Тілші: Байқап отырсақ әргі-бергі бабаларыңызда бұл салада қызмет атқарған жан жоқ екен. Осы саланы таңдап полиция маманының киімін киюіңізге не себеп болды? Полиция полковнигі: Мені туған кезінде марқұм анамның төсінен сүт шықпапты.Қорамыздағы жалғыз ешкінің сүтін беріп өсіріпті…
Мәссаған!!! Аспан неткен керемет! Түнгі аспанның сонааау бір көгінде жымыңдай жыпырлаған сансыз көп жұлдыз қандай ғажап! Қаншама сырды бойына жасырған жұлдыздар — жұмбақ!
Дүние неткен тылсым ең?!..
Өмір неткен керемет ең! Сүйемін сені…
Пы Сы: Кешкі шай-пайға керек заттарды алып келу үшін осы жаңа дүкенге шыққанда оралған ойлар. Жұлдызды түнде шаттанамын.
Қызық. Жұрт мұндай пікірден шақырым аулақ жүретін еді. Өйтпей қайтсін? «Ұстаздық еткен жалықпас..., төрдегі орын мұғалімдікі» деген ұлылардың ұлағатына қарсы шығу мүмкін бе? Алайда бір танысым осылай деген кезде, таң тамаша болдым. Өзі мынау деген мектептің мынау деген педагогы. Шәкірттері қаздың балапанындай соңынан еріп жүреді. Солай бола тұра жаңағыдай айтқанына таң қалмай көр. Сөйтсем…
Тамақ ішкеннен кейін ұйқы неге қысады дегенде, бір қуақы адам ішің созылғанда, бетіңнің терісі төмен қарай тартылады деген екен. Менікі де сол, әбедте тамақ ішіп алғаннан кейін 15-20 минут қисайып алғың келеді. Менің әжем үнемі солай жасайтын, тамаққа отырарда қасына жастығын, көрпесін дайындап алып, 1-2 шесе шәйін ішкеннен кейін, қисая кететін…
Ауылдағы ат үстінде жүретін ағаларымыз қысы-жазы аяқтарынан керзі етігін тастамайды.Ондағылары аяқтарын үзеңгі қажамас үшін болар бәлкім. Бірақ, менің айтпағым басқа еді.
Бала кезімде маған да керзі етік сатып әперді. Өзіміздің елде шыққан. Табанында «ЖАМБЫЛ» деген жазуы бар, жоғарыдан төмен қарай жазылған. Сірә, Жамбыл жақтағы аяқ киім фабрикаларының бірінен шықса керек. Не керек, жап-жаңа етігімді киіп алып сыртқа шықтым. Үлкендер анадай жерде соғымға жылқы сойып жатыр. 6-7 жасар кезім. Қарға түскен ізіме мәзбін. Анықтап қарасам табанымдағы жазу қарға анық түспейді екен. Үлкендер жаққа жүгіріп бардым да «Менің етігімнің астында жазу бар. Сол қарға толық түспейді „АМБЫЛ-Амбыл“ деп қана түседі» дегенімде үлкендердің неге бұттан кете күлгенін кейін түсіндім.