Біздің чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондар
Ия, Лондон Олимпиадасының чемпиондарына бас имейтін қазақ жоқ шығар. Не деген бақыт Құдай-ау! Құдайға мың шүкір, осындай жарқын жетістіктерге куә қылған біздерді. Бұл күнге жеткен де бер, жетпеген де бар білеміз. Кім қуанбай жатыр, кім мақтанбай, кім мадақтамай жатыр біздің Олимпиада қаһармандарын?! Құдіреті биік көк байрағым көкке көтерілгенде, айбыны асқақ Әнұраным шырқалғанда жүрегім жарылуға шақ қалып, көздің жасы мөлт-мөлт етіп тоқтаусыз ағады. Бақытымызды тасытты ғой, тасытты жұдырықтай жүректері елім деп соққан Зулфия мен Майя қыз, Светлана мен Ольгалар һәм Илья мен Александрдай ағамыз. Олар нағыз қаһармандар. Ел тарихында алтын әріппен аты қалатын құрметтілер!
Ел намысы үшін жан алысып, жан беріскен текетіресте қалай өнер көрсеткенін таңдай қағып тамашаладық. Салмағын екінің бірі еңсере алмайтын зілтемірді бойынан асырып, қалт етпей биік ұстағанда талай рекордтарды жаңартып, қуанышымызды еселей түскен қыздарымыз бен Екі Дүркін Олимпиада чемпионы атанған Ильямызды қалай мақтасақ та, қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Талай биікті бағындырып, Олимпиада алтынымен спорттағы мансабына нүкте қойған Винокуров пен Ольга апасының жетістігін 12 жылдан кейін қайталаған Ольга Рыпаковалар абыройымызды тасытқан абзал азаматтар. Біз мақтанамыз осылайша, олар қалай елді сүйсе, біз оларды миллион есе құрметтейміз. Олар біздің патриот тұлғаларымыз. Ильяның отансүйгіштігіне тәнтімін. Былтыр ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын білесіздер. Сондағы киімі 20 жылдыққа арналған болатын, ал күні кеше жарысқа шыққанда, ел байрағының үлгісін үстіне қондырыпты. Одан сайын тартымды көрінді дүркін-дүркін чемпион атанғанда. Көңілімізден кетер емес, шат-шадыман күйге бөлегені спортшыларымыздың. Ұйқыдан қалдық, «алтын», «алтын» деп ұрандап. Ал, кешелі бері «Илья батыр елге келеді, күтіп алайық жиналып!» деп твиттерлік ағайынның алақайлап жатқанын көріп, әттең Алматыға жол тартсам ғой деп армандаймын. Тарихи сәтті көргім келеді көзбен, сезінгім келеді алып чемпионның елге келгендегі сезімін. Бірақ жаңалықтан, интернет порталдардан қалт жібермей көру бақытын ғана қанағат етемін.
Құрметті алматылықтар, құрметті достар, ел еркесін күтіп алу рәсімінен қалмауға тырысыңыздар. Чемпиондардың әр қазақтан құрмет көргені артық етпейді. Ал, біз ауылдағы ағайын оларға рух сыйлауға алаңға шығып, қолдау көрсететін боламыз.
Ел еркелері елге аман-есен оралсын деп Алладан ақ жол тіледік!
Чемпиондардың жеңісі басқа спортшыларымызға жұғысты болғай! Алтын көбейсін!
Әрі қарай

Алтыншы алтын!

Өскемендік Ольга Рыпакова Қазақстанға алтыншы алтын медалін сыйлады! Құтты болсын ағайын.



