Мәжіліс таратылды
Мәжіліс таратылды. Ендігі уақытта 100 пайыз қолдап дауыс беруге машықтанған төртінші шақырылымдағы мәжілісмендердің қызметтері тарих қойнауына кетпек. Мәжілісмен ретінде қызметіне жауапты қарап, елдің сөзін жоғарыға жеткізгендер де, мәжілісмен екендігін құпияда ұстанағдай жым отырғандар да болды. Соңғыларын халық тұрмақ, журиктер де тани бермейді.
Менің ойымша, таратылған Мәжіліс құрамында болған депутаттардан мыналары өте белсенді болды (қай жағынан белсенді болғаны маңызды емес :)):
Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбенов, Тәңірберген Бердоңғаров, Владимир Нехорошев, Нұртай Сәбильянов.
Әрі қарай

… Балалар өсіп қалды, тәбеттері де ашыла бастады деген оймен көктемде 10 балапан алып едім. Кученские деген тұқымнан. Оның екеуі жоғалды(атжалманба, мысықпа?) сегізі қалған. Өсе келе төртеуінің қораз, төртеуі мекиен екені анықталды… Күтіп баптаудан кенде болмады. Қораздардың біреусін төрт мекиенге басие қылып бөліп қойдым жақында. Үш қоразым бордақыда ;-)… Тауық жұмыртқасын күтуіміз әрине түсінікті нәрсе. Ол болса жоқ.