Үйленгендерде жүрек жоқ деп кім айтты сізге?

Алдында осы жазбаны маған Бақытжан аға жіберіп еді. Ол кезде көп мән бермеппін. Бүгін бір кісімен сөйлесіп отырып, бөліскім келіп кетті. Себебі, бұл тақырып өте қиын тақырып. Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің кейпі. Былай қарасаң сатқындық, былай қарасаң жаныңды өртеген сезім… Сіз не дер едіңіз?

Әрі қарай

Нағима

Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды.
Ол кезде мен баламын. 92-93- ші жылдар шамасы. Жайлаудамыз. Қарасудың бойы. Көрші жайлаудан, яғни Бесқауғада отырған Жақан атты малшыдан бізге бір тайынша ауысып келді. Шатысып кеткен түгіміз жоқ, айырбастап алдық. Сол тайынша біздің қорамыздағы өзі құралпылас тайыншалардан ірі болатын. Үлкен денесіне жараспайтын киіктің басындай кішкене басы бар. Көзі… Енді, ондай көз тек боталарда бар шығар. Ірілігіне қарап біз оған «Нағима» деп ат қойдық. Есқалиеваның құрметіне. Содан Нағима құнажын шықты. Дөнежінге өткен жылы бұзаулады. Армандап жүрген бұзауымыз болған соң «Арманай»деп (ұрғашы бұзау) атадық.Нағиманың бір ерекшелігі қаншама жыл төлдеді, қаншама бұқа ауысты, барлық бұзауының көзі өзінің көзіндей сиыр малына тән емес бота көз болушы еді.
Нағима дәәәәу сиыр болды.Табын сиырдың ішінде түйедей болып алыстан көрінуші еді. Жеңгемнің салған бақшасының жауы болды. Қоршап қойған торкөз сымдардан жәй ғана аттап кете салушы еді. «Обратка» сүттерді (көк сүт, сеператорджан өткен сүт, ол кезде ешкім ірімшік жасап сату дегенді білмейтін ауыл жақта) бір өзі ішуші еді астаудан. Кей жылдары 18ге дейін сауын сиырын сауатынбыз.Осылардан шыққан сүттің обраткісін өзі жалғыз ішуші еді. Ол кезде басқа ағаларым үйленбеген.Жеңгеме сиыр сауып көмектесетінмін. Басқа сиырлардың барлығын сауа алғаныммен Нағиманы сауа алмайтынмын.Желіні уысыма симаушы еді. Ондай сүтті сиырды содан кейін көрмеппін. 13-15 летірге дейін сүт беруші еді. Кейін жылдар өте қартая бастаған соң күздікке кетті жарықтық. Еті үш үйлі жанға жетті ғой.
Әрі қарай

«Магистр» болғың келе ме? Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ

Мақсат Семей қаласында тұрады. Сатираға әуес. Сіздерге тарту ретінде Мақсаттың сатирасын ұсынамын.

