлемдеу - Saleming
Әрі қарай

Тек маған жазылғандарға ғана сұрақ жіберемін

Блог - Rafaello: Тек маған жазылғандарға ғана сұрақ жіберемін
sura.kz/Rafaello

Sura.kz сайтына тіркелдім. Суреттен көргеніңіздей әзірше тек 5 жауабым бар. Өйткені тек сапалы сұрақтарға ғана жауап беремін немесе тек ұнаған сұрақтарға. Өзім бірнеше адамға сұрақ жібердім. Түрлі жауаптар алдым. 'Күткенімдей қызық жауаптар берілуде. Дегенмен шок жауаптар да бар. Әзіл деңгейі төмен адамдар қалай өмір сүреді екен деп таң қаламын жалпы…

Сұрақтарыма жауаптар: sura.kz/q/Rafaello/asked

Жазыламыз, лайк басамыз!
Әрі қарай