Made in Kazakh

Біз Қазақстанда тұрамыз. Алтайдан Атырауға дейін… білесіз қанша шақырым, қандай кең байтақ екенін. Оқығансыз… Мақтанасыз… «Бізде қазба байлық деген жетеді, пішен-пішен үйіліп жатыр!» дейсіз… «Менделеев кестесін білмесең бізге кел, барлығын үйретіп жібереміз!» дейтін пысықтар да бар… Бар болғанға не жетсін… Бар болсын… Бірақ біздің тұрмыс тіршілігіміз, «жастар тілімен» айтқанда «өмір барысымыз, жүрек қағысымыз» қалай? «Тамаша!» дейсіз ойланбай! «Құдайға шүкір, жалпы ұлттық өнім артып келеді! Зейнетақы мол! Кейбір қызметкерлердің жалақысы 324 мың долларға дейін барады! Бізге жету қайда!» деген ресми қазиттердің сөзін тізбелей жөнелуге тіліңіз қышып тұр ия? «Ел межесі елулік!» деп айқай салар кейбір патриоттар…

… Таңертең тұрамыз… Кешіріңіз, таңертең қырғыз ағайындар тоқыған матаның ішіне өзағамдар өсірген мақтаны салған жылы көрпеден тұрып, аяғымызға қытай көршімізде жасалған «тәпішкені» сүйретіп финн кафелі жабыстырылған жуынатын бөлмеге барып, чехиялық құбырдан ағып тұрған Алматының суына түрік сабынын езіп, қазақи бетімізді қазіргі заман талабына сай қылып тазалаймыз. Айтпақшы Ресейлік тіс щеткасына американдық пастаны жағып, күнде қытай лапшасын жеуде көмектесіп жүрген тісіңізді ысуды ұмытпаңыз!

… Ас үйге өттік… Жуынатын бөлмедегі ілініп тұрған үнділік жұмсақ орамалға беті-қолыңызды сүртіп алған соң, қазақы қарныңыз солай қарай жетелейді… Швециялық пешке нағашылары Голландияда тұратын шәйнекті қойып, астына Өзбекстен газын жағамыз да, өкіртіп тұрып Цейлон шайын шығарып, Таулы Алтайдың сүтімен қатып, қазаққа ғана тән теріміз шыққанша рақаттанып шай ішеміз…

...Үстімізге италяндық кәстөм киіп, француз әтірін себініп, шығар есікті ағылшын құлпымен жабамыз… Есік алдында Сізді жарқырап Жапон көлігі күтіп тұрады… Ресей жанармайы құйылған… Асықпай американдық шылымыңызды қытай оттығымен тұтатып, қазаққа ғана тән маңғаздықпен отырасыз да, немістің ақылды мәшинелері төсеп берген асфальт жолмен ызғытып қоя бересіз… Көлігіңіздің ішінде дүңкілдеген түрік әуені… Қазақ ауасын пышақтай тіліп барады…

… Америкалық фирмадағы қызметіңізге келіп, жапондар жобасын жасап, түріктер сайманын беріп, өзбектер күш шығарып салынған ғимараттың ішіне Италияда жасалған туфлиіңізге қазақ даласының шаңы жұғып қалмасын деп жылдам басып еніп кетесіз… Сіздің жұмыс орныңыз… О, керемет! Скандинавтар жасаған жылтыраған үлкен үстел, белорусь ағайындардың қолынан шыққан жұп-жұмсақ орындық, кәрістердің ақылы-ойының ең соңғы жетістігі-компьютер!.. Ойыңыз кілт бөлініп, қазақ бастығыңыз финн телефонына шалған қоңырауы жұмысқа кірісуге жетелейді…

… Кешке жұмысыңыз біте, Қазақстандық күн (!) Ресей жаққа еңкейе бастағанда көлігіңізді тастап, чехиялық технологиямен жасалған тротуарды италияндық туфлимен тықылдатып баса ұйғыр кафесіне келіп, неміс сырасына бөгіп отырып, орыс тілінде қазақи әңгіме соғасыз… Арасында жапон теледидарына көз қырыңызды салып, орыстар мен испандардың футболын да қарап қоятыныңыз бар… Соңынан өзбек қыз румын қағазына қытай қаламымен жазып берген шотты американ ақшасымен төлеп үйге қайтасыз…

