Жеке шығармашылығымнан

Ағаға

Жанарға қарама қапалы,
Ол да бір пенденің сүйгені.
Күтумен, аңсаумен атады,
Таңдар да беймаза күйдегі.

Іздеме ақ таңнан тұманды,
Өзгеге кеткен ол сыңар боп.
Қайтадан келуі күмәнді,
Есімі қалған тек тұмар боп.
Әрі қарай

Мұратым - болашақтың журналистикасын меңгеру

Мектеп қабырғасында жүрген кезімде, болашақ мамандық туралы мүлдем ойламайтынмын. Ең бастысы сабақты жақсы оқып, ата-ананың үмітін ақтау болды. Мамандық таңдау туралы тек 11-ші сыныпта ғана ойлана бастадым. Бала кезімнен шығармашылық бағытқа жақын болғандықтан, электрондық журналистика мамандығын таңдауға бел будым.
Әрі қарай

Дәрісіз-ақ дертке дауа таба аласыз

Капустаға «Шөп-шалам» деп қарамаңыз

Қырыққабат (капуста) денсаулыққа неғұрлым пайдалы қасиеттерді өзінің бойына жинаған. Мәселен, ағзадағы ауруларға қарсы тұрақты күш береді, бас ауруын басады және ұйқысыздықты жояды.
Қырыққабаттың жас сөлі асқазан мен ішек жарасына дәру. Қырыққабат тамыр, қан ұюын қалыпқа келтіріп, қан кетуден сақтандырады. Тыныс жолдарына оның қайнатпасын балмен қосып қолданады. Ашытқан қырыққабат бауыр ауруларына, асқазан сөлі қышқылдығы төмендегенде пайдаланады әрі қант диабеті мен семіздікке қарсы ішуге пайдасы бар.

Әрі қарай

Теңдессіз 10 мың теңге

Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма жыл толуына орай шығарылған он мың теңгелік банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» аталымын жеңіп алды. Сараптаманы International Bank Note Society(IBNS) жүргізген екен.

Әрі қарай