Бүгін жексенбі. Бірақ біз үшін апта басталып кетті. Бүгін жұманың сабағын оқып келген студенттердің ертең сенбі екен деп жүргендері қаншама ) Бірақ бүгінгі күн дүйсенбідей ауыр болды.
Осы апта негізі тамаша өтті. Не дегенімен көктемнің алғашқы мерекесі сегізінші наурыздан кейінгі көңіл-күй жақсы. Құшақ-құшақ гүл , құттықтаулар, тынымсыз телефонның шылдыры, тола СМС… Көктем деген тамаша ғой
Блог құрылтайдың болатын күніне де небары 11-ақ күн қалды . Осыдан дәл бір жыл бұрын
Менің атымның Көкбөрі екенін білесіздер. Енді бір-бірімізбен жақын танысқан жөн болар деймін. Себебі алда ұлы дүрмек, ұлы той — Blogcamp. Сол кезде бір біріміз туралы бiліп қалай араласатынымыз туралы ойланып жүрген де орынды болар деген ойдамын. Бірақ бұл жерде аты жөніңді айтып, өз мінезіңді тілге тиек еткеннің пайдасы жоқ, адам өзінің мінез құлқын дәл суреттей алмайды. Сондықтан мынадай ұсыныс, бәріміз өзіміздің ұстанатын ұстанымдарын (принцип) нақылдармен келтірсек. Ол біреу ме, бірнешеу ме маңызды емес, ең бастысы өзінің ұстанымы болсын. Өздері шығарған нақылдар адамның өз характерін аша алмауы ғажап емес, сондықтан ұлылардың ұлағатымен білдірсе нұр үстіне нұр болар еді деген сенімдемін.
Киноға рецензия жазып көрмеген ем.Бұны рецензия деп қабылдамаңыздар.
Сонымен, көз алдымызға көне Римдегі гладиаторлар шайқасын, Юпитердің бұтағын әкелетін «Спартак» сериалының жалғасы «Кек» деп аталады. 10 сериядан тұратын бұл бөлімнің алғашқы 6 сериясын тамашаладым.
Әдетте қыз бен жігіт жүре бастағаннан-ақ, жеке территорияға кіре бастайды. Жеке торритория дегеніміз — адамның өзін еркін сезінетін меншікті мекені. Қол сұғуға болмайтын құқығы. Бірақ кездесудің екінші күнінен-ақ бір-бірінің агенттерінің паролін алып, кіммен сөйлесіп, кіммен араласатынын тексергенді жақсы көреді. Достарының жақсы-жамандығын айрып беріп, ақылгөйсиді. Кафеге барады, бірақ 2-3 сағатта 5-6 рет телефон соғады, қалай қыдырып жатырсың, кіммен жүрсің, не ішіп жатырсың, қашан қайтасың деген нервыңа тиетін сұрақтар қояды.
Есімнің мінезі қызық. Кішкентай бала сияқты. Бір нәрсеге тез ашуланып, қас қағым сәтте тез қуанып жатады. “Қартайғанда адам бір бала” деген осы ғой деп кемпірі де біржақтан қосылады.
— Өзі сондай жұмбақ бала болатын. Онымен таныстық, шамамен бес жыл бұрын болған еді. Есте қалғаны, сабақ үстінде оның анасымен келген алғашқы сыныпқа қадамы болатын. Сол күні оның анасы мұғаліммен көп сөйлесті, күбір-күбір. Бұзық балалар артында отыратын, және көрші орын бос болатын. Ал көзілдірік менің қасыма жайғасты. Ұзын құлақтан келген хабар бойынша, әкесі әскер бөлімшеде қызметте, анасы дәрігер. Кішкентай қарындасы да бар екен. Өзі тұйық. Айтпқашы, анасының өткендегі мұғаліммен неліктен ұзақ әңгімелескендігі белгілі болған сияқты. Ол мына көзілдіріктің мәселесі ғой, өзі дене шынықтыруға да қатыспайды екен. Есесіне, залда отырады. Балалар жүгіріп, доп қуып жүргенде ол қарап қана отырады.