Тэрвисте Эстония, Тэре, Керекинфо!

Опшым, Киевті 4 сағат шарлап, Киевше котлет жеп, Эстония әуе жолдарының Ыбырайым, тойыс Эмбраер ұшағымен 1,5 сағаттың ішінде Таллинге де келіп жеттік.


Эстондықтарды тормоз деген стереотип қалыптасқанымен, оларда асығатындай да ештеңе байқамадым. Эстонияның жалпы халық саны 1,5 млн адам, оның 400 мыңы Таллинде тұрады. светофордың алдында 5 машина жиналса пробка деп есептейді. Өйткені бүкіл Эстонияда тіркелген автокөлік саны 600 мың машина ғана… опшым бәсекелестік деген олар үшін басқа мемлекет, ұлттармен ғана, өз іштерінде бәсекелесетін ештеңе жоқ, опшым…
Мынау, Эстонияның басты алаңдарының бірі.



алаңның ерекшелігі, алаңдағы ғимараттардың барлығының бірінші қабаттары мен подвалдарында сыраханалар мен мейрамханалар орналасқан, және бәрі бір-бірімен байланысып жатыр, яғни біреуінен кірсең, екіншісінен тамақ ішіп, үшіншісінен шығуыңа әбден болады. "Қазззақтар көрмесін бұларыңды" дедім іштей…
Мынау біз барған «Корсар» деп аталатын, теңіз қарақшылары стиліндегі сырамейрамхана.


жазаланса, ох, қатал жазаланса… принципінің көрінісі…




Әр мейрамхана өз сырасын өздері қайнатады… Сыралары мықты, енді…

Таллин портында болдық, мына бір жарнамалық ұрандары мен брендтік белгісі қарапайымдылығымен ұнады, креативтерінссс…

Таллин телемұнарасында болдық. Біз келерден екі апта бұрын бұл мұнара 6,5 млн еуроға қайта жөндеуден өткізілген екен… Қазақи тұрғыдан алып қарағанда «мүмкін емес» дедік іштей…

мынау шамамен, Патиктің паханы барған кездері түсірілген сурет болса керек…

мынау қазіргі кездер…



бүкіл экрандар интерактивті, яғни сенсор арқылы басқарылып, түрлі функциялар атқарады, мысалы мына жоғарыдағы қызыл экранның алдына тұрып, қолыңды ербеңдетсең, ар жағынан сурет шығады, Сониплейстейшніңдіссс…

170 метр биіктіктегі осы бір залда мынадай экрандар қойылған олардың әрқайсысы Эстонияның жетістіктері туралы баяндайды, мысалы, Скайпты ойлап тапқан Эстондықтар екенін осы жерден білдім…

биіктіктен құлап өлгісі келетіндерге осылай істеуді рекомендеймін, терлейтін жердің бәрі терлейді екен, комплексіңдіссс…

Эстониядан сәлем, опшым…
Бөлісу:

