Қожалақ
Елді басқан түсі суық Заман кетпей-ақ қойды, Ақ Патша тағынан кетті, сонда да халық жай таппады. Үлкен індет елге тарады. Адамдарды адастырды. Ауылдар да жаяр малдары жоғалып, күнкөріс мал көзінен айырылған ел де аштыққа ұшырады.
Аштықты өткерген, жайлауға көшетіндей малы қалмаған қыстақтағы ауылда кемпір мен шал тұрыпты. Бала сүймепті.
Күз кезі. Шал мен кемпір таңертең тұрып, жалғыз сиырларын саумақшы болады. Шал қораға кірсе, сиыр алдындағы оттықта жаман-жұтық шүберекке оралған бала жатыр.
Шал мен кемпір баланы үйлеріне алып келеді. Баланың үсті-басы қотыр. Соған қарамастан бірінші күннен бастап өз балаларындай көріп, күтіп бағады.
-Көз тимесін, -деп, шал мен кемпір баланы Қожалақ атайды.
Шал ұсақ-түйек аңға аңшылық жасап, қоянның етін, терісін анда-санда түлкі терісін үйге әкеледі. Кемпір терілерді илеп, киім тігеді екен. Тұрмыстары аз болсын түзеле бастайды. Заманның суық мінезі сәл жұмсарғандай, елдің өмірі оңалады. Жас адамдар үйленеді. Ауыл балаға толады.
Қартайған шақтарында шал мен кемпір жақын адамды тапты. Бұл өмірде жалғыз емес. Бойларынан әл кеткенде, қолғабыстары бар, соған разы болып, қуанды.
Бала тез өсті. Кішкентай жоқ, кір-кір, үсті қотыр басқан бала демейсің. Жеті жастағы бала. Балалармен ойнап, жазда жердің шаңын шығарып, қыста мұздың үстінде сырғанайды.
Бақыр тиын
Қыстың бір күнінде Қожалақ сиырды суат басына айдап апарады. Сол жерден аяғына былғары етік киген, келте тоны бар ер адамның ерттелген атын суарып тұрғанын байқайды. Танымайды, ауылдың адамы емес.
Атын суарып, оған мініп алып, Қожалақ қасынан өтіп бара жатса:
-Балақай, атың кім?
-Қожалақ.
-Кімнің баласы боласың?
-Атамның, апамның.
-Атамның, апамның баласы деймісің? Көмектесесің ғой атаң мен апаңа.
-Көмектесемін.
-Ақша апарып берсең, жақсы көмектесер едің.
-Ақшаны қайдан аламын?
-Басындағы тымағыңды сатып алайын.
Қожалақ атасы мен апасына «ақша апарып көмек көрсетсем, жақсы болады» деп шешім қабылдады.
Салт атты Қожалақтың тымағын алып, оның орнына ақша берді.
Сиырды суарған соң, Қожалақ үйге тез қайтты. Суат басында ауылдың малы су ішіп болғанша балалар мұздың үстінде сырғанап ойнайтын. Балаларды тосып, ойнағанға жағдайы жоқ. Қыстың аязды күні болмаса да, күн жалаң бас жүретіндей жылы емес.
Қораға сиырын қамады. Үйге кірді. Апасы бірден Қожалақтың тымағы басында жоғын байқап:
-Далада жалаңбас жүрме, тымағыңды киіп жүр, қайда тымағын? — дегенде Қожалақ:
-Тымағымды сатып жібердім, апа.
Апасы бір былықтың орын алғанын сезді.
Қожалаққа төленген ақша Ақ Патша тұсында мыстан жасалған тиындар. Елде оны бақыр тиындар депті. Оған қазір ешнәрсе келмейді.
Қожалақты осылайша алдапты.

10 пікір