Мұқияттылық

Университет кітапханасы:
— Кешіріңіз, сізден ксерить етсе бола ма?
— Ия, болады. Әкел, тек бір бет па?
— Ия!

Көшірме аппаратынан өткізіп берді де, маған қарап кітапханашы:
— Мә, мен байқамай (мен іштей: байқамай?) черновикке өткізіп қойыппын, бола ма?
— Жарайды, бола берсін. Қанша беруім керек?
— Он теңге (мен: черновик? он теңге?)

Он минуттан кейін тағы екі беттің көшірмесін жасау керек болды да, сол кітапханашыға тағы бардым:
— Апай, тағы өткізу керек еді?
— Түууу, мен жинап тастап едім бәрін… (мен іштей: нені жинап тастады? аппарат орнында тұр ғой?)
— Апай, өте керек еді…
— Қазір!

Оқу залының ең түбінде тұрған темір сейфті кілтпен ашты да, ішінен аппараттың шнурын алды. Шнурды аппаратқа жалғап, ток көзіне қосты. Мен күлкімді әрең ұстап тұрдым. Жиырма теңгесін ұстатып, көшірмемді алдым да тез шығып кеттім.

Шнуры аппараттың өзінен қымбат па сонда?
Бөлісу:

6 пікір

patick
Бұндай жағдайға қандай диагноз қоясыңдар?
kozildirik
Шнуры аппараттың өзінен қымбат па сонда?
Қымбат емес, просты апай өзі жоқ кезде біреулер халтурит етіп кетпесін дит та.))))) Үлкендеу тәтелерге аппарат қымбат екенін басып айтады ау деймін, байқасаңдар кнопкаларын басқанда саусақтары дірілдеп тұрады)))))
AL-ASTER
Ozi joqta bireu koshirme jasamasin degen bolar. Ili seifke simai qalgan)
Botik11
мұндай жағдайға "қолында бірдеңесі барлар боғын боталы інген қылады" деген диагноз қоямын
Kipshakkyzy
Менде де осындай жағдай. Өздері жарамсыз етіп тастайды да, ақысын екі есе алады.
Gulistan
рас, рас. Бар ондайлар