28 пікір

Korkem
наууу соңғы суреттегі кім???
omarbirat
Скайпты ойлап тапқан Эстондықтар екенін осы жерден білдім…
Басқа-басқа, эстондардың тормоздығы туралы әзілдерге қаззақтардың күлетін жөні жоқ екен ғой
asaubota
эстондар футбол жағынан да қазақтар армандай алмайтындай дәрежеде алда. биыл Еуроға қатысуға шақ қалды, плейоффта Ирландиядан жеңіліп.
izbasar
Барған мақсат: МЕМЛЕКЕТТІҢ маңызды мәселе шешеме десем, сыраханалауам деп қалдым.
Aldeken
Не ғо, мемлекеттік тұрғыдан шешілген, талқыланған жайларды жалпыға жаюға рұқсат жоқ. Ол жағынан қам жемей-ақ қой. Керекинфоға бос уақытымызда көрген жайларым мен алған әсерлерді бөліскем. Терең тыныстауды рекомендеймін.
Abilakim
Эстондықтар "қазақтардың барлығы осындай алып па?" деп сұрағанда «Елімдегі ең кішкентай адамдардың бірі мен» деген жоқсыз ба?
Aldeken
Жалпы антропология жағынан келер болсақ, Әбіләкім, сенің дене-тұрқың Эстондықтардың 11-12 жасар баласына шамалас боп қалад…
Сондықтан, эстондықтар үшін мен де қатардағы жай адам болып көрінген болуым керек…
Abilakim
саған белгілілеу ғой, тірі эстон көрмеппін. Баяғыда соғысқа қатысып келген аталарымыз немістерді керемет суреттеуші еді. Өгізбен молотилкада жүрген біздер аузымыздың суы құрып тыңдайтынбыз. «Неміс дегенің дәәу сары, көздері қызыл, беттері жүндес болады екен» деп отырушы еді соғыс көргендер.
Aldeken
бұларда да бар ондай экземплярлар, ассимиляцияңдыссс…
Zhan
О, сапар күшті болған екен. Тек ана бір сурет осы «Керекте» жазалау туралы посттарға сай екен))))
sammita
бізде Момышұлы даңғ. бар «Корсар» мейрамханасы. іші қандай екенін.
omarbirat
Осы постқа дейін Эстонияның халық саны 1,5 миллионға де жетпейтінін білмеген екенмін. Бізден әлдеқайда көп шығар деп ойлап жүріппін. Бұл бір КерекИнфо болды мен үшін
Gastarbaiter
Жалпы КСРО-да Қазақстан халқы саны жағынан РСФСР мен Украина ССР-нен кейінгі орында болатын. Қазір білмейм.
omarbirat
Ол ашаршылық жылдарына дейінгісі шығар. Қазір Өзбекстанның халқы Қазақстаннан көп. 2007 жылдары білуімше 27 млн еді, бүгін википедиядан қарасам, 29 млн деп тұр!
Gastarbaiter
5-ші орында бопты.
— Республика 1959 1970 1979 1989 1990 1991
СССР 208827 241720 262436 286731 288624 290077
РСФСР 117534 130079 137551 147400 148041 148543
Украинская ССР 41869 47126 49755 51707 51839 51944
Белорусская ССР 8055 9002 9560 10200 10259 10260
Узбекская ССР 8106 11799 15391 19905 20322 20708
Казахская ССР 9310 13009 14684 16536 16691 16793
Грузинская ССР 4044 4686 5015 5443 5456 5464
Азербайджанская ССР 3698 5117 6028 7038 7131 7137
Литовская ССР 2711 3128 3398 3690 3723 3728
Молдавская ССР 2884 3569 3947 4338 4362 4367
Латвийская ССР 2093 2364 2521 2680 2687 2681
Киргизская ССР 2066 2934 3529 4290 4367 4422
Таджикская ССР 1980 2900 3801 5109 5248 5358
Армянская ССР 1763 2492 3031 3288 3293 3376
Туркменская ССР 1516 2159 2759 3534 3622 3714
Эстонская ССР 1197 1356 1466 1573 1583 1582
Aldeken
бүкіл Эстония бойынша тіркелген машиналар саны 600 мың екенін естісең, көшіп кеткің келетын болар, эстонияға… ))))))))))
omarbirat
Қазақстанда растаможка арзандап жатса, кетіп қалуға болатын сияқты. Сол жақтан Еуропадан мәшине алып, елге жіберіп тұратын
monti
уаййй 1,5млн. халық кені қызық инфо кен
Скайпты ойлап тапқан Эстондықтар екенін осы жерден білдім…
мадестер
Daniar-Alan
уаййй 1,5млн. халық кені қызық
бәәрі бірін-бірі танитын шығар ияяя… деп қойсай…
Daniar-Alan
сұрақ:
1. үстінен санағандағы 8-суреттегі жартыбас кім?
2. үстінен санағандағы 10-суреттегі сурет бойынша. пираткалар солай киінген ба?
3. сіз неге оның жанында тұрсыз?
4. жанына жақындауға (қыпша белінен құшақтап тұрып суретке түсуге) әйеліңізден қорқып тұрсыз ба?
Aldeken
1 сұраққа жауап: 8-суреттегі бізбен бірге сапарлас болған жігіттің жартысының басы, сенің құрдасың болуы керек, ұмытпасам…
2 сұраққа жауап: Пираткалар қалай киінгенін білмеймін, бірақ, ана манекенді солай киіндіріп қойыпты.
3 және 4 сұраққа жауап: мен суретке түскім келген жерде тұрған манекен, әрі тұрш деуге, орнынан қозғалмайды. Мен оның қасына емес, сәл көзіңді манекеннің ашық-шашық төсінен солға қарай тайдырсаң менің арт жағымда палубадағы көк шағаланың чучелосын көресің, уоот мен соның фонында суретке түсіруін сұрағанмын, азғынқиялыңдыссс… Әйелден қорқатын болсам, salta менің ғашығым болар ма еді, а, провокацияңдыссс…
Daniar-Alan
сәл көзіңді манекеннің ашық-шашық төсінен солға қарай тайдырсаң менің арт жағымда палубадағы көк шағаланың чучелосын көресің, уоот мен соның фонында суретке түсіруін сұрағанмын, азғынқиялыңдыссс…
а мен көк шағаланың чучелосының фонынан гөрі ашық-шашық төстің жанында түсуді қалар едім. ...Қартаяйын депсіз Алдеке, қартаяйын депсіз…
Aldeken
Пираткалар қалай киінгенін білмеймін, бірақ, ана манекенді солай киіндіріп қойыпты.
Ренжіме, Данияр, резеңке куклалар қызықтырмайды екен мені…
Daniar-Alan
есесіне көк шағаланың чучеласы ма?
Aldeken
Не ғо, шағалаға қызықсам, жас кезімде «чайкаларда» кеткен өшім бар шығар, сенің де резеңке куклалар көңіліңді қалдырып па едің, а, комплексіңдіссс…

Пы.Сы. әрі ойна, флудыңдыссс…