Стратиллат Меңдешев. "Бейромантик жұп"

— Нәсиха, мені тыңда. Мен де жігіттің сұлтаны емеспін, сені де осы аймақтың хас сұлуы деу күлкілі. Зоотехник ағам айтад өткенде, сені фертильді деген жастан өтіп бара жатыр дейд. Оның үстіне қамауда отырған екі дауылбай ағаң және бар, оларға күйеу бала болам дейтін есі
Әрі қарай

Гүлістанмен кездесейік!

Кеш жарық барлықтарыңа!

Алматылық керекшілер, ертең, сенбі күні, кешкі сағат 19.00де Мегадағы Пинтада кездесейік. Күлімдесе, күн сияқты жарқырайтын Анар-Гүлістан Атыраудан Алматыға қыдырып келгенде біз де көрісіп қалайық.



Келетіндерің осында жазыңдар, плиз.

ПС. Сити жабылып қалыпты, ОПЕЧАТАНО деп тұр

Әрі қарай

Трансформерлер: Агроботтардан номаботтарға айналу дәуірі.

Ұшқынды сақтап қала алмағаннан кейін автоботтар Жерде қалуды ұйғарады. Оптимус тірі қалған басқа автоботтарға өздерінің қайда екенін білдіру үшін ғарышқа белгі жібереді.
@

Айронхайд: Оптимус түрің неважный болып кетіпті ғой. Көлікке трансформация жасайшы.
Оптимус: Үндемей тұра тұршы, адамдарша ойланып алуым керек.

Айронхайд: Бір бас жақсы, екі бас сиам егізі(барлығы жыртылып күледі)
Оптимус: Агроботтар!..
Айронхайд: Мәселе осы агроботтарда Ептимус.
Әрі қарай

Адам жанының шырақшыларына жақсы жаңалық!


Жарты жылға созылған ауыр келіссөздерден кейін (өтіну, жалыну, ҚазНеттің белгілі тұлғаларының жабық хаты), бейсана деңгейде ойлаудың мэтрі, адамзаттың Атлантида суға кеткенге дейінгі барлық білім базасының шырақшысы, патриоттардың патритоты, Республикаға қарсы
Әрі қарай

Уикэндтік жұлдыз жорамал

Жұлдыздар осы аптаның соңындағы демалыс күндеріне не дейді екен? Меркурий көтеріліп тұр осы күндерде, оған Шолпан қиғаштап қарап тұр. Бұл нені білдіреді?



Тоқты
Бұл демалыста да көп өзгеріс бола қоймайды. Жұрт қайда барса сіз де соларға еріп жүре бересіз. Кей нәрселерді уақытында айтқаныңыз дұрыс. Мысалы тілек, талаптарыңыз немесе әзілдеріңіз уақытында айтылмай қалса ыңғайсыз жағдайға тап боласыз.

Торпақ
Сыртқы келбетіңізге де бір сәт көңіл бөліңіз. Күн жылынды ғой, аздап салмақ тастап көрсеңіз қалай болады? Бір нәрсені сағыздай шайнап, қайта-қайта айта бермей достарыңызбен бөлісетін тың тақырыптар табыңыз.

Егіздер
Көңілді демалыс болғалы тұр. Сүйіктіңіз қасына құрбысын ерте шығады. Төрт адамдық жақсы компания болайын деп тұр. Тек көп ішпеңіздер, арты оргияға айналып кетуі де мүмкін.

Шаян
Демалыста ешқайда шықпаңыз. Сізге қызығушылық танытушылар бар. Бірақ, ойлары жаман. Сондықтан жұма күні жұмыстан қайтарда телефоныңызға терминалдан бірлік салып алыңыз. Демалысты басқа Шаян досыңызбен телефон арқылы сөйлесумен өткізіңіз. Егер тарифы болса өзі телефон шалады.

Арыстан
Жұма күнгі кештен бастап қыдырыңыз, қаңғыңыз, шаттаныңыз. Ешкім кедергі емес сізге. Қол шығайын деп тұр осы демалыста. Қиғаш көтерілген Шолпан да көз қысып тұр сізге.

Бикеш
Басшылықтан жағымды ұсыныс түседі. Нақты жоспарларыңызды іске қосыңыз. Өсек-аяңға құлақ аспаңыз. Қыдырып, жақсылап бір демалыңыз.

