10-12.02.2012. Астана. Startup Weekend.

  • kazjur
Жаңа aorda.kz сайтына жариялап едім, осындағыларға да пайдалы болар деп тағы да хабарлап отырмын.



Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.

Әлемнің бірнеше қалаларында ұйымдастырылып жүрген шараның басты артықшылығы қатысушылар 54 сағаттың ішінде (жұма, сенбі және жексенбі күндері) идеясын жүзеге асыру үшін топ жасақтап, арнайы мамандардың көмегімен оны іске асырады.

Топтың жартысы әдетте техникалық білімі бар жандардан тұрса, келесі бөлігі бизнес пен кәсіпкерліктен хабары бар адамдардан тұрады. Осылайша ақпараттық технология мен кәсіпкерлікке қатысы бар адамдар бірігіп, ортақ жобасын жүзеге асырмақ. Бұл шараның басты ерекшелігі — 54 сағаттың ішінде бизнес идеяның сұлбасын дайындап, оны потенциалды инвесторларға ұсынуында.

Қатысушыларға кеңес беру үшін шетелден арнайы мамандар шақырылған. Шараның соңында сәтті жобалар арнайы марапатқа ие болады. Негізі бизнесін бастау үшін инвестиция беретін шығар деп ойлап отырмын.

Орын саны шектеулі болғандықтан қатысушылар алдын ала тіркеу формасына өздері жайлы мәліметтерді толтыруы тиіс. Тіркеу формасында тамақ үшін 3000 теңге төлеу керек екендігі айтылыпты.

  1. Толығырақ арнайы сайттарынан оқуға болады.
  2. Тіркеу формасын (орыс тілінде) мына сілтемеден табасыз.
  3. Төменде Startup Weekend туралы ағылшын тіліндегі шағын видеоны ұсынып отырмын. (Видео ашылмаса, пікір ретінде ескертулеріңді өтінемін)
  4. Ресейде ұйымдастырылған Startup Weekend туралы мәліметті Russia Startup Weekend сайтынан таба аласыз
Бөлісу:

4 пікір

qusbegi
Түртіп алдым, рахмет!
urimtal
барып жатсаң, кейін бір ауыз сөзбен әсеріңмен бөлісуіңді өтінемін. Ұнады, ұнамады деп қысқа қайырсаң да ризамын
TERISKEY
10-12.02.2011. Астана. Startup Weekend.
10-12.02.2012?
urimtal
Көзің ашылсын! Рахмет!!!