Менің суретшімен танысқаным жайлы

Негізі маған өмір жолында әрқашан жақсы адамдар кездеседі (мың да бір алғыс). Кішкентай кезімнен сондай. Ол жай жүргізуші болсын, гид болсын, мұғалімдер болсын, көршілер болсын-бәрі де жан-жағын жайма шуақтап жүретін жарқын адамдар болып шығады. Күзде жұмыс барысында сұхбат алған суретші Ақжан да мені өзінің өмірге деген позитивті көзқарасымен, өзінің жағымды энергиясымен баурап алды.

Кездесу жері- орталық мұражайға кіргеннен кейін, ауыр рамкалардағы үлкен-үлкен суреттерді шапшаң тасып жүрген кішкентай қызды көрдім. Сөйтсем Ақжанның көрмесі аяқталып, суреттерін реттестіріп жүр екен. Бірден маған күле қарап, кішкене күте тұруымды сұрады. Қимылының бәрі де жеңіл, өзі де ерік берсең секіріп, жүгіріп, билеп кететіндей болып көрінді. Сонымен ол суреттерін жіберіп, маған өзінің ескі құрбысынша «кеттік, не істейміз?» дегендей күле қарады. Өзімді кәнігі фотографтарша сезініп мұражайдың алдында сұхбат үшін біраз суретке түсірдім. Әр суретті көре сала ол "қандай күшті, сен өзің шебер екенсің" деп қояды. Жымиамын. Сосын ол «ал енді мен сені түсірейін» деді. Келесі минуттарда журналист екенімді ұмытып, Ақжанның алдында мен «позировать» етіп жүрмін.

Сөйтіп не керек алдын ала дайындап қойған сұрақтарымды шығарып, диктофонды қоса берейін десем, Ақжан «сен тамақ іштің бе?», «жақында күшті бір кофейня ашылды, жүр кеттік соған» деді. Ақжанның кіп-кішкентай машинасында кетіп бара жатырмыз. Оның жеңіл айдауынан, жолға емес, маған қарап мәз болып сөйлеп отырғанынан менің жүрегім тамағыма тығылып отыр. «Енді қай жерге бұрылушы едік», «ой, кешіріңіздер» деумен болды ол. Неше жыл бойы Түркияда оқып, Алматының қасқыр жүргізушілеріне үйренбегені көрініп тұр.

Әйтеуір діттеген жерімізге келіп, екеуіміз «Кафетерианың» террасасында кофе ішіп, өнер жайлы әңгімелесіп отырмыз. Күн жылы, айналаның бәрі алтынға көмкерілгендей әп-әдемі. Дайындаған сұрақтарымнан бөлек, өнерде кімнің бағы жанатыны, танымал болу үшін не істеу керегі жайлы Ақжан еш қысылмастан, ашық та бүкпесіз жауап берді. Кейде отырып-отырып өз сөздерінен не менің сұрақтарымнан көзі жайнап кетеді. Басында жаңа бір нәрсе ойлап тауып жатқандай, не бір жаңа суреттің эскизын елестетіп жатқандай көрінді маған.

Кетерде ол керек жеріме әкеліп тастап, «рахмет, құрбым, тағы да кездесерміз деген үміттемін» деп өзінің суреттері жайында буклетті қолыма ұстатып қош айтысты. Прокатқа алған ескі кішкентай «мазда 3»-і Абай көшесінің жылдам ағысына тез қосылып, алыстай берді.

Иә, менің өмірімде алғаш рет суретшімен таныстығым осылай өтті. Ақжанның суреттерінен де өзіне тән риясыз қуанышты, позитивті энергияны, әсемдікті сезінесіз. Қызық болса Ақжанмен сұхбатты және суреттерді «Екпіннен» толықтай оқып, көре аласыздар.
Әрі қарай

Тишка- мой братишка

Тиышмағамбет деген ініміз бар ел жақта. Ол да ХХІ ғасырдың төреҚожанасыры.
Осыдан оншақты жыл бұрын мектепке барды. содан 7-8 ай бұрын бітірді 9 жылдық мектепті.әрі қарай колледж оқымақшы. "Қалай, мектеп оқып жалыққан жоқсың ба?" десем.
-Жоқ, азанмен мектепке барамында артқы партаға жатып аламын. Өзімді мұғаліммін деп, мұғалімімді өз орныма қойып түрлі сабақтардан сабақ беріп отырамын, сөйтіп жүріп қалай мектеп бітіргенімді де білмей қалдым-дейді.

Жалғасы жоқ
Әрі қарай

Мой брат Азаматтт..( ІІІ-бөлім)


Бірде магазинге кіріп кеткен. Сәлден соң шықты. Қолында пакеті бар. Пакет прозрачный. Пакет ішінде анау-мынау заттарымен бірге «Олвэйс» анық көрініп тұр. Анау… естеріңізде ма… қанаттарымен ше?!!! Әлі үйленбеген кезі. Не үшін керек деп ойланып тұрдым да ақыры сұрауға бел будым. Сөйтсем жазда кроссовки іші тез терлиді ғой жазда. Әйелдер ғана и то айына бір рет қана пайдаланатын зат осындайда таптырмайтын құрал екен. Қанаттарын қайырып, айналдырып ұлтарақ астына салып қойса аяқ терлемиді екен. Ой күлгенімді айй…
«Біреудің үйіне кірген кезде носкиіңе жабысып шығып тұрса не істейсің?,-десем,-Түспейді,-деп қояд.
… Эххх сол кездер айййййййй…
Әрі қарай

