АфтеПатик
Кеше patick тің ұсынысымен Алматылық блоггерлер өзіміздің үйреншікті орнымыз, арбаттағы «Ситиде» бас қостық.

Енді барлығын басынан бастасам.
Әрі қарай

Енді барлығын басынан бастасам.

Бүгін «Отызгазетонжурнал» холдингінің Президенті Сыпатай Ульрих ерекше көтеріңкі көңіл-күйде. Үйде жалғыз жүрсе де бөлмелердің есіктерін пафоспен ашып, салтанатпен жауып, маңғаздан-кербездене алшаңдап жүр. Тіпті атылас халатының ілгектерін ағытып тастады. Императорлардай желкілдетіп-желбіретіп жүру үшін. Үйді әрі бері кезген соң, өзінің обрызы өзіне ұнай бастады. Тіпті бір-екі рет рухани бітіріп алды.
