«Магистр» болғың келе ме? Мақсат МҰХАМЕТЖАНОВ

Мақсат Семей қаласында тұрады. Сатираға әуес. Сіздерге тарту ретінде Мақсаттың сатирасын ұсынамын.

Біздің дәлдүріш қызық өзі. Көксу ауылындағы орталау мектепті 1 ден жоғары 3 тен төмен бағамен әрең бітірген болатын. Қалаға барып емтихан тапсырып көріп еді… Екі аяғы көктен келді. Даңғарадай кең аудиторияға кіріп тест тапсырды. Жанында отырған шикіл сары Мақтанбай деген грантқа үміткердің де ынта-ықыласы шамалы. Ол Дәлдүріштің жанына отыра бере көмек сұрады. Дәлдүріштің білгенінен білмейтіні көп. Есепке басы қатып отырып, тарих пәнінің сұрақтарын бір сүзіп шығайын деп сұрақ кітапшасын ашып еді «Абылай ханның неше тісі болған?» деген сұрақ келді. Арт жағында отырған қыздан сұрады. Ол білмейтінін айтты. Осылайша екеуі де наугат жазып шықты-ау әйтеуір. Ақыры Дәлдүріш түспей, оқуға Мақтанбай түсті. Қазір Мақтанекең білдей бір институттың студенті. Әкесі білдей бір компанияның басшысы. Түспей қайтсін?! Қазір қолында ақшасы барлар жаннан басқасының бәрін сатып алатын болды ғой…
Сөйтіп, Дәлдүріш жігіт бір жыл ауылда Мурка деген бизнесмен ағасының қойын бақты. Қойларды кешке қарай қорға қамаған кезде братаны: «Қорықпа, бауырым келесі жылы грантты сатып аламыз...».
Осылайша бір жыл сынаптай зыр етіп өтті де шықты. Оқудың барлық емтиханын ақшамен жапқан Дәлдекең бакалавриаттың төрт жылын есінеп жүріп өткізді. Қазір қолында табақтай қызыл диплом. «Дипломмен – ауылға» барайын десе, ауылдағыларға көрінгісі жоқ. Ақыры, ойланып толғанып магистратураға құжат тапсырғанды жөн көрді. Сөйтіп, күндердің күнінде магистратураға құжат тапсыру қашан екенін біле салайын деп ӘЛГІ университеттің корпусына кірсе сабылған халықты көрді. Қабылдау комиссиясына барып еді, ол деканға жұмсады. Дәлдүріш зырыл қағып деканның кабинетіне бас сұқты. «Аға, бола ма?»
– Кел, кір.
– Сіздердің факультеттеріңізде магистратура оқиын деп ем…
– Аааа. Бізге ме?… Бізге түсу дегенің қиын ғой… Тәк, ақша бар ма?
– Бар ғой… Грантқа тапсырып көрсем деп ем, ақылмен… тегін дегендей…
– Е, онда жолың болмайды…
– Биыл мен жаңадан кеп жатырмын, мына тәртібі жоқ факультетке… бұл жерде бәрі тегін түсіп жаман үйреніп алған, биыл мұндай жалпақшешейлікке жол бермейін деп отырмын… Өйткені, бұл факультеттің студенттері алдындағы тәп-тәуір деканын да зар еңіретіп, құрдымға кетірген. Көрсетем мен бұларға… деп декан әңгімені доғарды.
Ақыр аяғында Дәлдүріш Қаражатов емтиханнан 100 деген балла алып магистр атанды. Қазір шырт түкіріп Қағазстанның ең первыйсортты ВУЗында білім алады. Декан оған арнайы диссертация тақырыбын жүктеді. Тақырып: «Жемқорлықты қалай жоюға болады?». Осыны жазып бітсе Америкаға жолдама алмақшы.

Семей. 2010
Бөлісу:

