Цой 50


Ох ты, мәссаған, болған алғашқы эмоциям Цойды естігенде. Цойды емес, группа Киноны естігенде. сексендердің аяғында қазақстан каналынан бір музыкальный передача болатын, музыка туралы. Сол кездері ВИА (вокально инструментальный ансамбль) мен қатар музколлетивтерді группа деп атай бастаған. группа кино «тыыы ыы так любиш эти фильмыыы, мнееее ееее знакомы эти пессниии». сосын касетлері қолға түсе бастады. мен уже гитарамен өлеңдерін айта алатын едім ол кезде. Сосын ол аварияға түсіп қаза тапты. Москвичімен икарусқа барып соққан. Тоқсандардың ортасында мен музыкаға равнодушный бола бастадым, бар ма Цой жоқпа както бәрібір болды.
Питер Ленинград болған заманында Цоймен бір ПТУда оқыған қарақалпақты білемін. Лезгин досым Бадрхан бала кезімде Цойдың фанаты едім деген бір отырғанды. 90 шы жылы Игланың сеансында отырғанда, көрермендер зажигалкаларын жағып қолдарын бұлғай бастаған. Бір кезде кино тоқтатылды, залда свет жанды, кинотеатрдың администраторы шығып «если не прекратите, сейчас всех выгоню и сеанс закончится» деді. Бәрі жым болды, эксцесс осымен тоқтады.

Әрі қарай

Апамның өлеңінің бағасын-ай немесе өмірдегі өз бағаң қандай?

Саябақта отырған едім. Қасыма бір қартаң апа келді. Пакеті бар қолында. Біраз уақыттан кейін, онысынан бір кітап алып шықты. Маған ұсынып:
— Қызым, мына кітапты оқи отыр. Өзім – ақынмын. Мынау менің шығарған өлеңдерім. Ұнаса, сатып аларсың. Бағасы – 1000 теңге, қарғам, – деді.
Қайта айналып келетінін айтып, кетіп қалды апам.
Әрі қарай

Titanic кемесінің шынайы жасалу барысы

Әйгілі Кино режиссері James Cameronның кино фильмі «Titanic» кинодағы алып сәулетті кемені бізге тіптіде жақындай танысып сол жылы болған аянышты оқиғаны қайта көз алдымызға әкеліп көрсетті, өз басым бұл киноға ризамын, әрі тебірінемін. 15 жылдан бері Rose бен Jackтің махаббат ертегісін біз ұмытып көрген емеспіз, жақында " Titanic " фильмі экранға қайта шықты, 3D нұсқасындағы бұл фильм тағыда керемет ақша сорғыш құрал болды, ойламаған оқйға шықпаса 3D нұсқасынан түскен кірістен кейін «Titanic» фильмі «Аватар»ды жеңіп әлемдегі бірінші мол кіріс түсірген фильм атағын қайтарып алатыны даусыз. ал бүгін мен сіздерге төмендегі бір қатар сурет жинағын ұсынып отырмын, кинодан шығып, шынайы дүниеге көз салыңыздар, Titanic кемесінің жалпы жасалу барысын тамашалаңыз.

Мақаланың келу қайнары: Қазақ студенттері сайты
Әрі қарай

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Tech Forum Central Asia

Алматы қаласында өткен аптада (14-16 маусым) жаңа ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік бастамаларды біріктіретін TFCA 2012 халықаралық форумы өтті.
Блог - rakisheva: Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Tech Forum Central Asia

TFCA деген — қоғамдық ұйымдар өкілдері, IT-құрастырушылар, әлеуметтік кәсіпкерлер, digital агенттіктері мен жаңа медиа мамандары, стартаперлер, блогшылар мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған форум.

Блог - rakisheva: Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Tech Forum Central Asia
Әрі қарай

Ержүрек қыздың хикаясы


Биылдан бастап қолға алына бастаған Голливуд туындыларын қазақ тіліне аудару жұмыстарының сапасы әр премьера сайын жақсармаса, еш төмендемеген емес. Бұған "Батыл жүрек" анимациялық туындысын көргенде тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.
Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №2


Покажите мне человека с татуировкой и я покажу вам человека с интересным прошлым.
№2. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.

1.Кілт пен жебе. Үй тонаушылардың денелеріне салынатын болған. Арқа немесе кеудеге салынады.

Әрі қарай

Кірпіш

Құрылыс соңында қабырға үстінде қалған кірпішке жан бітіпті. Күн көзіне көп жатқан соң, іші пысып, кітап оқымақшы болыпты. Сол кезде қайдан пайда болғаны белгісіз бір кітапқа көзі түсіп, қолына алып оқи бастайды. Біраз уақыт өткен соң кірпіш қайта-қайта бір сөздерді ішінен айтып қабырға бойымен әрі-бері жүгіре береді, жүгіре береді. Өзінің кірпіш екені енді ғана есіне түсті.
Сонда оқығаны «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!» деген өлең жолдары. Жүгіріп жүргенінің себебі- құрылысшылар қабырғада кетік қалдырмай қалап кетенінде екен.
Әрі қарай

«Мәңгіліктің роктың» екінші фондағы бас кейіпкерлері



Рок-н-роллдың жілігін шағып, майын ішкендер «Мәңгілік роктың» етін сүйегінен ажыратып баға-пайымдауларды беріп-ақ жатқан тұста, аталған жанрды ара-тұра ғана тыңдайтын, ойындағы азды-көпті ақпараты шаң басып жатқан дилетанттың пікірі оқырманға қаншалықты қызықты боларын білмедім, алайда, хэви-метал мен хард-роктың глэм-металға қандай қатысы бар екенінен шала-шарпы хабардар жұртшылық үшін рецензия зиянсыз болар деп шештім.
Әрі қарай