Мәжіліс таратылды
Мәжіліс таратылды. Ендігі уақытта 100 пайыз қолдап дауыс беруге машықтанған төртінші шақырылымдағы мәжілісмендердің қызметтері тарих қойнауына кетпек. Мәжілісмен ретінде қызметіне жауапты қарап, елдің сөзін жоғарыға жеткізгендер де, мәжілісмен екендігін құпияда ұстанағдай жым отырғандар да болды. Соңғыларын халық тұрмақ, журиктер де тани бермейді.
Менің ойымша, таратылған Мәжіліс құрамында болған депутаттардан мыналары өте белсенді болды (қай жағынан белсенді болғаны маңызды емес :)):
Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбенов, Тәңірберген Бердоңғаров, Владимир Нехорошев, Нұртай Сәбильянов.
Менің ойымша, таратылған Мәжіліс құрамында болған депутаттардан мыналары өте белсенді болды (қай жағынан белсенді болғаны маңызды емес :)):
Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбенов, Тәңірберген Бердоңғаров, Владимир Нехорошев, Нұртай Сәбильянов.
екеуімен жеке таныспын, біреулерін ТВден кино, концерттерден көрдік, біреулерін твиттерлерден, біреуін секс-скандал және Астананың атын өзгерту туралы супер ұсынысынан, біреуі жерлесім, біреуінің атын көмекшісіне барған кезімде көрдім.
обшым қатты шаруа істемеген сияқты депутаттар.
енді таратылғаннан кейін жаңа жұмысқа тұрғанға шейін бұларға айына 600 мыңдай көмекақы төленеді екен! уау-уау-уау!
Ресми мәліметтерде министрлердің жалақысы 400 мың шамасында, Премьер-Министрдің жалақысы 700 мың шамасында дегенді естігенмін. Оның қасында депутаттықтан түсіп қалып жұмыс іздеген жанның рахаты екен ғой…
қимай-қимайқоштасатын болдық-ау. Олар түк бітірмесе де сонша ақы алатыны қызық екен. Ал, қабылдаған талай заңға әлі-ақ, өзгерістер мен толықтырулар енгізілері сөзсіз!!!