Жаңа бір әзірде қаламыздан алпыс шақырымдай жердегі Алға қаласына келгенмін іссапармен.
Көшеде келе жатырғанымызда мына бір ит ерткен «внедорожник» кездесіп, машинаға қуып артына жақындауын өтініп суретке түсіріп алдым. Евро нөмірі бар «внедорожник» жүйткітіп бара жатыр көшеде :)
40 күннің ары-берісінде өзіміз көптен күткен Жаңа жыл мейрамы келе жатыр.
Осы мезгілде қашанда бір ерекшелікті, сиқырды күтеміз ғой. Енді сиқыр болмасада ерекше сыйлық күтеміз. Өзгелерге қуаныш сыйлау үлкен бақыт қой. Қуаныштың ең үлкені жан жылуы екенін білеміз. Бірақ, қашанда өзіңіз сүйетін сүйіктіңіздің, туған-туыстарыңыздың ойында жүрген, ұнатып жүрген затын сыйлау үлкен қуанышқа алып келеді.
Біздің сіздермен ақылдасайық деген екі ойымыз бар. Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.
1.Жаңа жылға қандай сыйлық алғыңыз келеді? Ұлуы бар әшекей бұйымдары сіздерге ұнар ма еді?
2. Сіз өзіңіз жаңа жылға қандай сыйлық силар едіңіз? Бағасы қандай болуы керек?
Мына бір жердеKILYZAMAN ағамыз "Қазақ қызы" деген тақырыпта жазылған «Дала мен қала» газетінің мақаласын көшіріп салыпты ғой.
Соны қарап (оқып емес) отырып, nurbergen_makym атты керекшінің блогынан бұрын бір оқыған жазбасы есіме түсті.
Өзіме кереметтей ұнаған қазақ блогшыларының жазбаларының бірі. Былайша айтқанда, мендік Топ-10-та:)
Осы жерде оқымаған адамдар болса оқи отырсын деген оймен жариялаймын. Рұқсат алмадым, Нұрберген, кешірерсің деген үміттемін. Сотқа берем десең, өзім туралы деректерді қосымша, поштаңа лақтырам)
Өткен жазбаларымызда біздің дүкеннің ашылғанымен бөліскен болатынбыз. Сол кезде біраз сұрақтар туындап еді бізге, қыздарға арналған әшекей бұйымдары жоқ па деп. Міне, қыздар сіздерге қуанышты хабарымыз бар! Қабыл алыңыздар: