АфтеПатик
Кеше patick тің ұсынысымен Алматылық блоггерлер өзіміздің үйреншікті орнымыз, арбаттағы «Ситиде» бас қостық.
Енді барлығын басынан бастасам.
Бұрын арбатқа жәй барып жүріп көрмеппін. Негізінен ЦУМға немесе тікелей «Ситиге» баратынмын. Осы жолы сағат алтыда келдім. Жетіге дейін арбатта түрлі қызықтарды көрдім.Ерте келіп алдым, ішім пысатын болды ғой деп ойлаған едім, қателесіппін.
Фурмановадан Жібек жолына енді түсе бергенім сол еді, алдымнан топырлап ән айтып, би билеген сары-қызыл киімді біреулер шықты.
Көрермен деген толып тұр. Барлығы оларды суретке және видеоға түсіріп, әлек. Біраз соны тамашалап тұрып қалдым. Содан кейін олар сол биімен ЦУМ жаққа қарай беттеді. Сонда брейк билеп жүретін жастардың жанына барып алып, «Харе Кришна» деп ән айтып, брейкерлермен билеп жарыса бастады.Бірінші рет көрдім кришналықтарды.
Ұялы телефонымды алып қарасам, жарты сағаттай уақыт өтіпті. Твиттерден Шебердің келе жатқанын білдім. Оны біраз күтіп, келгеннен соң екеуіміз «Ситиге» қарай бет алдық. Келе жатсақ, алдымыздан Jacobs Monarch кофесінің акциясы өтіп жатыр екен. Тұра қалып, сонда хат жазуға кірісіп кеттік.
Сосын жіберетін адамнын нақты мекен-жайын білмегендіктен, хатты ешқайда жібере алмадық. Сөйтіп сонда біраз қуып:
Артынша кофемізді алып:
«Ситеге» бардық. Барсақ, біршама адамдар келіп қалыпты. Сағат сегізге таяу толық жиналып, Астанада болған BlogCamp туралы айтып, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, келесі жылғы блог құрылтайға байланысты түрлі ұсыныстарды тыңдап, тарастық.
P.S. Осы аптада «Екпін» онлайн журналымыздың бетінде алғаш рет байқау жүріп жатыр. Ақын жанды керектіктер, қатысыңыздар )
Енді барлығын басынан бастасам.
Бұрын арбатқа жәй барып жүріп көрмеппін. Негізінен ЦУМға немесе тікелей «Ситиге» баратынмын. Осы жолы сағат алтыда келдім. Жетіге дейін арбатта түрлі қызықтарды көрдім.
Фурмановадан Жібек жолына енді түсе бергенім сол еді, алдымнан топырлап ән айтып, би билеген сары-қызыл киімді біреулер шықты.
Көрермен деген толып тұр. Барлығы оларды суретке және видеоға түсіріп, әлек. Біраз соны тамашалап тұрып қалдым. Содан кейін олар сол биімен ЦУМ жаққа қарай беттеді. Сонда брейк билеп жүретін жастардың жанына барып алып, «Харе Кришна» деп ән айтып, брейкерлермен билеп жарыса бастады.
«Харе Кришна»дегенінен олардың кришналықтар екендігін білдім. Соңынан барлығын Көктемнің келгенімен құттықтап, өз діндерін насихаттап, бәріне бақыт тіледі.
Ұялы телефонымды алып қарасам, жарты сағаттай уақыт өтіпті. Твиттерден Шебердің келе жатқанын білдім. Оны біраз күтіп, келгеннен соң екеуіміз «Ситиге» қарай бет алдық. Келе жатсақ, алдымыздан Jacobs Monarch кофесінің акциясы өтіп жатыр екен. Тұра қалып, сонда хат жазуға кірісіп кеттік.
Сосын жіберетін адамнын нақты мекен-жайын білмегендіктен, хатты ешқайда жібере алмадық. Сөйтіп сонда біраз қуып:
Артынша кофемізді алып:
«Ситеге» бардық. Барсақ, біршама адамдар келіп қалыпты. Сағат сегізге таяу толық жиналып, Астанада болған BlogCamp туралы айтып, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, келесі жылғы блог құрылтайға байланысты түрлі ұсыныстарды тыңдап, тарастық.
P.S. Осы аптада «Екпін» онлайн журналымыздың бетінде алғаш рет байқау жүріп жатыр. Ақын жанды керектіктер, қатысыңыздар )
Ата-ана деген вариант түспеді ме ойға? Мейлі, бірге тұрсаң да байқап көруге болушы еді
Олар туратын ауылдын индексін біле алмадым