… Міне солай… Түңіліп кеттіңіз бе? Саспаңыз! Несіне алаңдайсыз? Білесіз бе бізде не бар? Алтай мен Атыраудың арасында… Айтып қойдым ия мұны? Онда… Онда… Менделеев кестесі… Бұл да ескі… А! Таптым! Біз ОБСЕге төраға боламыз! Міне! Ал не дейсіз? Қалғаны… Қайтесіз қалғанын? Шен мен шекпен берсе шекірейіп жүретін қазақ емеспіз бе?.. Тағы не? Әй, қойшы, айналайын… Саған жауап беремін деп мына қытай қаламымның сиясы таусылып барады… Мен кеттім… Не? Не дейсің?.. Ағылшындар қонақтан қоштаспай кете береді…
Бөлісу:

52 пікір

asaubota
казакша ариптермен пикир жазамыз
chimaq
Qoiyngyzchy bizing uide MADE IN KAZAKHSTANdegen buiymdar bar,ishpek jemek,urimjiden alghanbyz...aqyryn aqyryn aqyryn kobeier…
Zilola
Жанымыз бен тәніміз (қанымыз) қазақтыкі әйтеуір, оған да шүкір.
kokbori
Қазақ әрпімен қазақ жасаған қазақ сайтына шығарып отырғаныңыз бар, Орыстарға әзіліңіз өтетініне де күмәнім бар.
kozildirik
© 2011. Powered by «LiveStreetCMS» деген нені білдіреді екен? Осы сайттын томенгі жағынан копироваттап алдым?
asaubota
орыстардың движогымен жасалған деген сөз бұл
kozildirik
М басе)))
Қазақ әрпімен қазақ жасаған қазақ сайтына шығарып отырғаныңыз бар
дегенге күмілжіп қалып едім))))
kokbori
Осыны біле беретін орыстардың көп екенін білмедім. Оның үстіне орыс сайтынан мына постыңыз жарық көрді ме деген сұрақ бұл
kozildirik
Шатақ іздеп отырсыз ау))))) Неге барды бар, жоқты жоқ деп мойындай қоймаймыз? Менікі де жер қылу емес, жігер беру еді ойым
kokbori
Менің шағым жоқ сізде, бірақ осындай көсемсіген адамды көрісем невірім ойнайды. Осы сөздер сізден бұрын миллион рет қайталанған. «Неге?» деген сұрақ бұл. Одан да қазіргі нағыз сұрақ: "Қалай?" Осының мәселесін май шаммен қарасаңыз. Әйтпесе, мына сөзіңізді көріп намысы ойнайтын адам көрген жоқпын.
kozildirik
Кмі біледі, бөтелке мың сынбайды, бір күн сынады. Миллион бірінші рет бір құлаққа жетер?
omarbirat
Күнделікті жеп жүрген нанымыз Қазақстанда өскен бидайдан жасалған болса бопты да
kozildirik
диірмені, наубайханасы ше?)))))
AL-ASTER
Жақсы жазған екенсіз. Сынап-мінейтін адамдар қашан да табылады, бастысы бір істі бастан аяқ тындыруға келгенде тыянақты келетін адамдар көбейе берсін дегеннен басқа айтар жоқ.

Біреулер тойып секірсе, біреулер тоңып секіреді. Егер шикізатты бізден алатын болса, ата-бабасына ренжісін, білектің күшімен жаулап ала алмаған.