Таразы
Базарға барыңыз. Сіз іздеген ештеңе жоқ әрине. Сонда да базар аралап, дым таба алмай ашулы келесіз үйіңізге. Ертеңіне тағы да базарға барып, өзіңізге керек емес зат сатып аласыз.

Сарышаян
Қызықты кездесулер, танысулар күтіп тұр. Күтпеген кедіргілер болуы мүмкін. Жалпы қол шығатын демалыс. Барлығы өз қолыңызда. Тек ол үшін қол емес басқа мүшелерді де қимылдату керек.

Мерген
Қонаққа баруыңыз керек. Алайда киетін ештеңеңіз болмағасын бара алмай қаласыз. Есесіне сізге қонақтар келеді. Жалпы көңілсіз демалыс болады.

Тауешкі
Сізді жақсы демалыс күтіп тұр. Бірақ та сіз туралы жаман пікірлер айтылатын болады. Мән бермеңіз.

Суқұйғыш
Ешқайда бармай үйде жататын күндер күтіп тұр сізді. Суға түсіңіз. Мимен жыныстық қатынас үшін керемет күндер. Әсіресе Меркурий көтеріліп тұрған кезде.

Балықтар
Мерген достарыңыздың үйіне қонаққа барыңыз. Тауешкілерді жамандаңыз. Бикешті өсектеңіз. Денедегі жаман энергияны шығарып тастайсыз осылайша.
Әрі қарай

Эстонияға барар жолда...

Опшым, қызмет бабымен ұйымдастырылған іссапармен Эстонияның астанасы Таллинге 2 күнге барып қайтудың сәті түсті.
Эстония мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасы болмауына байланысты ұшақпен барғанның өзінде Астана – Киев – Таллин бағытымен Астанадан Таллинге жетуіміз шамамен 16 сағаттай уақыт алды. Очм, шаршадық…
Сонымен, аз-мұз Киевтегі фотоесептен тамашалай отырыңдар.
15 сәуір күні Астана уақытымен таңғы 6-да шыққан ұшақпен Киевке жергілікті уақыт бойынша 8-де жеттік. Астана жайма-шуақ ауа-райымен шығарып салса да, Киев қабағын түйіп қарсы алды. Соған қарағанда АКҮны ала
Әрі қарай

Samsung Galaxy Note, 5 - бейне шолу (KZ)

Сәлем керекинфо қолданушылары! Бүгін сіздерге көрсеткім келіп отырғаны Samsung компаниясының Galaxy Note атына ие болған жаңа смартшетіне бейне шолуым! Әрине смартфон немесе планшет ескі жаңалық болса да шолу жасауға тұрарлық!)

мен твиттерде: @toiguliyev


Әрі қарай

Құттықтауларыңа болады!!



Жақында «31 арнада» басталған «Базарбаевтар» отбасылық комедиясы бірінші күні-ақ көрермендердің назарын тарта білді. Бұл әдетте ең прайм-тайм уақыттарын орыс тілді бағдарламаларға беретін коммерциялық телеарналар үшін, атап айтқанда біздің 31 үшін ерекше жаңалық болды. Өйткені қазақ тілді жобаға көрермендердің мұндай қызығушылығын күтпегендіктен болар. Осылайша, алғашқы күні Базарбаевтар жалпы көпшілік аудиторияда 23 пайыз үлеске ие болса, қазақ тілді көрермендердің 33-пайыз үлесін иеленді…
Құттықтауларыңа болады!!)))

Ал мен мұны қазақ елінде қазақ тіліндегі қызықты жобалар көрермендер ең көп көретін уақытқа (прайм-таймға) қойылуы тиіс деп есептейтін, барша жандардың кіші-гірім жеңісі деп есептеймін. Шын айтам!!! Қазақстанда негізінен орыс тілді халық тұрады деп есептейтін өзгетілділіктер, арналардың басым көпшілігінде бар (басшылық орындары туралы айтпағанда). Бұл бөліну емес көрермендердің талғамы әділ саралануы тиіс деген ішкі бір жанайқайым ғана… Оның үстіне қазақ тілді жобаларға жарнама бермейді деп мұрнын шүйіретіндерін қайтерсің!!! Прайм-таймға қойылса, сапалы хабар болса неге жарнама келмейді қазақ тілді жобаға, осыған ақылым айран!!!
Әрі қарай