Шынайы махаббат деген не?

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған.
Әрі қарай

Сыныптастары ауылға кеткен сынып оқушыларына бөлек квота шығуы мүмкін


Астанада 11-ші сынып ата-аналарына арналған «ЕНТ стресін бірге жеңейік» атты тренинг және форум өтті. Тренинг барысында ата-аналарға үлгерімі нашар балаларын ұрмау, балағаттамау үшін қандай тәсілдермен өздерін ұстау керектігі, баланың оқуға түсе алмай 1 жыл үйде отыруы қоғамда ешқандай күлкілі жәйт емес екендігі, оқу үшін кредитті сәтті алу жолдары түсіндірілді. Жарты күнге созылған тренингтің соңы кішігірім форум-конференциямен аяқталды. Форум барысында ата-аналар балаларының бұрынғы сыныптастарының көпшілігі мектептегі соңғы жылдарын ауылдық жерде бітіруге кеткендерін айтып, бұл құбылысқа өз наразылықтарын білдірді.
Әрі қарай

САУАЛНАМА: Блогқұрылтай - 2012 қалай ұйымдастырамыз?

Аршат «Блог құрылтай» туралы тақырып бастаған соң, оны қолдап отырғандардың көптігін байқап қуанып отырмын. Қандай істі бастаса да, ең бірінші адамның ниеті маңызды деп санаймын. Сондықтан көпшіліктің осы шарадан қандай үміт күтетінін білу мақсатында арнайы сауалнама әзірлеп отырмын. Кейін бұның жауаптарын жинақтап, көпшілікке ұсынбақпыз.



Былтырғы жылғы Блогқұрылтайды ұйымдастыруда басы-қасында жүргендер жақсы біледі. Мұндай шаруаны қолға алғанда бір сөзге тоқтаса, іс өнімді болады.
Әрі қарай

Отандық аватар жасаушылар үкіметтен қолдау күтуде

Нұрислам Муслимов 21 жаста, жас дизайнер. Ағасының фотостудиясында жұмыс істейді. Бос уақытында аватар жасаумен айналысады.


— Нұрислам, жасаған аватарларыңыз қай тақырыптарда?
— Біз жолдас жігіттермен көбінесе азалы күндерге арналған авалар, ру аттары және қазақша ою, бүркіт суреті, Қазақстан туы бар авалар жасаймыз.

— Қиын ба аватар жасау?
— Әрине оңай емес. Үлкен тәжірибе және талант керек.

— Соңғы жасаған шығармаларыңыз қандай?
— Атырау, Тараз, Жаңаөзен қалаларының аттары жазылған қара ленталы аваларды мен жасадым.

— Қандай мәселелер, қиындықтар бар?
— Біз бұл туындыларды тегін жасап жүрміз. Үкіметтен материалдық қолдау күтеміз. Қанша дегенмен Қазағымыз үшін істелініп жатқан тірлік қой. Моймирде ашқан сообществомыз бар. Алла разы болсын, бүгінге дейін 2 адам қолдау көрсетті. Біреуі біз көрсеткен номерге 175 единица, ал екіншісі 57 единица лақтырған. Ал көп адамдар тегін алады да рахмет айтпайды.
Әрі қарай

Мини бұзақылықтар

Мектепте небір ойын түрлерін ойнаушы едік. трубка ручкалар шығып еді ғой.Екі басы да ағытылатын. соған қағазды шайнап-шайнап «трубка атыс» жасайтынбыз. Сызғыштың басына шайналған қағаз қойып «Былш» еткізу де боп тұратын.
Жетінші сыныптарда қыздардың жауырын ортасынан резинка іздеп, тауып алсақ тартып қалып «шарт» еткізтуші едік.
Туфлиіңе (аяқтың басына) айнаның сынығын қойып алып, қыздың екі аяғының ортасын қарау дегендей…
Ал, жігіттер сендер бұлардың қайсын істеп көрдіңдер?
Қыздар сендерге балалар істеп көрді ме осы мини бұзақылықтарды? Бөлісе отырыңдар, бала кезді еске алудың өзі керемет қой.
Әрі қарай