Ақпараттың сілтемесін беріп отырыңдар, журналистер!
2011 жылы 25 қаңтар күні «Мәліметтер» сайтында "Угги етігі зиянды ма?" атты мақала жарияланды. Сол жылдың 20 сәуірі күні «Алаш айнасы» газетінің «Білгім келген бір сұрақ» айдарында угги етігінің денсаулыққа зияндылығы туралы материал шықты. Аздап өзгертіліп, мақала қысқартылған нұсқада берілді. Бірақ ешқандай сілтеме жоқ. Салыстырып қарағанда асты қызылмен сызылған сөздер мен сөйлемдер 99,9% дәлдікпен көшірілгендігі анықталды. 0,01% сай келмеуінің себебі біздегі мақалада бір үтірдің қойылмауында.

Суретті шертсеңіз, анық көрінеді
Әрі қарай

Суретті шертсеңіз, анық көрінеді

Қазақша КВН жастар сүйіп ойнайтын ойын. Бұл ресми сөз. Бірақ қандай жастар ойнайды? Көрермені кім? Осы сұрақтарды көптеген командалар көп жағдайларда айналып өтетін сияқты. Ия, ия, білемін, қазір «Олай емес братан!», «Біз ойланамыз!», «Не істесек те барлығы көрермен үшін» дейтіндер табылады. Бірақ өкінішке (мүмкін бақытыма) орай мен КВНды көрермен ретінде қарай алмаймын. Сондықтан редактор көзқарасымен бізге не кедергі жасайды, қандай кемшіліктеріміз бар, санап өтейін. Бірден ескертейін, бұл жерден алып, жерге салып жамандау емес. Бір қорытынды шығарып, ары қарай сүйікті ойынымыздың дамуына себеп болса деген ой. Адекватты пікірлер болса тыңдауға дайынмын. Сонымен:

