Байқау! Байқау! Байқау!

Журналистер арасында байқау жарияланды

«Қазақмыс» тобы мен Қазақстан Баспасөз клубы тау-кен металлургия секторы туралы жазатын журналистер арасында республикалық байқау жариялады. толығырақ

«Балапан» телеарнасы анимациялық сериал сценариіне байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК АҚ «Балапан» телеарнасы 10 мамыр — 10 маусым аралығында балаларға арналған, әрқайсысы 7 минуттық 20 сериялы анимациялық сериал өнімін дайындауға байқау өткізеді.толығырақ
Әрі қарай

Ауыл клубы

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылында жетпістен ғана астам отбасы бар. Бір кездері мыңға тарта түтіні болған бұл ауылда мектеп, мәдениет ошағы, бірнеше дүкен мен ауруханасы болған.
Әрі қарай

Кішкентай Ғазиздің үлкен жүрегі

Кім-кімнің де өмірінде бүкіл шаблондары морт сынып, әлемге басқаша қарайтын кездері болады. Оған себеп те әртүрлі. Біреуге кітап, біреуге фильм. Біреуге түсіне аян келеді. Төмендегі жазбаны 2008-жылы жариялағанмын, қағаз баспаға да менің рұқсатыммен шыққан болатын.
Мынау редакциядан өтпеген нұсқасы, қатты әсердің үстінде жазғаным білінеді. Мүлде басқа стиль, мүлде басқа Гаста. Қазір олай жазбаймын, жаза да алмайтын сияқтымын. Өйткені, тап сондай әсер беретін, тап солай таң қалдыратын дәнеңе кешіп жатқаным жоқ.

***

Құдалыққа күйеу жолдас болатынымды білмеген едім. Аяқ астына жиналдық та, кеттік.
Басымда: *Ой бір қыдырыстың түбін түсіреміз -ау!*, *Қыз-жолдас сұлу ма екен е? Бүгін кімнің басын айналдырады екем! Тәәк, ертең жұмыс, бүгін көп қыдырмайық!* — деген сияқты бір-бірімен алысқан пенделік ойлар…
Әрі қарай

Алматыдағы мәдени шаралар

London Beat тобы «Гүлдер» фестивалінде өнер көрсетеді

Ұлыбританиялық London Beat тобы Алматының «Мәдениет жылы» аясында өтетін «Алматы — гүл қала» фестивалінде өнер көрсетеді. «Гүлдер» фестивалі 26 мамыр күні «Астана» алаңында өтеді.
Фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірегей гүлдер көрмесі, жәрмеңкелер, гүлдермен безендірілген көліктер шеруі, түрлі мәдени ойын-сауық шаралар және эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылмақ.
Әрі қарай

Әуе.Жер.Ғашық - Каппадокия





Қазір «31 арна» эфирінен беріліп жатқан «Әуе. Жер. Ғашық» телехикаясы оқиғаларының тартымдылығымен ғана емес, телетоптама түсірілген орынның табиғатының әдемілігімен де көрермен назарын өзіне аударды. Басты рөлді сомдаған – Бирче Ақалай мен Мұрат Уналмыш – телехикая түсіріліп жатқан Каппадокия жері туралы әсерлерімен бөлісті…

Каппадокия табиғатының әдемілігімен және ғасырлар бойы салынған жерасты қалаларымен, таудан қашалған ғибадат орындарымен әйгілі. Бұл табиғаттың өзі жасаған керемет орын.

Басты рөлдегі Хавваның рөлін сомдаған актриса Бирче Ақалай, Каппадокиямен өзінің арасында беймәлім тылсым байланыстың бар екенін айтады.
«Мен Стамбулды өте қатты жақсы көрем, одан тыс жерлерде жұмыс істеу маған қиын. Үнемі жұмыста болғандықтан, қалыптасқан әдеттерім бар. Түсірілім барысында мен үйімді қатты сағынамын. Алайда, Каппадокия жайлы орын екен, мен бұл жерден жаныма сая таптым. Бұл өте ерекше жер, тіпті оған бауыр басып кеттім.
Стамбулдан келгенім кеше және достарыма қашықтыққа бұрынғыдай қатты қиналмайтынымды айтам. Бұл орынды аралап көруге бұрын мүмкіндік болмағаны өкінішті. Стамбулға оралғанда осы өңірдегі үйлесім мен тыныштықты аңсай бастаймын»,-дейді актриса.

Бирченің өмірінде бұл аймақтың маңызы ерекше, өйткені дәл осы жерде хикаяның түсірілімі баысында ол болашақ жары – Мұрат Уналмышты кездестірді. Олардың хикаядағы махаббаты, шынайы өмірде үйлену тойымен аяқталды.

Мұрат Уналмыш (Юсуф) осы жердің тумасы, сондықтан да бала кезінен бұл өңірді жиі аралаған. Дарынды актер түсірілім жұмыстары басқа емес, дәл осы Каппадокияда өтіп жатқанына қуанышты.

«Менің пікірімше, телехикаяның табысты болуының негізгі себебі де осы. Мен, жақын маңда орналасқан Кайсериденмін, алайда Каппадокияның кереметін бұрын-соңды дәл осылай сезініп көрмеппін. Бұл шынында да өте әдемі орын, мен үшін маңызы да ерекше. Бұрын мұнда ата-анама еріп келетін едім. Ал түсірілім жұмыстарына келгенімде өзгеше бір тылсымды сезіндім. Бұл орынның айрықша жағымды қуаты бар»,-дейді актер.
Хикаяның режиссері Атил Инанш айрықша орында, айрықша өнер шеберлерімен жұмыс істеп жүргеніне сенімді. Атилнанштың ойынша, телехикаяның көрермендерді тартуына Каппадокияның жағымды қуатының да әсері ұшан-теңіз. Режиссер: «Менің тобымда тек кәсіби мамандар жұмыс істейді, оларға менің алғысым шексіз. Түрік телехикаяларының басым бөлігі соңғы жылдары Стамбулда түсірілді, қала да көрермендерді жалықтырып жіберді. Каппадокия – өте әдемі, ол көпшііктің назырына тұрарлықтай орын».