Несі бар, тағы да айтайын, сынап-мінеп, қажет болса тырнақ астынан кір іздейтін адамдар дүниеде жетіп артылады. Ондайда оның не мақсатпен бұл әрекетті жасап отырғанына мән берсек, бірі өзінің қолынан түк келмеген соң даттауға көшед, енді бірі осылай жасауға болатынын айтып өзі жасай алмаған соң (бәлкім жасай алса да, крысавать етпей ) басқаға білімімен бөлісед.
omarbirat
ұйғыр кафесіне
дүнген тағамдарын жасайтын ұйғыр кафесіне
kozildirik
аспазшысы түрік)))) деп қосу керек еді))))
Adiletshu
Узбечка есіме түсіп кетті
aza
Маған ұнады! Таңертең асүйде ОРТ дан «Доброе утроны» көреміз дегенді мұт кетіпсіз тек)))
kozildirik
Ұмытылғандар көп сияқты, айта отырайық, сосын бәрін топтап, топтық автормен шығарып қоямын))))
asaubota
неге біздің қазақтың қаракөз суицидшілері қазақ елінде жасалған арқанмен қылғынбайды, неге қазақ тілінде хат жазып кетпейді деп радикал ұлтшылдар шу көтеріп жатыр.
Janasil
Бұдан Дарвиннің әлгі теориясына сүйеніп "Қазақтар жаппай Ақсүйектер тұқымына айналып бара жатыр"-деген қорытынды шығаруға болатын секілді.
kozildirik
Мұны Менделеев сияқты түсіңізде көрмедіңіз бе?)))))) негізі қазақтар басқаларға айналып жатыр деген ой жатыр ед))))
Janasil
«Барлық адам бірдей ойласа, онда ешкімнің ештеңе ойламағаны»
e_zhalgas
каптилаизмді наққа жіберіп, социализмді аңсап жүрген коммунистің жазбасы деп қабылдауға бейіммін
kozildirik
Ол да мүмкін, іште нотсальгия деген жатады гой)))) Пионер болып улгерген едім, кім біледі бала кезімізде миға сіңіріп жіберді ме)))) байкатпай ещо)))
e_zhalgas
байқатпай сіңіре беру, бірді-екілі оқиғадан жаппай әдетке айналғаны жаман екен
kazprose
Қазақтар — Made in Kazakhstan
konvict
Тым әсірелеп жібергенсің. Сенің бұл жазғаныңды қазақтың 1 пайызы ғана(есептеп пе едіңдер деп бешпентімді шайнамаңдар) істейтін шығар. Ауылды, ауылды неге ұмытасыңдар осы? Мен саған айтайын, таңертең қытай аяқ киімі мен қырғыз матасын пайдалансың. Бірақ оған пайдаланылған мақта өзіміздікі болуы да мүмкін ғой. Төсектен тұрған соң аяғыңды қазақ ағашынан жасалған полға қоясың. Қабырғаны ұстап көрсең қазақың батпағынан жасалған. Кірпіш те қазақтікі. Очм, ары қарай кете береді.

Осы неге анау жоқ, мынау жоқ деп жылана бересіңдер? Аптыр айтшы өзің, көшеде кеьіп бара жатып жеген шоколадыңның қағазын әрқашан мусырға тастап жүресің бе?
kozildirik
патриот екенсіз)))) Дос жылатып айтад дит. Шабыңызға от тсүкендей шабынып ала жөнелгеніңіз не? Әлде әбетте шәй ішіппе едіңіз?
konvict
мен шабынып ала жөнелгенім жоқ. Осы сарындас маса.кз, абай.кз, азаттық радиосына бізде дым жоқ деген жылаңқы мақалалар зайыпты алып болды.
kozildirik
Бізде дым жоқ емес, бізде бәрі бар деп айттым байқасаңыз))) сатираны серьезно қабылдамаңыз, жүйкеңізге қиындау болады))))
konvict
кетшнақ
kozildirik
рахмет!
konvict
кешір, шаршап тұрмын. Гастаның палатасына кеттім
Adiletshu
Қадалған жеріңнен қан алады екенсің. Астанаға сенімен бірге барсам менімен біраз мыжиын деп тұрсын ғой
Gastarbaiter
Жол қысқарад зато
Gastarbaiter
Хазрет, хазрет деп жүріп менің ең жағымсыз қасиеттерімді жұқтырып алыпсың.
Gastarbaiter
Бұл жерде бәрі жылатып айтады. Күлдіретіндер саусақпен санарлық
kozildirik
Байқадым
Adiletshu
Осы сәтті пайдаланып сізден автограф алсам бола ма
FaraOn1
Made to Kazakh болу керек сияқты тақырыбы)))
omarbirat
Made by Kazakhs?
asaubota
мүмкін made off kazakhs немесе made out kazakhs?
omarbirat
Made for Kazakhs
asaubota
осы дұрысы
kozildirik
Ағылшынша сауатым шамалы екен)))) Қытайдың тауарының қорабын қарап отырып, армандап қоя салған нәрсе ғой)))
meirzhan
Бізде жалпы ішкі өнім артып барады, бірақ жалпы ұлттық өнім емес. Екіншісі арту үшін шикізат қана шығарушы ел болмауымыз керек.
edige
жумыска бара сала орыс ағайындардың тілімен сөйлеп, іске кірісеміз