Апамның өлеңінің бағасын-ай немесе өмірдегі өз бағаң қандай?

Саябақта отырған едім. Қасыма бір қартаң апа келді. Пакеті бар қолында. Біраз уақыттан кейін, онысынан бір кітап алып шықты. Маған ұсынып:
— Қызым, мына кітапты оқи отыр. Өзім – ақынмын. Мынау менің шығарған өлеңдерім. Ұнаса, сатып аларсың. Бағасы – 1000 теңге, қарғам, – деді.
Қайта айналып келетінін айтып, кетіп қалды апам.
Қолымдағы жұқа кітапты парақтап көріп едім, ылғи арнау өлеңдер екен. Отан, махаббат, туған жер, ел деген тақырыптарға жырлаушы еді ақындар. Ондай өлеңнің қарасы көрінбейді. Тым болмаса бір шығармасын оқиыншы деп, бір бетін ашып қалып едім, «Санаққа» деп тұр екен. Ондағысы:
«Санақжан, санақ едің санағанға...» деп басталады екен. Апамның ақындық арынын байқай қойдым да, кітапты жаба салдым.
Хм… 1000 теңге…

P.S.
Санаулы күн,
Санаулы ай,
Санаулы жыл.
Санай жүріп самайлар ағарды кіл.
Уақытты не пайда санағаннан,
Алатұғын өмірден бағаңды біл.

Қанша күнің
Санап көр текке кетті?
Қанша жанды
Санап көр өкпелеттің.
Адамдықтан адасып қаншама рет,
Қаншама рет ауытқып шетке кеттің?

Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің?
Қанша жанның жүзіне шуақ септің?
Қаншама рет қуанып бардың-дағы,
Қанша адамның алдынан жылап кеттің.

Ал, қанеки,
Санап көр, санағышым!
Сарқылмастан тұрғанда сана-күшің.
Не жақсылық көрсетті адам саған?
Не жақсылық жасадық адам үшін?

/Мұқағали/
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
өзі сатып жүргеніне қарап ақ бағалауға болады ғой қандай кітап екенін
Abilakim
«Санақжан, санақ едің санағанға...»

)))Өлеңнің толық мәтінін сұраймын
a63a1
«Санақжан, санақ едің санағанға...»
Бір-ақ рет беріледі жан адамға.
Лейкопластырь жабаыстырар қанағанға.
1000 теңгеңді бер қызым кітап алда
Сосын тайып тұрарсың жан аманда — делінген екен
zholantai
бағасы зор екен, )))
қандай өлең тұрмақ Жұмекеннің көзі кеткеннен кейінқазақ ақындарына өлең жазудың өзі бекер боп қалды деп ғана білемін,