Алтын қыз Ольга Рыпакова!

АЛТЫНшы алтын!



Ұзындыққа 3 қарғып секіруден 14,98-дік нәтижемен Ольга Рыпакова чемпион атанды!

Алтыннан бастадық,
Алтынмен жалғасты.
Думанды бастаған
Лондонға қарашы!
bk
Бөлісу:

37 пікір

rymbek
Ақтөбеде 10 шақты машина колоннамен сигнал беріп жүр. Адамдар машинаның сыртында, біреулер тіпті джиптің табалдырығына шығып алып есіктен ұстап тұр.
aza
Жұмекен жарықтықтың мына сөзінен де ештеңе қалып жарымады ау, Аршеке… Нұрекең екеуі тартқылап сол)))
asaubota
осы сөзімді біреулер әулиелікке теңеп жүр. менікі Винодан кейінгі сондай тілек еді, тілектер орындалуда, шүкір
Bayan_
Аршат әулие ғана емес, ақын екен
asaubota
Аршеке… Нұрекең екеуі

01-лерге тойыс админдерге болады ондай
asaubota
Отандық өнімнің жеңісі қандай тәттірек, ә? Жарайсыңдар Винокуров, Ильин, Рыпакова!
mercedes
Қазақи өнімнің жеңісі қашан болар екен)) Е бірақ қазақтар алтын ала алмаса қызық болайын деп тұр))
Gulistan
Иншалла, қырандарымыз бар, көрсетеді әлі сендерге!!!
Adiletshu
Бәріне гимн жаттатқызғандары жақсы болды
Daniar-Alan
анда санда ақылды пікір шығад ей сенен
rymbek
Ең бастысы Барон Коеннің елінде болып жатқанын айтшайш. Өздерінше біздің елді мазақ еткісі келіп еді. Жер дөңгелек деген осы
Daniar-Alan
жақсы айттың бырат, жақсы айттың
Nurzika
Біз бақыттымыз чемпиондармен, алға қаһармандар!
Daniar-Alan
тілашар бағдарламасы: чемпион — толағай
Aidakonya
казір Қазақстан нешінші орында тур?
VKM
Германия мен Россия бізден кейін.Бұндай әлі болмаған тарихта.Бірақ алда 6 күн. Түсеміз төмен)))
saginish
Түсеміз төмен)))
бұныңыз не? Мұндай кері тартпа әдеттеріңізді қойсаңыз етті! Керісінше көтерілеміз дейдің орнына, айтып отырғаныңыз мынау!
VKM
туй, реально қарасаңызшы медельдардың таблосын. Мен айтқаннан солай болмайды ғой.
saginish
Қазақстан тек қана алға! Ольга жарайсың!
Abilakim
Құтты болсын! Марсель ағамыз айтпақшы өз қаракөздеріміздің біреуі бір алтын алса екен енді. Әйтпесе мынаның бәрі түкке татымай қалады шын мәнінде.
VKM
Сіз Ринатты бір олимиадалық спорт түріне беріңіз, бәрі берсін балдарын-сонда қаракөздер чемпион болады!
alisha
Кеше осыны талқылап қойып ек үйде… Диасты қайда берсек болады деп…
Бірақ әкесінің жаттығу залынан алған әсері онша емес. «Денем тітіркеніп кетті. Өңкей сақалдылар екен. Өз қолыммен апарып табыстағандай болам-ау соларға» деп қалды.
Adiletshu
Ауыр атлетикаға беріңдер
alisha
Біздің Атырауда ауыр атлетика мектебі аса бір қалыптаспаған. Дзю-до немесе тхэквондо… бокс та жақсы… бірақ пробитый боксер болғанын қаламаймын Ағам бокспен айналысады, бірдеңе болса «Мы пробитые боксеры» деп шыға келеді
Zhan
Ольганы "Қазақстан" арнасынан алтын алуға мүмкіндігі бар деп айтып жатты. Ішімнен алтыншы алтынды осы әкелсе екен деп тіледім. Ольганың Лондон олимпиадасынан бұрын да неше жеңістерін әскери газетімізге үзбей беріп жүретінбіз. Бүгін таң ата ФБ пен «Керекті» ашсам алтын қыз алтыншы алтынды қоржынға түсірген екен. «Жарайсың!» деп қуанып кеттім. Жұмыста бір ағай естімеген екен, алтыншы алтынды Рыпакова алды деп бір қуанысып қалдық.
VKM
Біз бүкіл аэропорт болып, түнімен бір-бірімізді құттықтап жүрдік)
Gulistan
Жұмыста да ерекше көңіл-күй…
konvict
Мерейімізді асырған Олимпиада болды бұл.
Gulistan
Ольга Шишигына алтын алатын 2000-жылдары халық "ұйқыда" болған сияқты. Ол кездері биылғыдай толқын, серпіліс жоқ, Фейсбук екі бастан.
Менің үйге каникулға келіп жатқан кезім. «Ольга алтын алды» дегенде «Біздерге де алтын береді екен-ау» деген тұман ой сап еткені есімде.
edige
Серпіліс болды… есімде… тек интернет дамымаған кез ғой…
mercedes
Ай сары қыз сары қыз, қазақтарға дәрі қыз))