39 пікір

Delhi
Дәл қазіргі жағдайды дұрыс бейнелеген. Солай ғой, жасыратыны жоқ. Өстіп жүрген таныстарым бар. Қиын жағдай.
asaubota
подачасы тым құрғақ, әлсіздеу да просто
Nurgisa
С.К кейін мынау қиын оқылады екен.
Ottegin
Сиырқұйымшақты екен
Abilakim
Былай жаман емес
vebred
Жалпы, талпынып бағын сынап көруге болады… Алайда, бүгінгі күннің тақырыбы екен деп, құрғақ сөзден, сюжеттер құрау әдебиетке, сатирға көрсеткен дөрекілік болар еді. Қазіргі әдебиеттегі ең осал тұс да осы секілді. Көбірек ізденіп, оқып, астарлы (ақиқат) сөзбен майдалап, ойды орағыта жеткізу әдістерін меңгеру керек шығар…
madlen
Сіз өзіңіздің постыңыздан басқаларға да пікір білдіреді екекнсіз ғой :)
AKY
құсық
sigma
келісемін, әсіресе
«Аға, бола ма?»
– Кел, кір.
– Сіздердің факультеттеріңізде магистратура оқиын деп ем…
– Аааа. Бізге ме?… Бізге түсу дегенің қиын ғой… Тәк, ақша бар ма?
– Бар ғой… Грантқа тапсырып көрсем деп ем, ақылмен… тегін дегендей…
– Е, онда жолың болмайды…
– Биыл мен жаңадан кеп жатырмын, мына тәртібі жоқ факультетке… бұл жерде бәрі тегін түсіп жаман үйреніп алған, биыл мұндай жалпақшешейлікке жол бермейін деп отырмын…
деген жеріне келгенде запыран кетті
qisyq
Өткендегі Аяның қазіргі балалар бейнесі туралы постында қалған шелекті көрсеңдер, осында тастай кетіңдерші, біраз адамның сауабын аласыңдар. Әйтпесе, еденді былғап бітіретін болдық.
sammita
наугат жазып шықты
:)))))))))) енді ұқтым не екенін.
qisyq
науғат деген сөз шығар:)
AKY
нәубет екен деп отырсам
qusbegi
сіңіре алмай отырмын
Abilakim
Kasymolzhas сұлтанатыңда кәнизәктар жоқ па?
sammita
шәй алдырайын деп пең)
Abilakim
Сіз жарамайсыз))))
sammita
неге іздедің деймін?
Abilakim
жалығып кеттім, басқаларынан
qusbegi
тап қазіргі жағдайда олжастың кәнизәктарі өз шығармаларын өздері жариялағандары дұрыс сияқты…
Kasymolzhas
Кәнизәктарды Қарағандыдан тауып алсай!
qusbegi
төөөөөөөһ, не деген сөздер))) ...әбіләкім орнынан тұрып киімінің шаңын қаға бастады...)))
Abilakim
Ауылдағы әншінің ауызы сасық дегендей…
Abilakim
Кәнизәксіз сұлтанат болушы ма еді?
qusbegi
«Ясон және аргонафтар» деген грек аңызында тек қана әйелдерден тұратын ел кездесетін еді…
meirzhan
Мақсат ҚазҰУ-дегі жур.фактың магистратурасына түсе алмаған ба?
qusbegi
таланттар магистратураны қайтсін?)))
KILYZAMAN
Шынайы ғалымдықпен шынайы ғылым жолы көп нәрсені талап етеді. Өзіңді шыңлай білуің — сол жолдағы инеңнің Ең төзімдісі. Атақ іздесең — ғылыми *атақ болып қаласың(Еш іздену(қо*у) жоқ, сүмірейіп ғылымды сілекейлегеннен басқа қолыңнан ешнәрсе келмейд, инпотент ғалым кімге керек?)
meirzhan
Атақ іздесең — ғылыми *атақ болып қаласың
ужс )
KILYZAMAN
Өтірік пе? Қо*а алмай отандық ғылымға еш нәрсе қоса алмай жүргендерді байқамадыңба?
meirzhan
Қоса алуы мүмкін, бірақ қоспайды, басым көпшілігі. Монография жазса тынға айналатын ғылыми атағы үшін жазады, тиын істеу үшін қысқасы, енді олар да адамдар (екінші аты — пенде). Үкімет аз ақша берсе, олар неге ғылым жағынан көп жаңалық ашып, тегін жұмыс істеу керек?! Автокөлік те бензинсіз жүрмейді, нашар бензин құйса «ауырып қалады».
Құр энтузиазммен жүргендер әр салады баршылық, бірақ олар тым аз. Үні де шаңы да шықпайтындай.
KILYZAMAN
Әңгіме ғылымға арналған өмір емес, ғылыми атақты сатып алатын өңірдің аумағында сияқты еді… Қай жамбасыңа ауып кеттің өзің? Тиынға саудаланғна ғылым — ғылым емес, тауар! Ал шын ғалым болсаң замандасың Перельманға (аты мен әкесінің аты есімде жоқ, әйтеуір ғылымға арналған ғалым) ұқсап бағып көрші…
meirzhan
Перельман өмірін таза ғылымға арнаған, отбасысы жоқ. Оған ұқсау үшін туған-туысты ойламайтын эгоизм мен ғылымға ғашықтық керек.
KILYZAMAN
Қазақтың ғылымы таза емес демекпісің? Қара домалақтарымен қоса кереметтей жаңалықтарды домалатқан әліде болса домалатып жатқан аға буындарды қайда жібермексің?
meirzhan
Әңгіме ұлтта емес, Перельманға байланысты айтқан едім. Дәл Перельмандай болмай-ақ қоюға болады.
KILYZAMAN
Удар в спину жасамақпысың? Оның бола қоймас: Ғылым тілі — ортақ тіл: түгел адамзатқа арналған тіл — ұққандарға ғана әрине…