Бағлан

Өмір қиындықсыз болмайды.Басыңа түскен қайғыны жеңе білуің керек.Сені қолдайтын,қорғайтын жандардың арқашанда жадымызда болатынын есте сақтау қажет.Сондай шығармалардың бірі Дулат Шалқарбаевтың «Бағлан» атты хикаяты.Бұл хикаят әке-шешеден бірдей айырылған кішкентай Жекен жөнінде.Жекенді әкесі Байсалдың немере інісі Бақтыбайға табыстады.Артына қалған мал-жанға қарайласты.Әйелінің аты Боранкүл.Мінезі де боран секілді.Төрт балалары бар.Осы үйдегі төрт баланың үлкені-қыз.Аты Гүлсім.Гүлсім ержеткен, байсалды қыз.Анасы Жекенді күні-түні жұмысқа салып қояды.Сол кезде қорғап қалатын Гүлсім еді.Жекен Гүлсімнің барына қуанады.Бұл шығарманының бір қызығы адам мен жануар арасындағы достық.Жекеннің жақсы көретін қозысы Бағлан.Бірде Бағланды үй-іші тамаққа айырбастамақ болады.Сол кезде екеуінің көз жанарларынан моншақтап жас үйірілді.Адам таңғаларлық.Жануар мен адам қалай дос болады? Кішкентай қозыда анасынан айырылған.Сондықтан да болар екеуі бір-біріне бауыр басып кеткен.Әрі қарай не болғанын оқып көріңіздер.Өте керемет шығарма.2009 жылы «Бағлан»хикаяты дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесінде бірінші орынды алған.
Әрі қарай

Көзтүрткі

Жақында Әлібек Файзоллаұлының «Көзтүрткі» хикаятын бастаған едім.Көзден жас ағызарлық.Гүлсім Дәуренге жаңа күртеше сатып алып қуанпақ болды.Бірақ,әттеген-ай қораның төбесінде ағашқа асылып тұрған баласын көріп, ана жер бауырлап, аңырады да қалды.Сол кезде ана жалғыз ұлынан айырылды.«Баламды оқытам, жақсы азамат болады әлі»деген арман бірақ сәтте жоқ болды.Дәурен бұл жағдайға не үшін түсті? Неге өмірін өлімге қиды? Бұл жатқан бір белгісіз сыр еді.Анасы жаз бойы ақша жинап, күртешені әзер әперген.Дәурен сондай жуас,әрі ынжық.Өз-өзін қорғай алмайды.Соның кесірінен достарынан таяқ жеп, ақыры өлді.Оның сыныптастары Коко, Макс, Дан жіппен байлап,әйда тепкілейтін.Тілінің мүкістігіне қатты ұялды.Әрине, олар қарап қалсынба, мазақтай бастайды.Сол қорлыққа шыдай алмай өлді.Ол өзінен кейінгі сыныпта оқитын Зәурені ұнататын.Өлерінің алдында оған гүл бермек болып еді, бірақ Зәуре анасының айтқанынан шықпай қойды.Салқынқандылық танытты.Хат жазып,қалдырып кетіпті.
«Мен сені жақсы көремін
Дәурен»
Осыдан кейін көзімнен жастың қалай шыққаның байқамай да қалдым.Қандай аянышты.
Әрі қарай

Қар прикол

Бүгін ютубте адасып жүріп мынадай бір видеоға тап болдым. Ішек сілем қатқанша күлем деп (әр нәрсеге жалоба жасай беретін кемпірлер болады ғой, сондай кемпірлер біздеде бар) кемпірлерден ұрыс естідім. Мүмкін сіз көрген шығарсыз, әйткенменде өзіме ұнаған соң керекке іле салғанды жөн көрдім.



Әрі қарай

Махаббат бекеті немесе махаббат квадрат

Оқиға Астана-Ақтөбе пойызында болды.
Үстіңгі екі орында мен, әріптесім Айгүл және жампозым Самал үшеуміз жайғастық. Иә, иә үшеуміз. (Бұл басқа әңгіме)
Әдеттегідей, пойызға мінген соң сапарластармен танысу басталды. Астыңғы орындарға қыз бен жігіт жайғасты. Жұп екені анық, бірақ неке жүзіктері жоқ екен. Жігітке қолымды ұсынып «Маралбек» дедім, ол өзін «Махаббат» деп таныстырды. Қасындағы қыз бірнәрсе жасырған адамдай жұмбақ жымиып алды да «Махаббат» деді. Мәссаған! Әуелі ауызға түскен сөз осы. Сәл есімді жиған соң екеуін сұрақтың астына алдым. Сұраған сайын оқиға шағын бір романтикалық кино түсіріп жіберетіндей кейіпке енді. Сонымен басынан бастайын. Жалғасы
Әрі қарай