Мой брат Азаматтт..( ІІ-бөлім)


… Азамат машина алды. Кәдуәлгі «Москвич». Бірнеше айдан соң көрсем: лобовойы жоқ (ішіп жүріп өзі сындырыпты), глушительдің ортасында бір-біріне жалғанатын жері болады екен, сол шығып кете береді (көпірден секірем деп тас үстіне түсіпті), бак бак емес, салон ішіндегі конистр, сигналы да істен шыққан. Оны руль астындағы сымдарды бірге жалғау арқылы іске қосады, бірақ, қосқан соң өшіру (сымдарды ажырату) қиын.
… Енді көз алдыңызға елестетіңіз: Азамат рульда, мен жанында отырмын. Менің аяқ астымда «бак» және «темекі шекпе, темекі шекпе» деп айқайлаған Азаматтың дауысы. Лобовойдың жоқтығы салдарынан жел ұрып тұр бетке. Жел болған соң шаң да болады (Ауылдағы асфальт сиқын білесіздер ғой). Түріміз адам көргісіз. Және ауылға кіре берісте жалғанған сигналдың ащы дауысы.
… Көргендердің бәрі қыран-топан .
… Эххх сол кездер-аййй…
Әрі қарай

Түлкінің ұлы дәреті дегенмен...

Түс деуге де қолым бармай тұр, еске алу — десем, шындықтың ранчосына жақынырақ болар. Очм, ұйықтап жатып, ертедегі бір кадрды айна-қатесіз қайталап көрдім дә*.
Очм, көршім Сержан ата таң ата ауласындағы сәкіде ұйықтап жатқан үлкен жанұясының апшысын қуырвататын:
— О, мәжігүндер**, кещелер***, жатыпішер ептібайымайдтар, тал түс болды ғой, алты болд
Әрі қарай

Егін күзету және шапан хикаясы

Жас кезде адамның ақымақтық әрекеттерге де барып тұруы еш сөлекеттік етпеген. Жаз болса жайлауда өтетін уақытымыз. Бала кезде білінбейді екен. Қолтыққа жүн шыққан кезде жайлаудан көрі ауыл жақта қызық көп екені аңғарыла басталды. Ауылдағы өзім теңдес түбіт мұрт бозбалалар күнде дискотекалатып жүргенде мен аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет барушы едім. Мал бағу, егінді қарау секілді шаруалармен қол тимейтін.Содан егін шабатын уақыт келгенде ағайын болып келетін Өткір атты жігіт екеумізді түнде егістік басындағы комбайндарды күзетуге жіберді. Будкада жатуымыз керек. Үш аяқты «Урал» матасекіліне отырып алып жайлаудағы үйден екі-үш шақырымдай жердегі алқапқа келеміз. Қас қарайып күн батты-ау дегенде матасекілді завайттамай(дыбысын естіп қалмас үшін)1-2 км жер итеріп ауылға қарай бет аламыз.Ауыл 10 км шамасындағы жерде. Таудың мүйісінен асқан соң оталдырып алып «ауыл қайдасың?» деп тартып отырамыз. Ауылға барғанда да үйге соғуға болмайды.Тікелей клубқа барамыз.Ол жерде біраз көңіл көтеріп, қыздарды тау жақты көрсетуге алып кетеміз. Жалпы, сол жылдары ауылда шапан кигендердің дәуірі жүріп тұрған.Жан-жақтан келіп жатқан қонақ қыздарды тауға апарып серуендеткен кезде шапан керек болады.Енді, қыздар тоңып қалса иығына жабуға.Содан таң ата түк болмағандай егіс басына қайтып келуші едік…
Әрі қарай

Мой брат Азаматтт..( І-бөлім)


… Менің ағам бар. Аты Азамат. ХХІ ғасыр қожанасыры…
Осыдан 10-шақты жыл бұрын ауылда қолдағы малды қойшы ауылға өткізіп, шопанның көмекшісі жоқ болып, көмектесуге кеткен. 1,5-2 айдан соң келді. Сұраймын ғой: қалай болды, ішің пыспады ма?,-деп. Ол болса: -Жоқ, азанымен қойды шығарам өріске, біраз жерге алып барып, өзім қыр басына отырп аламын да көзімді жұмып жіберем. Өзім бірден атақты әншіге, қолымдағы таяғым домбыраға, қойларым көрерменге айналады,-дейді,-бар даусыммен даланы жаңғыртып өлең айтып біткен көзімді ашсам қойлар шапалақтап жатқандай көрінеді, иіліп қошемет көрсетем «халқыма». Күннің қалай өткенін білмей қаласың,-дейді.
Әрі қарай

Кім қандай тақырыптағы сайттарға қызығады?!

Сәлеметсіздер ме?!
Өз ойларыңызды жаза кетсеңіздер…
Қазіргі уақытта кім қандай тақырыптағы қазақша сайттарға кызыға кіреді?!
Ал… торрент трекерлерге келер болсақ алғашқы орында Қазақстан бойынша екі торрент трекер бар
Әрі қарай