Біздің дәлдүріш қызық өзі. Көксу ауылындағы орталау мектепті 1 ден жоғары 3 тен төмен бағамен әрең бітірген болатын. Қалаға барып емтихан тапсырып көріп еді… Екі аяғы көктен келді. Даңғарадай кең аудиторияға кіріп тест тапсырды. Жанында отырған шикіл сары Мақтанбай деген грантқа үміткердің де ынта-ықыласы шамалы. Ол Дәлдүріштің жанына отыра бере көмек сұрады. Дәлдүріштің білгенінен білмейтіні көп. Есепке басы қатып отырып, тарих пәнінің сұрақтарын бір сүзіп шығайын деп сұрақ кітапшасын ашып еді «Абылай ханның неше тісі болған?» деген сұрақ келді. Арт жағында отырған қыздан сұрады. Ол білмейтінін айтты. Осылайша екеуі де наугат жазып шықты-ау әйтеуір. Ақыры Дәлдүріш түспей, оқуға Мақтанбай түсті. Қазір Мақтанекең білдей бір институттың студенті. Әкесі білдей бір компанияның басшысы. Түспей қайтсін?! Қазір қолында ақшасы барлар жаннан басқасының бәрін сатып алатын болды ғой…
Сөйтіп, Дәлдүріш жігіт бір жыл ауылда Мурка деген бизнесмен ағасының қойын бақты. Қойларды кешке қарай қорға қамаған кезде братаны: «Қорықпа, бауырым келесі жылы грантты сатып аламыз...».
Осылайша бір жыл сынаптай зыр етіп өтті де шықты. Оқудың барлық емтиханын ақшамен жапқан Дәлдекең бакалавриаттың төрт жылын есінеп жүріп өткізді. Қазір қолында табақтай қызыл диплом. «Дипломмен – ауылға» барайын десе, ауылдағыларға көрінгісі жоқ. Ақыры, ойланып толғанып магистратураға құжат тапсырғанды жөн көрді. Сөйтіп, күндердің күнінде магистратураға құжат тапсыру қашан екенін біле салайын деп ӘЛГІ университеттің корпусына кірсе сабылған халықты көрді. Қабылдау комиссиясына барып еді, ол деканға жұмсады. Дәлдүріш зырыл қағып деканның кабинетіне бас сұқты. «Аға, бола ма?»
– Кел, кір.
– Сіздердің факультеттеріңізде магистратура оқиын деп ем…
– Аааа. Бізге ме?… Бізге түсу дегенің қиын ғой… Тәк, ақша бар ма?
– Бар ғой… Грантқа тапсырып көрсем деп ем, ақылмен… тегін дегендей…
– Е, онда жолың болмайды…
– Биыл мен жаңадан кеп жатырмын, мына тәртібі жоқ факультетке… бұл жерде бәрі тегін түсіп жаман үйреніп алған, биыл мұндай жалпақшешейлікке жол бермейін деп отырмын… Өйткені, бұл факультеттің студенттері алдындағы тәп-тәуір деканын да зар еңіретіп, құрдымға кетірген. Көрсетем мен бұларға… деп декан әңгімені доғарды.
Ақыр аяғында Дәлдүріш Қаражатов емтиханнан 100 деген балла алып магистр атанды. Қазір шырт түкіріп Қағазстанның ең первыйсортты ВУЗында білім алады. Декан оған арнайы диссертация тақырыбын жүктеді. Тақырып: «Жемқорлықты қалай жоюға болады?». Осыны жазып бітсе Америкаға жолдама алмақшы.

Семей. 2010
Әрі қарай

КІМДІ ТАҢДАР ЕДІҢІЗ?..

Сіз жолда көлік жүргізіп келе жатырсыз.
Міне автобус аялдамасының жанынан өтіп бара жатып сіздің көзіңіз үш адамды шалып қалды.
Олар:
— жаны қиналып, ауырып турған егде тартқан қарт адам;
— көптен кездеспеген ескі досыңыз;
— сіздің арман-қиялыңыздағы бойжеткен (қыздар үшін бозбала).
Сіздің көлігіңізге бір-ақ адамды отырғызуға болады.
Ауруы жанына батып тұрған қарияны емханаға жеткізіп саласыз ба? Көптен көріспеген досыңызды салып алып, мәре-сәре боласыз ба? Жоқ әлде, бұдан кейін, бәлкім, мүлде кездеспейтін аруды көлігіңізге отырғысасыз ба?
Сіздің таңдауыңыз?..
Әрі қарай

Астанада Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті

Кеше Жастар сарайында Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті. Aldeken екеуіміз барып келдік. Алдекенге рахмет, ВИП билет алып қойыпты. Жюрилердің артында, 2-қатарда отырдық.