Туризмді дамыту жайында сөз қозғайықшы

Маңғыстау облысының туризмін дамыту туралы бас қатырып жүрген жалғыз мен болмасам керек. Сансыз ақпараттан басым айналады.Бәрін бір жүйеге келтіріп, мынадан бастап, былай жалғастырған жөн дейтін дерек жоқ (Бар болса да, таппадым).
Кімнен нендей ұсыныс болар екен? Қандай жағдайда Сіз МО келер едіңіз жазғы демалысыңызда?
ПыСы: Әңгіме ішкі туризм жайлы. Қазақ барын бағаласа екен деген ой ғой.
Әрі қарай

Биші інім

Рамазан атты інім бар. Өзі сүп-сүйкімді. Жақында керек музыкасын қойып өзі тыңдааап отыр. Қалғаны мына видеода
Әрі қарай

Соңғы робототехника жетістіктері

Робототехника көбіне адамға ұқсас роботтарды жасаумен шектеліп қалған сияқты болып көрінеді кейде. Интернетте адамға ұқсайтын роботтардың жарысы, олардың жүрісі сияқты қызық видеолар толып жатыр. Бірақ айтарлықтай адам өмірін жеңілдете қойған робот жоқ десе де болады, өйткені ондай роботқа миллиондаған информация керек: жүретін жердің қыртысы, кедергілерді өтуге т.с.с. және оны анализ жасап қортынды шығарТу үшін де бірнеше километр алгоритм керек немесе жасанды интеллект керек. Қысқасы адам өміріне пайдалы адамға ұқсайтын робот жасауға әлі жылдар немесе онжылдықтар да кетуі мүмкін.

Жақында Цюрихтегі Швейцария жоғарғы техникалық мектебінің робототехника саласының маманы Раффаэлло Д’Андреа роботтың басқа түрін жасады. Ол стандартты, «мода» болып кеткен адам робот емес квадрокоптер робот жасаған. Алдыңғы жылдары пинг понг добын бір біріне лақтыратын екі квадрокоптермен таң қалдырған, сол жұмыстарды жалғастырып екі архитерктордың көмегімен пеноплас кірпіштен үй тұрғыза алатындай төрт квадрокоптер жасаған. Навигациясы, құламай, бір біріне кедергі келтірмей, кірпішті жоғарғы дәлдікпен қоятындай жасаған. Меніңше, бұл — керемет жетістік.
Видеосы:


Роботтар салған "ғимарат" суреті:
Әрі қарай

10-12.02.2012. Астана. Startup Weekend.

  • kazjur
Жаңа aorda.kz сайтына жариялап едім, осындағыларға да пайдалы болар деп тағы да хабарлап отырмын.



Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.
Әрі қарай

Кириллден төтеге, төтеден кириллге

Бүгін мына сайтты көрсетті бір жігіт:

www.kazakhsoft.com/Convert/Default.aspx?ln=kz



Кириллдегі мәтінді төте жазуға конверт жасайды екен. Және керісінше төтеден кириллге. Бұрынғы транслиттерге қарағанда бұл сапалы жасалған, әріп қатесі минимум.

Жаңа өзім қытайлық қазақтардың бір сайтындағы мақалаларды оқып көрдім. Түсінікті
Әрі қарай

Киносөздер

Қисықтың Голливуд фильмдері жайлы жазған тамаша жазбасы бар еді. Мына сілтеме арқылы өтіңіз.
Ол жерде біраз көріністер талқыландды. Ендігі кезек сол фильмдерде айтылатын сөздер.

Басты кейіпкер қаланың жартысын қиратып, ақырында залым жанды ұстап алады.«Осының бәрі не үшін?» деген сұраққа «Я делаю свою работу» деп жауап береді.

Басты кейіпкердің жұмыстасы әкесінің жолдасы болып шығады. Соңында «Знаешь Джек, твой отец гордился бы тобой» деп жас жігіттің иығынан қағады.

Басты кейіпкер рөліндегі қыз жігітке «Уходи, просто уходи» деп сүйе тұра айтады және кейін өзі іздейді әлгі жігітті.

Тағы қандай сөздерді көп қолданады, өле көргенше бөле көрейік!
Әрі қарай