Жаңаөзен оқиғалары мен ол туралы пікірталастар туралы

Өзім аттас ілімнің жаман тұсы сол: кез келген, кім көрінген, көлденең көк атты, вертикал есек мінген, не керек — айналыспайтын адам жоқ. Тіпті кейде, осы саясатпен мал екеш мал да айналысатын шығар деп ойлаймын: бейшараларда тек тіл жоқ сияқты.
Дәл сол уақытта — саясат логикалық баспалдақ салып алып сөйлейтін ілім. Саясатта «Ақшасы көптер қанап жатыр!», «Шетелдегілер көре алмай отыр!» деген, асбөлмеуи-қатын өсек іске аспайды.
Бұған қоса, адамның бір осал тұсы бар. Ол — қорытынды шығаруға қажеттілік. Неге екені
Әрі қарай

Алып-қосарыңыз

Елдегі ата-аналардың басым бөлігінің жұмыс істеп тапқан жалақыларының көптігі соншалықты, олардың балаларының жұмыс істемей-ақ шалқып өмір сүрулеріне болады екен. «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегенге салсақ, сіздіңше, халықтың басым бөлігі бала-шағасымен қосыла «тойып секіре» ала ма?
Әрі қарай

Осы орыстың оппозициясын көрсең, әуесің келеді...

Жаңаөзенде кінәлісі бар, кінәсізі бар, әйтеуір ондаған адам қырылды. Ресми дерек 14 адам өлді дейді. Оған сенім жоқ. Ешқандай үкімет өзінің қатысы бар оқиғадағы өлім мен жаралылар санын тура айтпайды. Бұл әлемнің демократиялы деген елдерінде де барынша жасырып-жабуға тырысатын әрекеттердің бірі емес пе?! Бірақ ол жақта үкіметтің арты ашылып қалады. Журналистер мен тәуелсіз сарапшылар тіміскілеп жүріп таппайтынды тауып алады. Ал бізде басқаша.

Куәгерлерге сілтеме жасаған оппозициялық және шетелдік БАҚ 50-70 адамның өлгенін айтып жатыр. Оларға да сенім жоқ. Қанша адамның өлгенін сіз бен біз біле алмайтын да шығармыз. Ақпарат майданында соғыс қызып тұр. Сенімнен жұрдай болған арналар мен газеттерге, мейлі ол мемлекеттік немесе оппозициялық болсын, ел сене бермейді.
Әрі қарай

Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек

Тәртіпке бағынған құл болмайды! (Бауыржан Момышұлы)

… Естіп жатырсыздар.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын міне тойлап бастағанда, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бүлік бұрқ ете түсті. "Қалай болды, кім бастады, неден, неге?.." деген т.с.с. сұрақтарға жауап бермеймін. Бере де алмаймын. Өйткені, мәселенің түп-төркіні алыста жатыр. Ал оқиғаға себепші — әрі билік, әрі оппозиция және «адамның құқын қорғағыш» әміркандық һәм батыси ұйымдар мен сымақтар. Келіспессіздер, алайда бұл менің пікірім. Бірі бері тартса, бірі ары тартты. Енді қара халық зардап шегуде…
Әрі қарай

II бөлім. Алқашқы эксперименттер. (Проект: «Зымырандар»)

(Жалғасы. Басы — өткен постта.)

Тасты түсініктер: стабилизатор, жекпе-жек, контактілі соғыс, контактісіз соғыс

Әңгімеміздің өткен бірінші бөлімінде зымыранның шығу себептерін тегжей-ежгейлі, тіфьу епті – гежей-жегейлі, очм қарастырған болатынбыз, нақтың, және оған Aizhantabyn ештеңе демеген болатын. Әфсанамыздың екінші бөлімінде бұл озық қару түрінің шығу тарихына әрі қарай үңілсек дейміз. Бұл қалған бөлімдерді және осы күнгі, Зымыранға Қарсы Қорғаныс жүйесі айналасындағы терминдер мен хай-вайлардың табиғатын Табиғаттың өлеңдерінсіз-ақ түсінуге мұрындық болады. Кімге ауыздық ұнаса – ауыздық бола қойсын. Зайып ал қылмаңдарш нақ, әжесстер өңшең.

Джохар Дудаевтың соңғы сәті

Жалпы, зымырандардың алқашқы модельдері екі мың жыл бұрын шықты деуге болады. Тарихтың тасақ беттерін аударыстырсақ, қытай жылнамаларында фейерверкті аспандатып атуға зымырандар пайдаланғаны туралы қорс-қорс жльапъ отырып баяндалады.

Енесстің тапсырысы

Бұдан басқа, зымырандарды әскери мақсатта пайдалану еуропалық, үндіирандық дереккөттерде де
Әрі қарай

Көз жасы туралы аңыз

Қан төгілсе – қасірет, жас төгілсе – мұң ғана… Солай ма? Сіз білесіз бе, көз жасының химиялық құрамы қан құрамына ұқсайды. Болмашы ғана өзгерістері бар. Көз жасының бір тамшысы адам ағзасы туралы ақпаратты қаннан кем бермейді екен. Адамдар неге жылайды? Ер адамдар неге көз жасын көрсеткісі келмейді? Әйелдер неге көз жасымен қорғанады?Блог - rakisheva: Көз жасы туралы аңыз
Әрі қарай

Есімде қалған бір қорқынышты сөз.....

Менің 7-ші сынып оқып жүрген кезім еді. Ағылшын тілі сабағы болатын. Сол кезде апай бір шайтан туралы айта бастаған. Сол кезде апайдың бір нәрсе айтқаны есімде қалыпты. Ол мына сөз:
Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Өздері бір жаңа үй сатып алған екен. Сосын кешкісін үйлеріне құттықтауға қонақтар мен көршілері келіпті. Сол кезде кемпір құдықтан су алуға барады. Сол кезде кемпір құдықтан су тартып жатқан кезде су құдықтан өзімен-өзі тартылып бір келе жатып судын орнына су емес бір шелек қан болып шығыпты. Сол кезде кемпірдің жүрегі ұшып кетеді. Әрі қарай есімде жоқ. Әңгіме осы жерде тоқталды-ау деймін. Енді: ӘЙЕЛ АДАМ ТҮНДЕ СУҒА БАРСА НЕ БОЛАДЫ? Осы сұрақ мені қатты мазалайды.
Әрі қарай