Соңғы үміт

— Өзі сондай жұмбақ бала болатын. Онымен таныстық, шамамен бес жыл бұрын болған еді. Есте қалғаны, сабақ үстінде оның анасымен келген алғашқы сыныпқа қадамы болатын. Сол күні оның анасы мұғаліммен көп сөйлесті, күбір-күбір. Бұзық балалар артында отыратын, және көрші орын бос болатын. Ал көзілдірік менің қасыма жайғасты. Ұзын құлақтан келген хабар бойынша, әкесі әскер бөлімшеде қызметте, анасы дәрігер. Кішкентай қарындасы да бар екен. Өзі тұйық. Айтпқашы, анасының өткендегі мұғаліммен неліктен ұзақ әңгімелескендігі белгілі болған сияқты. Ол мына көзілдіріктің мәселесі ғой, өзі дене шынықтыруға да қатыспайды екен. Есесіне, залда отырады. Балалар жүгіріп, доп қуып жүргенде ол қарап қана отырады.



Барып танысып қайту қызықты болды. Бірнеше күннен кейін үйіне де шақырып алды. Төргі бөлменің бұрышындағы үлкен компьютерге жақындауға адамның батылы бармайды екен. Әкесінің жұмыс жасайтын машинасы деп тұжырымдаудан басқа ой келмеді. Жас та болса, ол ойындар қосып, интернет дегенді қолдана алады екен. Оның не екенін өзі түсіндіріп берді.

Бірде ғаламторды шарлап отырып, сыныпқа сайт ашу идеясы келді. Бірақ сыныпта ешкімде интернетті қойып, компьютері балалардың өзі санаулы ғана еді. Бізден басқа ешкімге қызықсыз болған соң, жасалмайтын болып шешілді.

Оның компьютерді қолдану өнерінен басқа, кодпен жұмыс жасауды меңгеріп жүргенін айтты. Шамамен бір айдан соң сыртқа шығуға шақыруға барғанда, оның қолы мүлде бос емес екен. Шамасы, программалауға шындап кіріскен екен: компьютердің айналасы шашылып жатыр, небір дискеталар мен кітаптар, барлығы программалауға қатысты. Осыдан былай оны мектепте ғана көретін болдық, бұрынғыдай залда да босқа жүрмейді. Үйінен шықпайды.

Кезекті демалыста оның ата-анасы бірнеше күнге қарындасын алып, қонаққа кететінін айтты. Үйіне шақырды. Келіскен уақытта үйіне бардым. Әңгімелесіп өткен-кеткенді айтып отырдық. Күн батқан соң, компьютерге жақындадық. Маған өтініші барын айтып, кішкентай чип дайындап қойған екен: соның кішкентай транзистерлерін паять етуді өтінді. Әдеттегідей барлығын жақсылап түсіндірді, өзінің көзі нашар көретіндіктен, микросхеманы дұрыс ажырата алмайтындығын айтты.

Бір аптадан кейін біздің ауданға тікұшақ келді. Ешқашан көрмеген ұшатын объектіні көргенде адамның жүрегі қатты соғады екен. Төбеңнен ұшқанда тіпті түрлі ойлар келеді: бәлкім олар кинода көретіндей басқа планеталықтар болып, алып кетер өздерімен бірге? Артынан оның қонған жері көзілдіріктің үйінің жағы болды. Мен барғанша ол көтеріліп кетті, артынан баланың анасының жылаумен тікұшақтың артынан бірге ұшып кете алмаған адамша ұмтылғанын көрдім.

Мектепте өсек қаптап кетіпті. Көзілдіріктегі досымыз енді жоқ. Өзінің соңғы жылдардағы уақытын жүрегінің тұсындағы ритмді реттеп тұратын микрочипті программалауға арнаған екен. Мақсаты, балалармен жүгіріп ойнау болатын, бірақ соңғы үміті орындалмады. Бүгінде, оның жасаған чипінің программа аналогтары қаншама адамға қуаныш сыйлауда…

Сурет photopolygon.com сайтына тиесілі
Түпнұсқа
Бөлісу:

21 пікір

araika
Сонымен, дұрыстап айтшы… Түсінгенім, қайтыс болған?
Marationok
Түсінгенім бойынша, қайтыс болған көзілдірік киетін досы.
Sabions
иа, қайтыс болды… тақырыптан білуге болады оны…
satibaldi
Түсінгенім бойынша, автор джентльмен ретінде түпнұсқа авторын көрсеткені дұрыс.
FaraOn1
фантэзи ма?)))
satibaldi
Фэнтези болсын, артхауыс болсын — бұл саған Белфаст мәселесін ұмытуға еш құқық бермейді.
Marationok
Тек есімі жазылмады, түпнұсқамен мәнісі бір.
satibaldi
Әлі оқып отырсың ба?
Marationok
Түпнұсқасын да оқыдым.
satibaldi
Лузерлердің шығармасы ғой. Комптан басқа қолымнан бірдеңе келеді ме екен деп ойлайды да, осындай құсықтар жазып көреді.
өзінің көзі нашар көретіндіктен, микросхеманы дұрыс ажырата алмайтындығын айтты.
— мынаны кез келген паяльник ұстап көрген адам оқыса, атылып өлер еді.
Marationok
— мынаны кез келген паяльник ұстап көрген адам оқыса, атылып өлер еді.
жас баланың шығармасы ғой
AL-ASTER
Паяльник ұстап көрген шығарсыз? Атыла қалыңыз
satibaldi
Ұстап көрдім, бірақ ондай нәзік пайка түгілі тесілген бакті жамау сияқты дөрекі пайканы да — үйге екінші рет келіп тұрған адамның қолына сеніп тапсыра салған емеспін.
AL-ASTER
Сенетін адамды тапқан екен, қайтеміз енД дегеннен басқа айтар жоқ.
AL-ASTER
Ия, рас. Мына жері ұйқаспай қалған екен.
Marationok
сосын, пояльниктің аудармасы — дәнекерлегіш, ал паять ету ол — дәнекерлеп жамау
satibaldi
Дұрыс емес, «пояльниктің» аудармасы — донекерлегіш болады.
Marationok
Қате менікі орыс тілінен үнемі үш алатын едім ғой.
AL-ASTER
Әкел ана плюсымды, қате болса
satibaldi
Уа-ча, Түпнұсқа деген сілтеме қосылыпТ постқа.