Жарысқа жас командалар қатысты, сондықтан ба Алдекен алдын ала ескертті қызық ойын болмайтын сияқты деп. Бірақ, маған ойын ұнады. Әр команданың қызық жерлері болды еске алатын.
Әрі қарай

Lola-мен кездесу

Ескі керекте (kerekinfo[dot]net болып тұрған кезі) Лола нигімен жазып жүрген керекші өткенде Астанаға кетер шағымда хабарласқан болатын. Атырауға келе жатыр екен. Күтіп алу мүмкіндігі болмай достарыма аманаттап кеткен болатынмын. Астрахань шаһарына саяхаты аяқталып, кеше Атырау үстімен кері қайтқанда кездесі мүмкіндігі туды. Біраз өткенді еске алып, жайлы отырыс болды. Ия, ол кезде Сатыбалды жоқ, солайде, жаңакеректерде болмағандықтан Сатыбалды туралы еш әңгіме қазғалмады. Дегенмен, сол керекте қос сөйлемін ұйқас, төрт сөйлемін шумақ қылған, біртуар майталманы Қырғидың құлағы шулаған болуы мүмкін деп болжадым. Бір кездегі МИЖ, Пыңио, мылжың профессор, асаубота, Гүлвира, Көңілашар, Сигма, Ақшақар, Шыңғысхан, Хамит, Себастьян, Акуариюс, Әсет, Бозторғай, Жадыра сынды керекшілерді айтып, жақсы отырыс болды.
Неше түрлі оқиғаларды, қуанған, ренжіскен шақтарымызды еске алдық. Шыны керек виртуалда танысқанмен реалда араласып кетуімізге менің машина соққаным себеп болды. Керекте компьютерден сауаты томен керекшілерге қолдау көрсететінбіз, сөйтіп виртуалда араластық. Бір күні қазан не қараша екені есімде жоқ, көпірге көтеріліп келе жатырғанда алдымнан күшік шауып шығып, тежегішті басқанда тайып, көпірдің биік периласына (қазақшасын білмедім) оңбай соғыстым. Жұмысқа келдім, жұмыс арасы жақы СТОға барып көрсеттім, 120 мыңға шықты. Жұмысқа дым ниетім жоқ, отырдым. Жалақы есебінен ақша сұрадым, 40 мыңнан артық бере алмады. Сөйтіп отырғанда Лола бірдеңе сұрады, — Настр жоқ, миымды нетпеш-дегенге саятындай жауап қаттым. Не керек, қоймады -Не болд- деп. Шыны керек танымайтын адам, көңілімдегіні ақтарып салдым, жеңілмек ниетпен. Сөйтіп отырғанда көмектесетін болды, сенбедім. Карточка мен төлқұжат, СТН нөмірлерін бердім де, жақын арада қайтара алмайтынымды айттым. Кешке банкоматқа барсам, 90 мың түсіпті. Жынды болар деп ойладым. Танымайтын адамға көңіл айтқаны үшін 90 мың… Біраз көмегі тиді, кейін Алматыға командировкаға барғанда апарып бердім, сол кезден реалда араласып тұрамыз. Ылғи мен баратын едім Алматыға, кеше өзі келіп, Атырауды көріп, бүгін Астана пойызына отырып кетті.
Әрі қарай

Обал-сауап

Студенттік өмірге екі қарызым бар. Бірі: бірінші курста әлем әдебиетінен «Дон Кихотты» оқымай кеткенім, екіншісі: Әкім ағай Тарази талап еткендей, «Ер Тарғынды» жаттамай кеткенім. Мойын жуан, көтере береді. ))
Әрі қарай

Мәжіліс таратылды

Мәжіліс таратылды. Ендігі уақытта 100 пайыз қолдап дауыс беруге машықтанған төртінші шақырылымдағы мәжілісмендердің қызметтері тарих қойнауына кетпек. Мәжілісмен ретінде қызметіне жауапты қарап, елдің сөзін жоғарыға жеткізгендер де, мәжілісмен екендігін құпияда ұстанағдай жым отырғандар да болды. Соңғыларын халық тұрмақ, журиктер де тани бермейді.

Менің ойымша, таратылған Мәжіліс құрамында болған депутаттардан мыналары өте белсенді болды (қай жағынан белсенді болғаны маңызды емес :)):
Бекболат Тілеухан, Мұрат Әбенов, Тәңірберген Бердоңғаров, Владимир Нехорошев, Нұртай Сәбильянов.
Әрі қарай