Уайым...

Есімнің мінезі қызық. Кішкентай бала сияқты. Бір нәрсеге тез ашуланып, қас қағым сәтте тез қуанып жатады. “Қартайғанда адам бір бала” деген осы ғой деп кемпірі де біржақтан қосылады. Алайда бұл Есімнің әйелінің және оны білетін жақындарының ғана пікірі. Әйтпесе жұрт айтатындай Есағаң бүгін-ертең алжи қоятын түрі жоқ. Тек ішін жегідей жеген уайымы бар. Сол уайымы оны сырт көзге біртүрлі ғып көрсетеді. Жоғарыдағыларға сөзін өткізе алмай жаға жыртысып әбден титықтаған ол, денсаулығы сыр бергендіктен аурухана төсегіне таңылуға тура келді. Оны қарайтын дәрігері қатаң ескерткен: тыныштық керек, иә иә тек тыныштық, егер жүйкеге салмақ сала берсе жүрегі оны көтере алмайды.
Бір кісілік палатадағы үнсіздікті кемпірі бұзды. Есағасы-ау, енді демалатын, қоятын күнің әлдеқашан жеткен жоқ па? Өмір бойы ғылыммен айналыстың, физика ғылымының докторысың. Қаншама еңбектерің жарыққа шығып, қаншама шәкірт тәрбиеледің. Алған марапаттауларың мен ордендерің бір төбе. Атақ-абырайдан, шен-шекпеннен кенде емессің. Биыл ғана 70 жастық мерейтойыңды бүкіл ел болып дүркіретіп өткізді. Енді қартайғанда биліктегілермен жұлысып қадіріңді кетірмей, денсаулығыңды, тіпті мына мені ойласаң нетті. Кемсеңдеп отырған кемпірінің көз алдында жатқан Есім шынымен де шарасыз еді. Ғылым саласындағы соңғы жиырма жылын ол Каспий теңізін зерттеуге арнағанды. Ғалымның болжауынша теңіз маңында жойқын апат болғалы тұр. Соны биліктегілерге ғылыми тұрғыда дәлелдеп берсе де, селт етер біреуінің жоқтығы уайымдатады. Себебі жоғарыда отырғандар жиі-жиі ауысатындықтан, оларды теңіз мәселесінен гөрі, тақ мәселесі толғандыратыны белгілі еді. Отандық және шетелдік бұрғылаушылар кесірінен теңіз түбінде және теңізге жақын маңда өте үлкен мөлшерде жерасты қуысы пайда болған. Ғылыми тұрғыдан алғанда ол бос жерлерге су толтырылуы керек екен. Сонда апат орын алса да оның зардабы әлсіз болмақ. Бірақ артық шығынды шығарғысы келмейтіндер оны ұмыт қалдырған. Міне апаттың болар уақытын есептеп шыққан ғалымның шешіміне ешкім құлақ аспағаны оның уайымын еселей түсті.
Бөлісу:

7 пікір

satibaldi
Өмір бойы ғылыммен айналыстың, физика ғылымының докторысың.
Мұны шалға айтқаннан гөрі, оқырман естісін деп айтқан сияқты кемпірі
satibaldi
Қаншама еңбектерің жарыққа шығып
Қазақ ғылымының трагедиясы.
satibaldi
Алған марапаттауларың мен ордендерің бір төбе.
Жыртыл қаззақ, жыртыл.
Abilakim
Бұл ғалым қайта нақты немен айналысатынын біледі екен.Кейбіреулер өзінің нені зерттеп жүргенін білмейді ғой
KILYZAMAN
Кейбіреулер өзінің нені зерттеп жүргенін білмейді ғой
Armanjan
Сатекең "Құсмұрын" жаққа кәртөшкі қазып, тал құлатып келуге жібермегеніне шүкір айтатын күнге жеттік ғой
Abilakim
иә, ол жақ сен түгілі Ғалымжанды ауру қылған