Бүгін Лондондағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден жарысқа түскен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 14,98 метр көрсеткішпен Олимпиада чемпионы атанды.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қатарынан үш рет секіруден үшінші мүмкіндігінде 14,79 метр қашықтықты бағындырып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын салды.
Әрі қарай

Мұз айдынында

Осы жұма сіңілім «Конькимен мәнерлеп сырғанау» тобын аяқтады.
Өзім конькимен сырғанауға BlogCamp 2011 — де бірінші рет барған болатынмын. Содан ұнап қалғаны соншалық, үйге келіп алып барлығын айналдырып 22-ші наурызды мерекелік концерт болып жатқан алаңда емес, мұз айдынында өткізгенбіз. Сол кезде сырғанай алмаймын деп қорықып, мұзға жақындамай қойған сіңілім бүгінде сырғанаудан профи
Суреттер сөйлейді: Мұз айдынында

Ал енді назарларыңызға «Балалардың конькимен мәнерлеп сырғанауынан» фоторепортаж!
Әрі қарай

Соқ, соқ, соқ!

Бейбіт Қорғанның жаңа бейнебаяны өткенде жарияланған бір тақырыпта, таба алмай қалдым. Тыңдап, боксшыларымызды қолдай отырайық.
Әрі қарай

Tuzep beringderxi mina terkespen, sozderdi, rahmet.

Salem, bawerlar.

men tomende selauyansha text jazam soni tuzep, duristap jazip beringizderxi, rahmet. koxirip, sol kuyinde jondey salsangizdar boldi…

1. Ассаламуғалайкұм, құрметті оқырмандар! ел-арна торабы қазақ тіліндегі ақпарат-йнформатсиа, газет-журналдар жане жаңаліқтармен қамдаушы ең ұлкен тор жұйесі. Бұл торда қазақстандағы 30 дан астам ең ұлкен, ең ықпалды ақпарат-йнформатсиа қамдау жұйелерімен арналарының әр кұн, әр сағаттағы сылауиан арпінде жазылған нұсқасынң біздің тоте жазу тұрдегі нұсқасын лезде ауелгі сылауиан нұсқасімен дерлік ұқсас уақыт, бір қадаммен қамдайды. Мазмұндары: алем жаңалықтары, қазақ елі жаңалықтары, газет-журналдар, аңгіме-романдар, спорт жаңалықтары, ислам ақпараты, ғылым жаңалықтары мен қазақ халқының ұлыттқ құндылықтары.

2. қазақ радиосы | шалқар радиосы, астана радиосы

3. Барлық жаңалықтар мен ең ұздік, пайдалы ақпарат қайнары

4. Дұниеде болып жатқан ең соңғы маліметтер осында…

байланыс
қонақ
басбет

негізгі бет
бұгінгі ақпарат
кешегі ақпарат
жерлік іздеу

осы торды сақтаймын! | осы торды бас бет етемін!

біздың байланыс телефондаріміз:
бас бет | қазақ елі жане дұние жаңалықтары | ел-іші жаңалықтары | спорт жаңалықтары | журналдар | газеттер | ислам | радиолар | телейзорлар | қонақ даптер | жалғанымдар

5.
ақпараттар
хабар агеніттігі(Khabar.kz) ақпараттары
Bnews.kz жаңалықтары
CaspioNet.kz жаңалықтары
қазақпарат(Inform.kz) жаңалықтары
қазақстан арнасы хабарлары
Altaynews.KZ жаңалықтары
газеттер
егемен қазақстан газеті
айқын газеті
алаш айнасы газеті
тұркістан газеті
замана газеті
ана-тіл газеті
даламен қала газеті
халық сөзі газеті
журналдар

қазақ адебиеті журналы
жулдыз журналы
мөлдір-бұлақ журналы
ақиқат журналы

ислам ақпарат
қазақстан мұфтиат ақпараттары
«ислам жане оркениет» газеті
қазақстан Sunna.kz ақпараттары
басқа ақпараттар
намыс ақпарат арнасы
«аламан» спорт газеті
еліміз ақпараты
тәңіртау жаңалықтары
халық торабы жаңалықтары
қазақ адебиеті журналы
Әрі қарай

Шымкентте "Бекжан" базары өртенді


Бүгін таңда Шымкенттің ірі базарларының бірі «Бекжан» базары өртенді. Өрт себептері анықталуда.

«Базар өртеу мода болып барады. Былтыр „Самал“ базары өртеніп еді» дейді шымкенттіктер.



Сурет және видео авторы: М.Д
Әрі қарай