Топрақтың рөлін сомдаған Селен Сойдер де бұл өңірге ғашық екенін айтқан болатын. Дарынды актриса Каппадокияда жұмыс істегеніне қуанышты болғанын мойындаған еді.

Хикаяға қатысты тағы бір жаңалық,



Мұрат Уналмыш

«Әуе. Жер. Ғашық» фильмінде ұстамды да, сезімтал Юсуфтың рөлін сомдап миллиондардың жүрегін жаулаған актер 1981 жылы дүниеге келген. Киноөндірісіне келмес бұрын ол кәсіби спортта атағы дардай жұлдыз болған. Студент кезінде-ақ, «Фенербахче» баскетбол клубының құрамында ойнаған. Ал, телехикаяға түсуіне, ұлын киноактер ретінде көргісі келген анасы ықпал еткен. Осылайша, тағы бір талантты актерді көпшілік таныды. Қазір ол түрік киноөндірісіндегі сұраныстағы актерлардың бірі.

Бирче Ақалай
Бирче Ақалай, тәуелсіз, мақсатшыл, тәкаппар Хавваның рөлінде ойнайды, ол 1984 жылы Стамбулда дүниеге келген. Театр саласында жоғары білім алады. Әр жылдары Түркияның телеарналарында тележүргізуші ретінде «Чемпиондар лигасы», «Сегізінші кезең» секілді спорттық бағдарламаларды жүргізеді. Одан кейін, «Түркия аруы» байқауына қатысып, үшінші орын алады. Бұл байқау үшінші орын ғана емес, Бирчеге үлкен мүмкіндік сыйлады. Өйткені оны байқаған режиссер, кастингке шақырады. Киноәлеміне актрисаның сапары осылай басталды. Бүгінде бірнеше телехикаяға түсіп үлгерген сұлу, «Еуропа Аруы» байқауында бағын сынап, ақтық мәреге жетті.
Бирче мен Мұратты тағдыр «Әуе. Жер.Ғашық» телехикаясының түсірілімі барысында тоғыстырды. Әріптестік байланыс, көп ұзамай махаббатқа ұласты, танысқан соң, үш ай өткеннен кейін, мамыр айында олар үйлену тойларын жасады. Бұл жұлдызды жұп түрік халқының мақтанышы. Оларды үлгі тұтып, қайырымдылық кештеріне шақырады.

Cелен Сойдер

Селен Сойдерді жұртшылық телехикаядағы нәзік те, сүйкімді Топрақ арқылы біледі. Ол 1986 жылы 26 желтоқсанда Измир қаласында дүниеге келген. Анадолы университетін «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы «Түркияның сұлу модельдері» байқауында жеңімпаз болды. Халықаралық «Әлем Аруы» байқауында (Пекин) үздік бестіктің қатарына енді, «Үздік ұлттық киімі» үшін марапатқа ие болды. Ал, 2007 жылы «Түркия Аруы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін, жарнамалық роликтерге және бейнеклиптерге түседі. Ал киноэкранға 2010 жылы шығады. Бірқатар киносыншылардың пікірінше, Селен өзінің нәзіктігімен және айрықша сұлулығымен түрік киносына ерекше леп алып келді. Қазір ол Стамбул университетінің тарих факультетінде білім алуда.
Әрі қарай

Меңдуана

Бұрындары, мектеп оқып жүрген жылдары, жетінші не сегізінші кластың (менің мектептік жылдарымның көбі «класс» кезінде өткендіктен осыны пайдаланамын)биологиясының артынан-ау деймін «Марихуана-кәдімгі меңдуана» деген аударманы оқыған едім. Кейініректе басқа бір сөздіктерден «Меңдуана-белени» дегенді оқыдым.
Жарайды, не болса ол болсын орысшасы.Біздің халқымызда «меңдуана шайнағанбысың?» деген тіркес бар. Миға кірмейтін іс-әрекеттер мен сөздерді айтқан жанға қаратыла айтылады. Пушкин ертегісіндегі шал да кемпіріне «Ты что баба, белени обьелась?!» дейтіні де осындай жағдайдан соң ғой.
Менің айтпағым мынау негізі. Биыл біздің Майқұдықта осы кәдімгі меңдуаналарыңыз көптеп өсуде.Паркте, жолдың шеттерінде дегендей.Осы шөп арқылы ақша жасаудың жолдарын кім біледі?!
Суретке төте сілтеме
Әрі қарай

Ертегі

Ертеде бір Құбыжық өмір сүріпті. Жоқ, заты құбыжық емес, азан шақырып қойған аты Құбыжық. Тілдей куәлігіне Құбыжық деп жазылып кеткен соң амал бар ма. Сүндет тойынан бір жылдан соң молда алдына тіл сындыруға барғанда барлық балалар «Сенің атың да Құбыжық, затың да құбыжықсың!» деп мазақтап ойнапты. Алтыға келгенше адам баласын көрмей, тауда әкесінің етегінен ұстап қой баққан балада қайбір түр болсын. «Құбыжық болсам болармын» деп сырттай көнген түр жасағанымен, ішінде қатып жатқан кекті ешкім білген жоқ…
Әрі қарай