Чайник немесе адамгершілік туралы бірер сөз
Чайник дегенде ойыңа бірден не келеді?
Ыстық қою шәй ма?
жоқ әлде мың айтсаң да ұқпайтын "..." адам ба?
Не керек, бастықтың аты бастық қой. Таң атқаннан бері қасыма бір жігітті ілестіріп қойды. Қайда барсам да, көлеңкем тәрізді артымнан қалмайды. Ең қызығы, екеуіміздің жұмысымыз бөлек. Мен — журналист, ол — жарнама менеджері.
Басында ұялып тұрды-ау деймін, әңгімені өзім бастап едім, бәле болды. ауызы жабылмайтын біреу екен. Сондағы айтары тек сұрақ қою, анау небе былай, ол неге солай, кім, не, вообщем… Сағат 10-ға таман мүлдем оталды. Ашулана бастадым.
Бірақ, че то жаным ашып кетті. 1971 жылғы аға, отбасын асырайын идеп шапқылап жүр ғой, деп өзіме өзім басу айтып, кабинетке қайттым.
Келсем «албасты» әлі отыр… Бірақ осы жолы, сабырлықпен келіп, компютерге отырғызып, бір дорба қылып жинаған жарнамаларын тергізіп қойдым. Точнее теруді үйретіп жатырмын.
«Мен білмеймін, сен жазып берші»,-деп қалып еді. Өмір бойы біреуге жалынудан жалықпады ба? Үйренсеңші, сонда ешкімге тәуелсіз боласың деп рух кочать етіп бердім.
Вообщем қазір отыр, ақрындап үйреніп келеді. жарты бетке таяу роман жазып жатыр.
Ең бастысы, ашуға беріліп, осындай ағалардың қолын қақпай, білмегенін үйретіп отыру керек. Тшүстен бері, бір-бірімізді түсіне бастағандаймыз. Шәй ішуді ұнатам деп едім. Осымен үшінші кружка шәй ішіп отырымыз.
Кім біледі, бүгін "қақпай" тұрған ағатай, ертең оталып, тауды да төңкерер, ал әзірге, ағам отыр…
Негізі, мені қосып қою керек еді, аузымнан сөзді сұрап алатын. «Сұрақ бар ма?» десе, «Жоқ» деп жүре берем(стажировкадан)
Медиктерде (мүмкін, бір саласына) үйрету деген болмайды деп естідім, себебі олар болашақ бәсекелесін дайындауға ары жібермейтін көрінеді.