"Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!"

2011 жыл. Қарасуық қараша айы. Батыс Алаш Орданың астанасы болған — Жымпиты. Қазіргі Сырым елі.
Үбеннің шешесі келіні кіріп келсе мәз-мейрам, еденде жалаңаяқ секіріп тұр дейді. «Ай, айналайын, орыстар-ай, бәрін біледі ғоой!» деп…

Р.S. Үш күн бұрын үйіне газ (!) өткізіп біткен болатын апамыз
Әрі қарай

Нұрғиса қызды болды!


Жаңа ғана хабар келді. Нұрғиса әке болды. Қызды болып жатырмыз. Нұрғиса мен Кәмшатты құттықтаймыз, сәби мен ата-анасына ұзақ өмір тілейміз!
Әрі қарай

2011 жылдағы басқа маңызды даталар



Биылғы жылдың басты тақырыбы әрине Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Десек те осы жылы кейбір маңызды даталарды ескермеген сияқтымыз. Демалыс күні Nurgisa -ның үйінде шәй ішіп отырып, осы тақырыпта ойланып қалыппыз. Ойша есептеп көрсек Қазақ Хандығының құрылғанына биыл 555 жыл болыпты. Мұндай әдемі дата енді тек 222 жылдан кейін кездеседі, 111 жылдан кейінгісі қызық емес.
Әрі қарай

WilliamHill Еуро-2012 финалында Испания мен Германия кездеседі дейді



Танымал букмекер кеңсесі WilliamHill Еуро-2012 үшін линия ашқан екен. Берілген линия бойынша болжайтын болсақ Еуро финалында Испания мен Германия кездеседі. Бұл жұптың кездесу ықтималдығына 6 коэффициент беріліп тұр. Одан кейінгі кезекте Голландия — Германия (8), Испания — Голландия (9) жұптары.
Әрі қарай

Алғаш рет онлайн трансляция жасап көрдім


Кеше Астана қалалық әкімдігі ішкі істер басқармасының қолдауымен мектеп оқушылары және студенттер арасында КВН өтті.

Алғаш рет осы 2 ойынды интернет арқылы трансляция жасап көрдім. Өзіме ұнады, қызық екен.
Әрі қарай

Тырқ-тырқ, жырқ-жырқ

«Жүре берсең көре бересің» деген. Екі дәрігердің әңгімесіне куә болдым еріксіз.
-Күйеуімнің гамажын киіп кетіппін шатыстырып…
-Ауында тесігі бар ма? (Екеуі тырқ-тырқ күліп алды)
-Тесігін қойшы.Арт жағы салбырап кете береді.Ол менен үлкендеу ғой.(Шамасы менен сәл үлкен Алдекеннен сәл кіші жігіт болса керек)Жүргенің сол қайта-қайта көтеріп
-Сені қойшы, күйеуің байғұс не істеді екен? Жұмысқа сенің гамажыңды киіп кеткен болар(тырқ-тырқ, жырқ-жырқ)
Әрі қарай